Ислам діні Қазақ жеріндегі ру-тайпаларының негізгі діні.
Темір тарихшыларының бірі Ибн-Арабшах «көшпелі халық осы күнге дейін пұтқа табынады» деп жазды. Қазақтардың пұтқа табынатындығы XVI ғасырдың соңында жазылған «Зияад-Кулуб» («Жүрек сәулесі») деген еңбекте де айтылады. Сөйтіп, қазақ жерінде қос дінділік — тәңірге табынуға негізделген шаман діні мен ислам діні құрып та кетпей, терең тамыр да жая алмай қатар жүріп отырды.
Неліктен ислам діні қазақ даласына терең тамыр жая алмады? Біріншіден, қазақ рулары мен тайпалары бытыраңқылығы бұл діннің таралуына кедергі болды. Қазақстанда біртұтас феодалдық мемлекет қалыптаса алмады. Қазақ тайпакларының бытыраңқылығы мен алауыздығы, көршілес халықтармен берік экономикалық және мәдени қатынастардың болмауы жаңа діннің орын теуіп нығаюына мүмкіндік бермеді. Екіншіден, қоғамдық ұйымның рулық-патриархалдық түріне негізделген тұрмыс салты монотеистік дінді қажет етпеді. Өлкені мекендеген халықтың басым көпшілігі рулық-тайпалық одаққа бірікті. Үшіншіден, көшпелі мал шаруашылығына негізделген рулық-патриархалдық дәстүрлердің сірі жандылығы моно теистік діннің таралуына кедергі болды.
Ислам діннің таралуы феодалдық өндірістік қатынастардың туып, қалыптасу және саяси аренаға жеке қазақ феодалдарының шығуы дәуірінен басталды. Біріккен феодалдық мемлекеттің қалыптасуы қоғамдық өмірдің нығаюына жол ашты. Тайпалар арасындағы алауыздықтардан туған қанды қақтығыстар тоқталды, еңбекшілердің басына төнген қиыншылық, қауіп-қатер азайды, олардың тұрмысы жеңілдене бастады. Халық санасында бейбіт өмір сүру мүмкіншілігі жаңа дінмен байланыстырылды.
Осылай VIII ғасырдың орта кезінен бастап Орта Азияға Қазақстан жеріне араб басқыншыларымен бірге келген ислам діні, ХІХ ғасырға дейін бірнеше дінді ығыстырып, қатар жүре отырып Қазақстан жеріндегі ру-тайпалардың негізгі дініне айналды. Осы уақыт аралығында Қазақстан жерін мекендеген мемлекеттердің де мемлекеттік діні болып саналды. Мысалы, Қарахан мемлекеті, Алтын Орда және т.б.
Ислам дінінің пайда болуы және дамуындағы тарихи әлеуметтік, мәдени саяси жағдайлары.
Басқа да барлық дүние жүзілік діңдер сияқты Ислам дінінің де өзіңдік ұзақ тарихы бар.Ол тарих дүние жүзілік әлем тарихымен ұштасып, жұптасып, шымдасып жатады.Бірақ, ислам дінінің шығу дәуіріне, уақыт талабына, оны ұстанған халықтардың тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрпына байланысты, психалогиясына, көніл күйіне қарай өзіндік ерекшеліктерінің бар екенің аңғарғанымыз жөн.
Ислам діні-дүние жүзілік діңдардің ішінде ең кеш шыққан жас дін. Ол біздің заманымыздың VII ғасырында Аравия түбегін мекендеген тайпалар алғашқы қауымдық қатынастардан таптық қатынастарға көше бастаған кезде құл иеленушілік идеалогиясы ретінде дүниеге келді. Тарихи деректерге әдеби аңыздарға сүйенсек, Ислам діні Аравиядағы Хиджас өлкесінің ең ірі қаласы-Мекккеде шықты. Аравия елі бірқатар бай елдердің орталығында болды.
Олар:Рим, Византия, Египет, Иран, және басқа елдер бір-бірімен сауда қатынасын жасаған кезде Аравия жерін басып өтетін, осыған байланысты Араб феодалдары жер иелері болуымен бірге, құл жұмсаудан, құл сатудан орасан зор табыс түсіріп отырды.
