Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл


Функциялық шулардың органикалық шулардан айырмашылығы



бет194/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

Функциялық шулардың органикалық шулардан айырмашылығы:
1) егер жүректі ұшынан табанына қарай тыңдаса, функциялық шулар
күшейеді;
2)функциялық шу барлық аускультативтік нүктелерде естіледі, ал органикалық шу жүрек ақауларына тән нүктелерінде естіледі;
3) систолалық функциялық шулар қатаң, өзгермелі, науқас шалқасынан жатқанда жақсы естіледі.
4) функциялық шулар күш түскенде әлсірейді, ал органикалық күшейеді.

Жүректен тыс шуларға үлпершек (перикард) үйкелісінің шуы және үлпершек-плевра үйкелісінің шуы жатады.


Үлпершек (перикард)үйкелісінің шуы перикардитте пайда болып, үлпершек беттерінің тегістігі бұзылып адыр- бұдырлық дамиды, өйткені үлпершек беттерінде фибрин жиналады.
Үлпершек (перикард) үйкеліс шуының жүрек шуларының айырмашылығы:
1)үлпершек үйкелісінің шуы жүректің нағыз тұйық дыбыс шектерінің
шектелген аймағында естіледі және басқа жаққа таралмайды;
2) оның естілетін жері жүрек қақпақтарының аускультативтік нүктелеріне тура келмейді;
3) шу естілген жерге фонендоскоппен қаттырақ басқанда және науқас алға қарай еңкейгенде күшейеді;
4)шу тұрақсыз- бірнеше сағат немесе күн ішінде жойылуы мүмкін немесе қайтадан пайда болады;
5) үлпершек үйкелісінің шуы систоладада және диастолалада естіледі;
6)шу тырнаған тәрізді немесе қардың сықыры, кейде қағаз сылдыры сияқты болып естіледі.
Үлпершек-плевра үйкелісінің шуы үлпершек те, плевра да қабынып бір-біріне үйкелген жағдайда пайда болады.Естілуіне қарағанда үлпершек үйкелісі шуын еске түсіреді. Оның айырмашылық белгілері:
1) үлпершек үйкеліс шуы жүректің тынық дыбыс аумағында естілсе, үлпершек-плевра шуы жүректің сол жақ шетін ала естіледі;
2) үлпершек- плевра шуының пайда болуы тыныс алуға байланысты, сондықтан ол тыныс алуды тоқтатқан кезде жойылып кетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет