Досмұхамедов Халел 1883жылы туылған , 1939жылы «халық жауы» атанып түрмеде қайтыс болған. ХХ ғасырдағы қазақ зиялы қауымының жарқын өкілі, Қазақстандағы денсаулық сақтау саласының ұйымдастырушысының бірі, көрнекті саяси және мемлекеттік қайраткер.
1909 жылы Петербургтағы императорлық әскери-медициналық академияны үздік бітірген. Еңбек жолын Ресейдің Перм және Орал әскери гарнизондарында әскери дәрігер болып бастады. 1914 ж Орал облысы Темір уезінде аймақтық дәрігер болып, обаға қарсы күреске белсенді қатысты. Осы кезеңде «Қырғыз(қазақ) тұрғындары арасында обаға қарсы қалай күресу керек?» деген еңбегі жарық көрді. Досмұхамедовтың қаламынан қазақ тілінде «Адамның тән тірлігі», «Табиғаттану», «Жануарлар» атты оқулықтар басылымнан шықты, Ю.Вагнердің «Рассказы о жизни и здоровье человека», «Рассказы о жизни расстений» еңбектерін қазақ тіліне аударып басып шығарды. Өз еңбектерінде ол қазақ тіліне көптеген медициналық терминологияларды енгізді. Халел Досмұхамедов 1924 жылы Ресейдің ғылым академиясының орталық бюросының мүше-корреспонденті болған бірінші қазақ. Сонымен қатар профессор Досмұхамедов жан-жақты білікті ғалым болған – филолог, қазақ тілінің синергизм заңдылығын зерттеген, бірнеше тілдерде еркін сөйлеген. Орта Азия баспасы коллегиясының мүшесі, «Сана» журналының редакторы қызметін атқарды.
Х.Досмұхамедов көрнекті саясат және мемлекет қайраткері, «Алаш» партиясы басшыларының бірі, «Алаш Орда» үкіметінің мүшесі В.И.Ленин мен И.В.Сталинмен Москвада келіссөздер жүргізіп Совет үкіметімен ара-қатынас мәселелерін шешіп отырды. Өткен ғасырдың 30-шы жылдары репрессияға ұшырап, «халық жауы» деген атпен түрмеде ату жазасына бұйырылды, 1939 жылы туберкулез ауруынан түрмеде қайтыс болды. Досмұхамедовтың қылмысы болмағандықтан 1958 жылы Совет Одағы әскери Сот коллегиясы шешімімен ақталды.
Телятников Георгий Иванович1978 ж Қазан қаласында туылған, 1908ж Қазан университетінің медицина факультетін бітірген. Терапевт, 1924ж профессор, 1947ж ҚазССР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, 1951ж ҚазССР-нің еңбек сіңірген дәрігері.1933ж Қазақ мемлекеттік медицина институтының факультеттік терапия кафедрасын басқарды. 1938-1951жж ҚазММИ госпитальдік терапия кафедрасының меңгерушісі.