Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл



бет319/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

Геморрагиялық синдром. Геморрагиялық синдромның Баркаган бойынша 5 типі бар:
1)Қанағыштықтың гематомалық түрі

  • тері астына, бұлшық ет арасына, буындарға, апоневроз астына, шажырқай іш астары және ішектің кілегей қабатының астына, дәрі еккен орындарға көлемді қан құйылулардың болуы:

  • кенеттен зақымданудан кейін, операциядан кейін, тоқтаусыз қан кетулердің болуы (асқазан-ішектен, жатырдан, мұрыннан т.б.) бұл гемофилиямен ауырған адамдарда жиі кездеседі.

2) Нүктелі дақты түрі

  • ұсақ нүктелі ауырмайтын геморрагиялар;

  • оң манжетті сынама;

  • жиі менаррагиялар, мұрыннан қан кету, қызыл иектің қанағыштығы (бұл тромбоциттер патологиясында кездеседі);

  • тромбоциттердің азаюы-тромбоцитопения, функциясының төмендеуі-тромбоцитопатия деп аталады.

3)Аралас немесе петехиялы-гематомалық түрі:

  • жасушада, ішкі ағзаларда, шажырқайда және серозды қабаттардың астында гематомалар болады;

  • буындар сирек зақымдалады;

  • көлемді қанталаулар;

  • көптеген петехиялар;

  • түрлі ағзалардан тоқтаусыз қан кетулер (бұл тамырішілік шашыранды қан ұю синдромында болады);

4)Васкулитті - пурпуралық түрі

  • геморрагиялық бөртпелер (дененің көгергені) көбінде аяқтардан басталады, симметриялы түрде, көгерген жерлері бірдей, нүкте сияқты болады, басқанда жоғалмайды, сипағанда тері үстінде сәл білініп тұрады, кейін орнында дақ қалады. Жайылып кетсе, екі қолда, денеде де кездеседі.

  • жиі аллергиялық инфекциялы-токсинді көріністермен қосарланады (есекжемде).Квинке ісінуінде, қызбада, ревматоидты артритте, спленомегалияда болады.

Шағымдары:қан кету, көгерген дақтар, қан құйылулар, петехиялар теріде және кілегей қабаттарда, буындарда ауырсыну, іштің ауырсынуы.
Қарау кезінде:жағдайы өте ауыр болуы мүмкін, көгерулер, ауыз қуысында –қан құйылулар, қызыл иектің қанағыштығы, анкилозға дейін буындардың ісінуі, қозғалысының шектелуі, бұлшық ет атрофиясы буын қызметінің шектелуіне байланысты.
Пальпацияда:лимфа түйіндерінің, бауырдың көк бауырдың (лейкозға байланысты)үлкеюі, пульстің жиілеуі.
Перкуссияда:жүрек, бауыр шекараларының үлкеюі.
Аускультацияда:тахикардия, жүрек ұшында және өкпе артериясында систолалық шу, плевра үйкеліс шуы, өкпеде сырыл және крепитация (геморрагиялық бөртпелерге байланысты).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет