Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл



бет129/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

Ентігу (duspnoe) – ауа жетіспеудің субъективті сезімі. Тыныс алу қимылдарының тереңдігі мен ырғағының өзгерісімен жүреді. Ентігудің басты себебі болып тыныс алу орталығының тітіркенуі – гиперкапниея, токсикалық заттардың әсері және тағы басқа да себептер болуы мүмкін. Тыныс алу фазасына қарай ентігудің түрлері: тыныс алу қиындаумен жүрсе – инспираторлы ентігу; тыныс шығарудың қиындауы – экспираторлы ентігу, тыныс алу мен тыныс шығарудың бірдей дамуымен болатын ентігу – аралас ентігу. Шығу тегіне байланысты физиологиялық және патологиялық ентігулер болады. Физиологиялық ентігу –шамадан тыс физикалық қимылдарда, психикалық қозуда болады. Патологиялық ентігу – әртүрлі аурулар кезінде: жүрек –қантамыр жүйесінде, тыныс алу жүйесі, орталық жүйке жүйесінің ауруларында болады. Ентігудің ауыр формасы – тұншығу немесе асфиксия деп аталады. Тұншығумен жүретін кенеттен пайда болатын ұстама – демікпе деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет