Систолалық шудың диастолалық шудан айырмашылығы: Систолалық шу кіші үзілістен кейін І және ІІ тондардың арасында естіледі, І тон әлсіз немесе естілмейді, жүрек ұшының соққысы мен ұйқы артериясының пульсациясына тура келеді.
Диастолалық шу үлкен үзілісте ІІ және І тон арасында естіледі, жүрек ұшының соққысына тура келмейді. Аорта қақпағының жетіспеушілігінде диастолалық шу протодиастолада басталып, оның соңында азаяды. Сол атриовентрикулярлы тесігінің тарылуында шу диастоланың ортасында (мезодиастолалық) немесе оның соңында (пресистолалық) естіледі.