Пульс қасиеттері 1.Ырғақ. Бұл белгілі уақыт интервалынан соң пульс толқындарының қайталануы. Егер уақыт интервалы біркелкі болса- пульс ырғақты.Егер уақыт интервалы біркелкі болмаса –пульс ырғағы дұрыс емес.
Жүрек ырғағының бұзылуы аритмия деп аталады.
а) экстрасистолия- жүректің кезектен тыс жиырылуы.
б) аритмия- жүрек соғуы ырғақтылығының бұзылуы.
2.Жиілік. Бұл 1 минут ішіндегі пульс толқындарының саны.
N 60-80; > 80 –тахикардия, 60-тан кем болса –брадикардия.
3.Кернеулік. Бұл тамыр қабырғасына қанның басу күші. Пульс толқынының өтуін толық тоқтатуға жұмсалатын күш деңгейімен анықталады.Ол қан қысымының өлшеміне тәуелді. Қан қысымы жоғарлағанда пульс қатты немесе кернеулі. Қан қысымы төмендегенде-пульс жұмсақ. Қалыпты қан қысымы – қалыпты орта кернеулі.
4.Толу. Бұл тамырлардың қанмен толуы. Жүректің айдау өлшемімен (яғни, қай тамырларға айдалатын қан мөлшерімен) анықталады. Систола кезінде жүректің жиырылуы күшіне тәуелді, артерияға айдалған қанның көлемімен анықталады. Толық пульс – жүрек жеткілікті қан айдаса айналымдағы қанның көлемі азайса, жүрек жеткіліксіз қан айдаса (қан жоғалса) – бос пульс.
5.Көлемі. Кернеулік пен толымдылық деңгейімен анықталады. Үлкен толымдылығы жақсы, кернеулігі жеткілікті; кіші кернеуі аз; жіп тәріздес PS – әрең сипап сезіледі.