Емдеу-алдын алу мекемелері.Мед.құжаттамалар,оларды толтыру. Ауру тарихының үлгісі. Емдеу-алдын алу мекемелері-бұл халыққа білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсететін және алдын алу шараларын жүзеге асыратын медициналық мекемелер жүйесі. Атап айтқанда оларға науқастарды стационарлық емдеуге арналған әр түрлі саладағы аурухана мекемелері, амбулаторлық-емханалық мекемелер мен диспансерлер (туберкулезге қарсы, тері-венерологиялық, психоневрологиялық және т.б.) перзентханалар, балалар және әйелдер консультациялары, жедел-жәрдем беретін емдеу мекемелері,шипажай-курорттық мекемелер және т.б жатады.
Емдік пункт-МСБ немесе емхананың құрамдас бөлігі (кәсіпорындарда,құрылыстарда, жоғары және орта оқу орындарында), мұнда алғашқы медициналық көмектен басқа аурудың алдын алу және төмендету үшін жоспарлы санитарлы-гигиеналық әрі емдеу профилактикалық шаралар жүргізіледі.
Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда медициналық көмекті медико-санитарлық бөлім (МСБ) көрсетеді (оның құрамына стационар, емхана, здравпункт, профилакторий кіруі мүмкін).
Емхана-келген науқастарға, сондай-ақ үйде, аурулардың және олардың асқынуларының алдын-алу бойынша емдеу- профилактикалық шаралар жүргізіледі, барлық мамандық дәрігерлері қабылдайды, лабораториялық, диагностикалық және емдеу бөлмелері бар.
Амбулаториянемесе фельдшер-акушерлік пункт (ауылдық жерде) амбулаторияда науқастарды қабылдау тек негізгі мамандықтар бойынша жүргізіледі (терапевт, хирург, стоматолог, гинеколог).
Диспансерлер-диспансерлік әдіспен жұмыс істейтін ерекше мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекеме, белгілі бір аурумен сырқаттанатын адамдарды емдейді (онкологиялық, психоневрологиялық, туберкулез және т.б.)
Жоғары квалифицирленген медициналық көмек көрсететін мамандандырылған клиника-диагностикалық орталық (көбінесе ірі көпсалалы ауруханаларда, медициналық университеттерде және т.б.)