Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл


Жүрек тамыр жүйесінің аурулары бар науқастардың қосымша тексеру тәсілдері



бет196/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

Жүрек тамыр жүйесінің аурулары бар науқастардың қосымша тексеру тәсілдері:
Артериальды тамыр соғуын (пульс) зерттеу.
Бұл артериалды жүйеге қанның айдалуы нәтижесінде артерия қабырғаларының ырғақты қозғалуы.
Пульс сипаттамасы:
1. Жүректің қанды айдау жылдамдығы мен көлемі.
2. Артерия қабырғасының (эластикасы)тәуелді болу.
Білек артериясынан пульсті анықтау үшін іс-әрекеттер алгоритмі:
1. Білезік буыны тұсынан оң жақ саусақтарыңызбен ұстаңыз.
2. Бірінші саусақтары білектің сыртынан орналастырыңыз.
3. 2-4 саусақтармен ырғақты соғатын сәулелі артерияны сипап сезіп, оны білек сүйегіне басыңыз.
4.Пульс толқындарының сипаттамасын 1 минут ішінде анықтаңыз.
5. Оң және сол жақ білек артерияларында пульсті бір уақытта, оларды салыстыра отырып анықтау керек. Қалыпты жағдайда олар біркелкі болуға тиіс.
6. Пульсті анықтағанда алынған көрсеткіштерді ауру тарихында немесе амбулаториялық картаға жазады. Температуралық парақта күн сайын қызыл қарындашпен «П»(пульс) деп белгілейді.
Пульс минутына 60-70 рет жиілікпен соғады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет