Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл



бет320/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   316   317   318   319   320   321   322   323   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

СҰРАСТЫРУ
Шағымдары: жалпы әлсіздік, тез шаршағыштық, бас ауруы, бас айналу, жұмысқа қабілетінің төмендеуі, қан аздық (анемия) мен гипоксияның дамуы. Бұл жағдайды демікпе, ауа жеткіліксіздігі, жүректің қатты соғуы, жүрек ұшы аймағында шаншып ауырсынумен түсіндіруге болады. Ең жиі кездесетін шағымдары: дене қызуының жоғарылауы-гемолитикалық анемияда субфебрильді немесе тәулік бойына ойнап тұратын өте жоғары қызба жедел лейкоз ауруында болады. Қызба қанның пісіп жетілмеген жасуша элементтерінің ыдырауынан пайда болған заттардың пирогендік әсеріне, сонымен қатар екіншілік инфекцияның қосылуына байланысты болады. Лимфогранулематоз ауруына толқын тәрізді қызба тән. Лимфогранулематоздың жиі болатын белгілеріне эритремия жатады, ал созылмалы лимфолейкоздың белгісі – тершеңдік және терінің қышуы.
Темір жетіспеушілік, В12- жетіспеушілік анемияда науқас тілінің күйдіруіне, тәбеттің бұрмалануына және қалыпты емес иістерге құмартушылыққа шағымданады.
Геморрагиялық диатез кезінде – науқастардың ең жиі кездесетін шағымдары – қызыл иектің көп мөлшерде қансырауы, мұрыннан жиі қан кету, әйелдерде етеккірдің көп келуі, теріде және кілегей қабықтарда әр түрлі геморрагиялық бөртпелердің және петехиялардың, экхимоздардың, көгерулер мен гематомалардың болуы.
Бұл белгілердің барлығы қан ұюға қатысатын факторлардың бұзылысынан болады.
Сүйек миының жасушаларының пролиферациясымен жүретін лейкозда, миеломдық ауруда науқастар сүйектердегі ауырсынуға, және көк бауыр мен бауырдың үлкеюінен оң және сол жақ қабырға астында болатын ауырсынуға шағым айтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   316   317   318   319   320   321   322   323   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет