Қазақ жеріндегі ислам діні және шаман діні
Қазақстанда ислам діні қараханидтер (ХІ – ХІІ ғасырлар) тұсында да едәуір таралуына жол ашылды. Бұл дәуірде діни фанатизм үстемдігі қанат жайды.
Монғолдар шаман дінінде болғандықтан ислам дінінің таралуына кедергі жасады.Кейіннен олардың бұл дінге деген көзқарасы өзгерді, өздері жаулап алған елдердегі мәдениеті жоғары халықтармен байланысы күшейген сайын ең алдымен, көшпелі халықтардың арасында феодалдық өндірістік қатынастар туып, осы қатынастардың иесі феодалдар тобы қалыптаса бастаған сайын, монғолдар ислам дінін қолдауға көшеді. Береке хан (1257-1266) ислам діні қолдайды. Бұл жөнінде В.Тизенгаузен былай деп жазады: «Оның (Береке ханның —А. Х) діні жақсы болды. Ол наным сәулесін сеуіп, мұсылмандық әдет-ғұрыптарды белгіледі, шариғат заңдарын білетін адамдарды қадірлеп, оларды өзіне тартты және өз мемлекетіне қарасты жерлерде мешіттер мен медреселер ашты». 1280 жылдары ислам дінін Туаменгу хан, кейіннен Өзбек хан қабылдады. В.В Бортольдің айтуына қарғанда, монғол жаулап алған жерлердің бәрінде XIV ғасырда ислам діні үстем дінге айналды. Қазақстан жерінде ислам дінін қолдаушылардың саны барған сайвн көбейіп, бұл дін қазақ даласына бірте-бірте тамыр жая бастады.
Ақсақ Темір тұсында ислам дінінің маңызы мұнан да жоғары көтерілді. Осы діннің көмегімен ол өз беделін көтеруге тырысты. Темір балаларына қалдырған өсиетінде былай деп кеткен: «Пайғамбардың ұрпақтары, қауым басылары (ишандар, сопылар), шариғат заңдарын қолдаушылар менің қауымнан қадірлі орын алды.. Оларға менің үйіменің есігі ашық болды. Өйткені олар сарайымның сәні мен салтанатын құрды. Дінге және ғылымға қатысы бар мәселелер жөнінде мен олармен ақылдасып отырдым ».
Темір заманында ірі қалаларда мешіттер салынды. Бұл жөнінде ол тағы былай деді:«Мен қалаларда мешіт салуға салуға бұйрық бердім ... Мұсылмандарға құрбан уағыздарын үйрету үшін әрбір қалалаға дін өкілін тағайындадым ». Темір ислам дінінің идеологиясыын нығайта отырып, ол жерлерде мұсылмандықты уағыздаудың жаңа орталықтарын құруға тырысып, ислам дінін көшпелі халық арасында кең таратуды көздеді.
Қазақстанда ислам дінінің таралуына Әлімхан (1800-1809) тұсында күшейген Қоқан хандығы да септігін тигізді. Осы хандық басшылары өздеріне Қазақстан жерлерін қосып алуды көкседі. Бұл олардың үшін байи берудің жолы еді, өйткені жаулап алған елдерден салық жинауға және сол елдермен сауда жүргізуге мүмкіндік туғызды. Қоқан хандығының мемлекет құрылысы теократиялық құрылысы болды, бұл ел басқарудың ең артта қалған формасы еді. Феодалдық теократиялық құрылыс ел экономикасы мен мәдениетінің дамуына кедергі болып, оның ғасырлар бойы артта қалуының басты себебіне айналды. Осы хандыққа қарайтын халықтың көпшілігі ислам дінін ертеректе қабылдаған өзбектер болатын. Өзбектермен тығыз экономикалық байланысы бар, егіншілікпен шұғылданған отырықшы және жартылай отырықшы қазақтарға ислам діні бастады. Мұның үстіне Қоқан хандығына мұсылман діни мекемелерінің қаптап жатуы да қазақтардың дінді қабылдауына ықпалын тигізбей қойған жоқ.
Орта Азияда бірте-бірте ислам дінінің екі орталығы— Хиуа мен Бұхара қалалары қалыптасты. Қазақ экономика мен саяси жағынан да, сол сияқты дін жағынан да осы орталықтарға тәуелді болды. Ислам дінінің тарауының тағы бір себебі қазақтардың осы дінді ертерек қабылдаған тәжік, татар, азербайжан сияқты халықтармен байланысының күшті болуы. Ислам діні қазақ даласына енген сайын бұл байланыс діни негізде нығая түсті. Ы.Алтынсарин былай деп жазды:«қазақтар ...арабша және татар тілінде намаз оқиды. Қазір қазақтар татарлар мен өзбектерге бұрынғыдан да жақын. Бұл байланыс күшейе түсуде, татар медреселерінде қазақ шәкірттерінің саны азаймады, азаятында емес». Дегенмен қазақ даласында ислам діні жаппай тарай алмады. Мұнда феодалдық қоғам жаңа қалыптаса бастады.
Еңбекші халық ислам дінімен сырттай ғана таныс болғаны болмаса, оны іштей қабылдап кете алмады. Құранның кейбір аяттарын ауызға алып айтқаны болмаса, олардың ішкі мазмұнын жете түсінбеді. «Жетісу қазақтары—деп жазады этнограф Ф.Поярков — құран аяттарымен жете таныс емес. Мұхаммедтің ілімі де оның алласы да қазақтардың басым көпшілігіне жат».
Достарыңызбен бөлісу: |