Іскерлік өмірдің этикалық мәселелері. Бизнес этиканың ғылым ретінде қалыптастыруы


Билік пен бағыну этикасы микроэтиканың басты мәселесі ретінде: тұрмыстық стереотиптер, корпоративтік стандарттар, басқару практикасы



бет3/11
Дата17.12.2022
өлшемі35,51 Kb.
#163071
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
академия 1-20
Құндыз мына заман кай заман қмж, 508767, мек п 12апта Темирова
Билік пен бағыну этикасы микроэтиканың басты мәселесі ретінде: тұрмыстық стереотиптер, корпоративтік стандарттар, басқару практикасы

Басшының мәдениеті өзіне олар атқаратын күрделі және алуан түрлі қызметтер жиынтығын бейнелейтін әртүрлі сипаттамалардың бүтін бір спектрін енгізеді. «Мектеп менеджерінің қызметі және мектепті басқару» деп аталатын 2.1-бөлімінде білім саласындағы менеджердің кәсібилігіне қойылатын негізгі талаптар қарастырылған. Осы саладағы дұрыс ұйымдастырудың ерекше маңыздылығын тек аса іскерлік өзара әрекет емес, сондай-ақ, өзара жеке қатынастар, педагогикалық еңбектің жоғарғы стрестілігі, білім беру мекемелерін басқаруда этикалық нормаларды сақтау қажеттігін көрсетеді. Сол сияқты мынаны есте сақтау қажет, өзара қарым-қатынастардың осы нормалары педагогтар мен оқушылардың қатынас үдерісінде көрінеді, бұл байланыс үдерістерге қатысушылардың ниетіне қатыссыз пайда болады. Жалпы білім беру мектептерінде, колледждерде немесе жоғары оқу орындаоһрында гуманистік мақсаттармен оларға сәйкес келетін міндеттердің жариялануы, азаматтық қасиеттерді және жоғары адамгершілік идеяларды қалыптастыруға бағытталған жұмыс жоспарлары жасалуы мүмкін. Алайда басқаларды сыйламау, олардың жеке ар-намысын менсінбеушілік, дөрекілік, өзімшілдік (оның ішінде топтық), жанжалшыл т.б. сияқты педагогикалық ұжымдарда байқалатын жағдайлар, өкінішке орай, тек көптеген оқушылардың арасында ғана емес, сол сияқты қызметкерлердің өздерінде де жиі қалыпты жағдай ретінде қабылданады. Басшының этикасы айқындалғандай, кәсіби (қызметтік) этиканың әртүрлілігін көрсетеді. Басшының этикасы, жалпы адами адамгершілік талаптармен негізгі басқарушылық қағидаттарды (аса кәсіптік) біріктірудің қажеттілігінен тұрады. Бұл, сондай-ақ, басқарушының адамдар, тұлға мен топпен ұжымның, ұжымдар арасындағы өзара қарым-қатынастың мәнісін және негізгі нормаларын білуді көздейді. Басшылықтың барлық үш классикалық стилі көріністің сипатты түрлеріне ие. Өктемшіл басшыға көрсетілгендей, бет әлпетінің қаталдығы, қатты, бұйрық бере сөйлейтін, өзін топтан бөлек ұстайтын қылықтары тән. Демократиялық басшыға адамдарға үйірлік, сыртынан қарағанда мейірімді, өкімдері өтініш немесе ұсыныстар түрінде, сөз мәнерінде «мен» дегеннің орнына «біз» жүреді. Бетімен жіберу стилінде басшының сыртқы келбеті ештеңеге қатысы жоқ, көрінбейтіндей болуға тырысу, қызметкерлермен қатынаста жағымпазданған түрде болу жатады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет