Ислам діні жалпы дін атаулыдан дара тўрєан жоќ


Ислам дінінің көшпелі халық арасына таралуы



бет3/5
Дата31.10.2022
өлшемі117 Kb.
#155832
1   2   3   4   5
Байланысты:
Қазақ жеріндегі исламның тарауы

Ислам дінінің көшпелі халық арасына таралуы
Мал шаруашылығын кәсіп еткен көшпелі қазақ тайпалары ұзақ уақыт рулық құрылыс жағдайында өмір сүрді. Олардың сол кездегі діни нанымдары мен табыну салттары рухты, ата-баба аруағын, табиғаттың мылқау күштерін қадірлеу, яғни шаман діні еді. Бұл дін алғашқы қауымдық құрылыстың күйреуі және соған байланысты осы процестің діни идеологияда бейнелеуі ретінде ақсүйектер тобы қалыптасқан заманда шықты. Шаман дініне де, ислам дініне де бір құдайға табынушылық тән болды. Ислам діні шамандық діни нанымдарға мұсылмандық сипат беріп, оларды өз бойына сіңіріп алды. Халықтардың ежелден келе жатқан діни нанымдарына икемделу ислам дінінің алғашқы күнінен бастап осы заманға дейін даму тарихынан көрініп келеді. Қазақ даласында да бір құдай идеясы рулық-тайпалық бытыраңқылыққа қарсы күресуге көмектесті. Бұл күрестің діни пішін алуы ол кезде орынды еді. Жаңа дін қанаушы таптарға керекті және пайдалы болды, өйткені ол таптық езгі мен әлеуметтік теңсіздікті—адамдардың бай, кедей болыпбөлінуін жақтады. Ислам діні еркін диқандар, мал баққан кедейлер мен ұсақ қолөнершілерді байлардың-феодалдардың қанауын қолдады.
Ислам діні көшпелі қазақ малшыларының тұрмысына сай келген сияқты, бірақ мәселе арабтар мен қазақтардың тұрмыс салттарының сырттай ұқсастығында емес, олардың қоғамдық құрылыстарының өзгешеліктерінде. Ислам дінінің идеологиясы феодалдық қоғамның қажеттілігіне сай келеді. Қазақ қоғамына әлеуметтік қайшылықтар және мүлік теңсіздігі тән еді. Қанаушы таптарға бұқараны бағынышты ететін күш қажет болды. Мұндай күш—ислам дінінің идеологиясы еді, қазақ байларының рухани талабын қанағаттандыратын дін—ислам діні болды.Жаңа дінді қабылдай отырып, қазақ байлары ол діннің кейбір уағыздарын өзгертіп, оларға ғасырлар бойы өздерінің санасында қалыптасқан ескі діни ұғымның пішінін береді. Мұнымен бірге ислам дінінің өзі де жергілікті діндердің ықпалымен өзгере бастайды.
Ислам дінін насихаттауда мұсылман миссионерлерінің, яғни ислам дінін басқа дінді уағыздаушылардың арасында таратушылардың ролі өсіп отырды. Қазақ даласында араб елдерінен келген ишан, молдалар көбейді. Олар қазақтың көшпелі ауылдарын аралап, құран уағыздары мен шариғат заңдарын насихаттады, діни тақырыптарға жазылған кітаптар таратты. Осы мақсатта мұсылман мемлекеттері саяси, экономикалық, мәдени байланыстарды да пайдпланды. Үшіншіден, халифат мұсылмандары көп жеңілдіктерді пайдаланды, ал пұтқа табынушылар, христиандар, еврейлер және басқа діндегілер қосымша салық төлейтін болды. Ислам дінін қабылдағандар бұл салықтан босатылды.
Ислам діні Орта Азия, Қазақстан және Еділ бойына қашан енді деген мәселе туралы бірнеше пікірлер бар. Кейбіреулердің пікірінше, ислам діні біздің еліміздің оңтүстік аудандарына, атап айтқанда Орта Азия мен Кавказға VII ғасырда тарала бастаған. Екінші біреулердің пікірінше, ислам діні Орта Азия мен Қазақстан жеріне IX ғасырда, ал үшінші біреулер бұл дін Еділ, Кама, Жайық жағалауларына, Башкирия мен Татарияға IX-X ғасырларда неді дегенді айтады. Араб басқыншылары бұл дінді басқа халықтарды құлдыққа айналдыру үшін пайдаланды. Олар көршілес халықтарға қарсы басқыншылық саясатын жүргізді, оларды күшпен өз дініне бағындырды. Араб басқыншылары VIII ғасырда орта кезінде Азербайжан мен Грузия жерін басып алып, Түркістанға, онан әрі Сыр бойына барды. Олар Бұхараны, Ферғананы, Түркістанның бір бөлігін басып алып, Талас өзеніне дейін жетті.
Арабтардың басқыншылық жорықтарын тоқтату үшін оларға қытайлар қарсы шықты. 751 жылы Тараз қаласының маңында болған ұрыстарда арабтар қытай әскерлерін жеңеді. Осы кезден бастап Оңтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар ислам дінімен алғаш танысты. Терістік және Шығыс Қазақстанға арабтар сауда керуендерімен бірге мұсылман миссионерлер жіберіп отырды. Олар Енисей жағалауларына дейін барды. Ислам діні араб басқыншыларының езгісіне душар болған халықтардың экономикасы мен мәдениетінің дамуына әсер етті. Оңтүстік Қазақстанның кейбір аудандарының халифат құрамына енуі түбегейлі әлеуметтік қайшылықтар жағдайында өткен феодалдық қатынастардың дамуын жылдамдатты. Феодалдық қатынастардың нығаюы өндіріс күштерінің дамуын қамтамасыз етті. Ауыл шаруашылық өнімдерінің өсуі сауданың онан әрі дамуына, сауда орындарының өсуіне себеп болды. Осының негізінде қалалар көбейіп, олардың өлкенің экономикалық және мәдени өміріне ықпалы күшейе түсті. Ислам діні бытыраңқы қазақ тайпаларының бірігіп, феодалдық мемлекеті құру тілегіне сай келді және феодализм принципіне негізделген қоғамдық құрылыстың жаңа түрінің нығаюына көмектесті. Х—ХІІ ғасырларда рулық –патриархалдық, томаға-тұйықтылық бірте-бірте ыдырап, феодалдық қатынастар қалыптасты, осыған орай ірі саяси бірлестіктер пайда бола бастады. Қазақ қоғамының дамуының объективтік сипаты феодалдық қатынастар формасын алды. Мұндай қатынастардың дамуы бірнеше ғасырға созылды. Жерге алғашқы қауымдық меншік бірте-бірте феодалдық меншік формасын алды. Жаңа діннің таралуы осы уақыттан басталады. Бұл дін алғашында жер шаруашылығын кәсіп еткен диқандар арасында тамыр жайды. Түркістан қаласы қазақ хандарының әкімшілік – шаруашылық орталығы болумен бірге діни орталығы да болды. Мұнда мешіттер салынды, қазақ байлары арасынан қажыға барушылар көбейді . Жаңа дін байлар мен феодалдар тарапынан қолдау табады. Өйткені олар бұл дін енбекшілерді қанауға қажетті рухани құрал екендігін түсінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет