СТАНДАРТ Зәрді тәуліктік диурезге алу және су балансын анықтау Мақсаты: 1. бір тәулікте пациентпен бөлінген зәрді 3-литрлік шыны ыдысқа жинау.
2. тәуліктік диурезді есептеу парағын жүргізу.
Көрсетпе:ісіктер
Жабдықтау: 1. өлшемі бар ыдыс
2. зәр жинайтын ыдыс (3-литрлік шыны ыдыс)
3. этикетка – жолдама
4. тәуліктік диурезді есептеу парағы
Осы іс-әрекетке байланысты дамитын проблемалар: 1. өз-өзін күте алмауы.
2. іс-әрекетке қарсылық білдіруі
Қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мейірбикенің іс-әрекеті: 1. пациентті жүргізілетін манипуляция туралы хабардар ету және өту барысын түсіндіру.
2. таңертен пациентті оятыңыз және унитазға зәр жіберуін сұраңыз (бұл порция есепке алынбайды).
3. пациентке 3-литрлік шыны ыдыс беріңіз.
4. келесі зәрді сол 3-литрлік шыны ыдысқа бір тәулік бойы бөлінген зәрді жинаңыз (келесі күннің сағат 8:00 –ге дейін жинаңыз).
5. тәуліктік диурез есептеу парағы бойынша ішкен сұйықтықтың көлемін және шығарылған зәрдің мөлшерін анықтаңыз.
6. анықталған нәтижені температура парағының арнайы графаға тіркеңіз.
7. мөлшерленген ыдысты Сан Эпид режимге сәйкес дезинфекциялаңыз.
Ескерту: Қалыпты жағдайда адам ішкен судың 75-80% жоғалтады. Егер бөлінген зәрдің мөлшері 75-80% артық болса, су балансын оң деп есептеледі. Егер бөлінген зәрдің мөлшері 75-80% кем болса, су балансын теріс деп есептеледі.