Сонымен бірге Мекке ерте уақыттан бастап-ақ діни орталық болып саналатын. Мекккенің орталығындағы Зәзәм су сөзі, оның жанындағы ”Әулиелі қаратас“ Қааба Храмы көшпелі бадауиелердің өз құдайына табынатын орны балды. Бұл кезде әрбір рудың өздерінің рулық құдайы болды. Олардың бейнесі Қаабаның мандайына орналасқан болатын.Кейбір мұсылман аңыздарында Кааба мен Зәмзән су көзін Ибрагим пайғамбар мен оның ұлы Исмаил салған деген деректі де кездестіреміз.
Меккенің орналасқан жері егін шаруашылығымен де, мал шаруашылығымен де айналусуға қолайсыз болатын.Сондықтан меккеліктер шамаларына, қолдарындағы қаражаттың мөлшеріне қарай Мекке шонжарларына сауда керуендеріне қосылатын. Тез дамыған сауда алғашқы қауымдық қоғамның ыдырауын тездетіп, тайпалардың тайпалық одаққа бірігуін қажет етті.Оны қуаттайтын көп құдайға сенудің орнына бір құдайға сенудің уағыздайтын діни идеалогия керек болды. Сол сияқты Аравия жеріндегі алғашқы монотеистік дін-ханфизм-бытыраңқы араб тайпаларын біріктіруде көптеген үстем болып келген политеизмге /көп құдайлық/ пұтқа табынушылыққа қарсы күресті. Тайпалық көп құдайлардың орнына тек бір құдай рахманға жалбарыну керек деп уағыздады. Бірақ синифистік діни ілім Меккеде де, басқа жерлерде де қолдау таппады. Әлеуметтік-эканомикалық теңсіздікке қарсы күреске шыққан арап қоғамының жарлы, кедей көпшілігі сагуктар ханифизмнен көксеген мақсатын көрмеді. Өйткені бұл діни идеологияның үйретуінше анық өмір, шын бостандық о дүниеде ғана, бұл дүниенің қызығы жоқ, өткінші деп уағыздады. Ақыр заман боладыдан басқаға шақырмаған ханифизм езілгендер мен қаналғандар арасында қарай алмады.
Бірақ, Ханфизм Ислам дінінің идеологиялық алғы шарты болды.Жаппай, жалпылама уағыздан гөрі құдайды адамдар арасына жіберген өкілі (расул алла)бар деу арқылы монотеистік дінді уағыздау ұтымдырақ еді. Ол өкілдің ролін меккелік орта саудагер Мұхаммед атқарды. Құранның пайғамбарлық сүрелерінің мазмұнына қарағанда, Мұхаммед Ханифтер табынан, шыққан. Ол 610 жылы жаңа дінді уағыздай бастады.Бірақ Мұхаммед пен оның серіктерінің араб тайпаларының діни сенімдері мен ұғымдарына өзгеріс енгіземіз деген ойлары Меккеде сәтсіздікке ұшырайды. Меккедегі үстем тайпа басшыларының құғынына түскен Мұхаммед тобы 622 жылы Ясриб (Медине) пайғамбар қаласына көшеді. Оны мұсылман жыл санауының басы Хиджра деп атап, мұсылмандар өздерінің жаңа жыл санауын бастайды.
Ислам дінің уағыздаудың алғашқы жолдары сәтсіздіке ұшырауына бұл діннің әлеуметтік мазмұны тікелей әсер етті. Құлдық, кедейлік, аштық, жаланаштық құдайдың мандайына жазғаны, тәуір өмір о дүниеге барғанда болады, бұл дүниеге көнгіш болған дұрыс деп уағыз айтылған жаңа дін араб қоғамының жырларына, көшпелі бәдауилерге ықпал жасай алмады. Сондықтан да құранның алғашқы сүрелерінде байлықты сынау кездеседі. Бұл мәселелер ру, тайпа шонжарларына тиімді болмады. Қысқасы Меккеде дін тарау үшін 1)Ислам дінінің әлеуметтік тірегі болмады: 2)Меккеліктер үшін политеизмнің сақталуы пайдалырақ болды. Дегенмен 630 жылы Мекке Ислам дінін қабылдауға мәжбүр болды. Бірақ Меккенің мұсылмандар қауымымен келісімге келуінің маңызды себебі бар еді: 1.Ислам дініндегі жалғыз құдай-алла-күреишт тайпысының құдайы болатын: 2.Мұсылмандардың аллаға тағзым ететін орталығы Кааба храмы болды. Бұл жағдай Меккенің жаңа дін үстемдік жасаған уақытта да өз саясатын жүргізуге толық мүмкіндігін сақтады. Осы біз жоғарыда көрсеткен себептердің нәтижесінде Меккенің мұсылмандық орталыққа айналуымен Ислам діні араб тайпаларының басым көпшілігіне тарады.Ф.Энгельстің сөзімен айтқанда, “Ислам дегеніміз Шығыс жұрттарына, әсіресе арабтарға, яғни бір жағынан сауда және кәсіпшіліктермен шұғылданатын қалалықтарға бейімделінген, ал екінші жағынан көшпелі бадауилерге бейімделінген дін”
632 жылы Мұхаммед өлгеннен кейін Мұсылман қауымын Абу-Бекр (632-634) басқарды. Ол Халиф (пайғамбардың орынбасарлары.Өкіметті әскери, саяси және дін жағынан басқарушы адам) деп аталды. Алғашқы үш Халифтың: Абу-Бекрдің, Омардың (634-644) және Османның (644-656) тұсында Мекке-Медина әскери күштері көрші елдерге ауыз сала бастады. VII-VIII ғасыр ішінде арабтар Сирияны, Иранды, Египетті, Солтүстік-Африканы, Пиреней түбегін, Орта Азияны жаулап алды. Араб халифатының идеологиясы ислам діні болды. Арабтардан гөрі қоғам дамуының жоғары сатысында тұрған елдермен қатынас ислам дінінің феодалдық қоғам идеологиясына айналуын жылдамдатты.
Кейіннен ислам діні Үндістан, Африка елдерінің бірсыпыра жерлеріне таралды. Барлық жерде ислам діні қамшының астымен, қарудың күшімен арабтардың жаулау процесінде таралды деу дұрыс болған болар еді.
Қазақстанда, Волга бойындағы халықтар арасында бұл дін бейбіт жолмен миссионерлердің үгіті негізінде жергілікті феодалдардың ислам діни идеологиясынан өз мүддесін қорғай алатын одақтасын іздеу негізінде таралды.
Қазіргі уақытта Ислам діні араб елдерінде, Албанияда, Болгарияда, Үндістанда, Түркияда, Югославияда, Африкадағы Мавритания,Тунис, Марокко, Сомали, Ливия, Занзибар, Алжир т.б елдерінде орын алады. Біздің елімізде Ислам діні Орта Азия республикаларында, Қазақстанда, Азербайджанда, Башқұрт, Татар, Дағыстан республикаларында орын алады. Сұраққа байланысты түсіндіруді қажет ететін ұғымдар:
1. Ислам-ілімге (учение) бағыну, бас ию, нану (покорноть).
2. Мұсылман-алланың нағыз-құлы.
3. Хиджра-жаңаша мұсылманша жыл санауының басы.
4. Алла-күреишт руының жеке құдайы.
5. Күреишт-Мұхаммедтің шыққан руының аты.
6. Политеизм-көп құдайлы дін.
7. Монотеизм-бір құдайлы дін.
Қазіргі кейбір статистикалық әрекеттерге үңілсек дүние жүзінде мұсылмандардың саны 1 миллиард адам екен.
Ислам дінінің әдет-ғұрпы,мейрамдары,догмалары негізгі бағыттары
Ислам діні әдет-ғұрыпқа‚мейрамдарға толы дедік біз жоғарыда.Ислам дінінің әдет-ғұрыптары мен мейрамдарының көпшілігі тіпті барлығы десе де болады.Ислам дініне дейінгі діндерден алынған, ислам дінінде оларға жаңа әлеуметтік сипат және мән берілген. Кұдайға кұлшылық ету табыну ислам дінінде екі бөлімнен тұрады.
1.Міндетті түрде орындалуға тиісті шаралар: Бұған бес парыз /иман, бес уақыт намаз, ораза, зәкет-ұшыр, қажыға бару /жатады.
Шариғат бойынша бұл парыздары мұсылмандар бұлжытпай, мерзімінде орындап тұруға тиіс. Діни уағыз бойынша ”құдай-тағаланыңәмірін орындап,құлшылық еткендер“, яғни намаз оқып, ораза ұстап, қайыр-садақа бергендер ғана “жұмақтың” төрінен орын алады да, ал оларды орындамағандар тозаққа барады ”тозаққа“ барады. Дін иелері,молда-ишандар діни парыздарды, әдет-ғұрыптар мен мейрамдары дінге сенушілердің мүлтіксіз орындап отыруын талап етеді.2-ерікті түрде орындалатын шаралар жатады. Олар уәжіп, сүннет, Мүстахб, Мүхаб, Нәпіл. Соңғы үшеуі / Мустахб, Мухаб, Нәпіл/ қазақтар арасында тарамаған.
Бес парыз деген не? 1 Иман-нану, сену деген сөз, яғни « Бір алладан басқа құлдық ететін күш жоқ. Мұхамад алланың бізгн жіберген елшісі »- дегенге сену.
2. Намаз я –таң, бесін екенді және ясих намаздары болып бөлінеді. Оларды оқұ, ислам дініне вороастризм /ерте иран діні / енген. Араб тілін білмейтін дінге сенушілер намаз сөздерінде құдай атынан айтылатын керемет күш бар деп ұғады.
Ораза /сауым/ ұстау исламға бұрынғы діндерде де болған. Олардың ораза ұстауы күнәға, үш күнде бір, үш айлық т.б әртүрлі болып келген. Рамазан /июль/ айында отыз күн ораза ұс-таудың түбі ертедегі арабтардың шаруашылық- тұрмыс жағдайының қиындығына байланысты туған. Ислам дінінен көп бұрын арабтар жанып тұрған шілдеде күн бойы нәр тартпай көкке қарап, жаңбыр тілеумен болған. Тіршіліктің қамын кешке және түнде ғана ойлап, жетімсіз азық –түлікті тек түнде ғана ішетін болған.“Рамазан ” айының аты арабша “Рамад”- ыстық кез деген мағын.а береді.
Ал ислам діні оразаға жаңаша мән беріп, оның кейбір шарттарын өзгерту мен шектеледі. Оразаның мәні адамдарды бір аллаға құлшылық етуге, тірі өмірдегі жалған өмірге қызықпай, келешек мәңгілік “О дүниенің” қамын ойлауға баулыиды.
Рамазан айында мұсылмандар дін басшыларына жыл сайын жан басына бес қадақтан ақ бидай, немесе оның ақщалай құнын беруі керек. Мұны пітір деп атайды. Айт намазын оқығанға дейін пітір төленбесе, адамның отыз күн ұстаған оразасы зая кетеді. Онымен бірге рамазан айында түнде ымырт жабылғаннан кейін ислам дінін дәріптейтін “тарауық” намазы оқылады.
Дін иелері ораза ұстайтын Рамазан айын Құран аяттарын алла- тағаланың Мұхаммедке жібере бастаған айы, сондықтан бұл айла барлық тілектер орындалады- мыс деп үйретеді.
3) Зекет- малға, ғұпыр-астыққа салынатын діни салықтар. Кезінде бұлар Мұхаммедпен оның ізбасарларының әскерлерінің жабдықтау мақсатында жиналатын. Кейін дін иелерінің табыс көзіне айналды. Зекеттің мөлшері 40 қодан 1 қой, 30 сиырдан 1тайынша, 5 түйеден 1 қой, жылқы ақшаға шағылып, 40 сомнан 1сом есебінде төленіп отырылуы тиіс. Ғұшырдың мөлшері жиналған өнімнің табыстың 10 паиызы болып белгіленеді. Дін иелері бұл салықтарды уақтылы төлемегендердің мал –мүліктері арм болады, өздері тозаққа барады деп қорқытады.
4) Қажы ( полпмничество) мұсылмандар үшін бірінші парыз. Әрбір мұсылман күші жетсе өмірінде бір рет Мекке мен Мединеге барып, Каабаны айналып, намаз оқып, Мұхамедтін биітіне құран оқып, құрбан шалып, қайтуы тиіс. Сода ғана бұндай адамға қажы атағы беріледі.
5) Құрбан шалушылық араб тайпаларының алғашқы діни ғұрыптарынан алынған. Ерте кезде олар Меккеге келіп, Кааба құрбандық жасаған құдайларынан малдарын аман сақтауды, төлін көбейтуді, егін шығымын жақсартуды сұраған. Кейін келе осы ғұрып жаңа мағынаға ие болды да, Ибрагим пайғамбардың жалғыз баласы Исмайылды алла жолына шалмақ болыпты- мыс деген аңызбен ұштастырылады. Құрбанның мөлшері әртүрлі. Мысалы 1 адамға ұсақмал, 7 адамға сиыр, 9 адамға түйе шалуға ұрықсат етіледі. Құрбандық малы жоқтарға- тауық қаз союға, оларда болмаса ақшалай құдайы беруге ұрықсат етіледі. Құрбандыққа шалынған мал, “О дүниеге барғанда қияметтің қыл көпірінен мініп өтетін пыраққа айналды-мыс”. Ал күнәсі көп адамдар қияметтің қыл көпірінен өте алмай-тозақ отына жанады-мыс.
6)Сүннет екі түрлі. 1.Намазға байланысты орындалады.Өйткені шариғат бойынша намаз парыздан және сүннеттен тұрады.Сүнениттер екеуін де оқиды, ал шиитер сүннәтін оқымайды. 2.Сүннәттің екінші түрі-балаларды сүндетке отырғызу. Молдалар бұл ғұрыпты Мұхаммед пайғамбар өсиет еткен дейді?Ал,тарихы мәліметтерге қарағанда сүндетке отырғызу араб тайпаларында Мұхаммедтен көп бұрын тарағандығын айтады.
Баланы сүндетке отырғызуды алғаш рет діни кәдеге еврейлер айналдырған. Содан кейін ол ислам дінінен орын тепкен, жаңа мазмұн алған.Яғни сүндетке отырғызу дінге сенушіліктің сырт көрінісі мен мұсылмандарды басқа діндегілерден оқшаулайтын және дәріптейтін құралға айналды.
Ислам дінінің бірнеше мейрамдары бар. Олардың дерлік барлығы, оның әдет-ғұрыптары және догмаларымен тығыз байланысты. Солардың ішіндегі кең тараған ораза мен құрбан айттары. Бұл айттардың алғашқы түрлері ислам дінінен көп жылдар бұрын пайда болған және ораза ұстау мен құрбан шалу әдет-ғұрыптарына байланысты орындалып отырылған. Ислам дінінде ораза және құрбан мейрамды жаңа мәнге ие болды.
Ораза мейрамы ораза біткеннен соң Рамазан айынан кейінгі Шаввал айының бірінші күні басталатын ауыз ашу (айт) мейрамы. Бұл мейрам кезінде мұсылманда ислам дінінің талаптарын толық орындауы тиіс. Кімде-кім ораза ережесін бұзса немесе ораза ұстамаса, ол күналары үшін айып тартуы-пітір-садақа беруі керек. Құрбан мейрамы ораза мейрамынан кейін 70 күн өткен соң жасалады. Айт мейрамы күндерінде дінге сенушілердің іс-әрекеті тек дін жолымен ғана өлшенетін өмір нормаларын орындалатынын баса айтамыз. Себебі- догма бойынша бұл күндері әр адам өз бойындағы күнәларынан арылу үшін құрбан шалуы тиісті.
Ислам діні тараған кездерде шариғатқа сүйеніп істелетін халық арасына сіңісті болып кеткен ескілікті әдет-ғұрыптардың басқа да түрлері бар. Мысалы, жеке адам өміріне байланысты орындалатын жанұя тұрмысынан алынған бала туу, үйлену, өлім т.б. құбылыстарымен байланысты мейрамдар мен қайғылы-қаралы күндерді өткізу дәстүрлері.
Барлық басқа да діндер сияқты ислам дінінің әдет-ғұрыптары мен мейрамдары ертедегі адамдардың табиғат күштерімен күрестегі әлсіздігінен туғаны белгілі. Ал кейін келе олардың барлығы таптардың таптық қоғамның, әлеуметтік теңсіздіктің, қанаудың шығуына байланысты ескілікті әдет-ғұрыптар мен мейрамдарды үстем таптық мүддесіне байланысты өзгертіп, өңін айналдырғанын айтуымыз керек.
Әулиелер аруағына табыну өте көне әдет-ғұрыптардың бірі. Бұл мәселенің де әлеуметтік мазмұны, саяси бағытының болғаны мәлім. Себебі: мұсылмандық әулиелер қатарына халифтер, сұлтандар, хандар мен билер, яғни өмірдегі алған орнын ол өлгеннен кейін де дәл айқындығынан аңғарамыз. Сол үшін олардың табытын сақтайтын күмбездер, мазарлар тұрғызу ең алдымен араб жұртшылығында шығып кейін келе бұл діни дәстүр мұсылман дінідегі барлық елдерге тараған. Бұл сияқты ескерткіштер, мазарлар, табыттар ислам діні тараған барлық жерлерде орын алады десек, қазіргі Қазақстан территориясында оның мәні мазмұн-мақсаты өте жоғары. Мысалы- Қазақстан жеріндегі ерте дәуірдегі ірі қалалар Тараз, Сайрам, Түркістан т.б. көптеп саналатын әулие жерлер мен орындардың өзі осы ойымыздың айғағы деп түсінуіміз керек. ”Сайрамда бар Сансыз баб, Түркістанда Түмен баб, Отырарда Отыз баб, ең үлкені Арыстан баб“-деген сөздер халыққа аңыз болып тарап кеткен. Бұл мазарлардың әсемділігі, көріктілігі, сонымен бірге олардың о дүниеден хабар беріп тұрғандай сұстылығы қарапайым дінге сенушілердің психикасына белгілі мөлшерде әсер етіп, олардың құдірет күші дегенде нанымын арттыра түседі. Сондықтан да өзінен-өзі түсінікті ақиқат-дінге сенушілер өздерінің өмірін, оның қуанышы мен қайғысын, азабы мен бейнетін, қайғы-қасіретін алла ісі деп түсінеді.
Сонымен бірге ислам дінінің алғашқы шыққан уақытынан бастап-ақ, оны қостаушылардың және қарсы жақ өкілдерінің арсында түсініспеушіліктер болғанына тарихтың өзі куә. Соның нәтижесінде ерестік, еркін ойлық пікірлердің қалыптасуы, әлеуметтік-саяси қайшылықтардың шығуы, ресми, табиғи ислам дінінің суннизм және шиизм сияқты екі бағыттың дүниеге келуін, ықпал үшін күрестің әсері деп білуіміз керек.
Суннизм- қоғам дамуының талаптарына байланысты үстем тап қажетін өтеуге құрандағы догмалар жеткіліксіз болды. Сондықтан заман ағымына қарай адамдардың өзара қатанасын, халифтің ірі феодалдың ісін растайтын Мұхаммед пайғамбардың тірі кезінде айтқан сөздері, жарлықтары, істеген істері, дағдылары туралы қасиетті аңыздар деген хадистер жинағы е сунна шықты. Сунна жекелеген топтардың үстем топтардың мүдделерін қорғауға арналды. Біріне-бірі қайшы келетін хадистердің көбеюі оларды ретке келтіріп, жинақтауын қажет етті. Оның ішінде бізге белгілі алты сүнну жинағы, осы күнге дейін қадірлі деп саналатыны Бұхари Имам құрастырған жинақ ”ас -Сахих“ . Сөйтіп, сүннәні құранмен бердей мойындаған көпшілік мұсылмандар ахль-ас сүннә яғни сунниттер деп аталды.
Шиизм (арабтың ши-партия,топ деген сөз) ислам дінінің алғашқы уақытында ортодоксальды суннизм бағытына қарсы шыққан діни бағыт.Алғашқы шииа партясының, тобының өкілдері төртінші халиф Әлидің (Ғалидің) манайына жиналды.
Әлиге дейін Хаиф болған Осман Ислам дінің саяси себептерге байланысты қабылданған үстемдік етуді көздеген күреишт тайпасының өкілі болатын. Ол Омейядтардың баюын ойлап, қанаудың бірнеше түрлерін шығарды.Ол тек жаулау кезінде қолға түскендерді ғана қанап қоймай, өздерінің рулас, тайпалас туыстарын да қанай бастады. Арабтар наразылығына 656 жылы Османды өлтірумен тынды. Оның орнына Халиф болып Әли келді.
Шииалар халиф болуға Әлидің құқығын басқалардан гөрі молырақ; өйткені ол Мұхаммед пайғамбардың немере інісі, әрі күйеу баласы деп даурықты.
Бірақ халифтікі қолына алуға сириялық Муавияның ойы еді. 660 жылы Муавия Иерусалим қаласында Халиф деп атады. Бұл саяси актіге Әлидің ұлдары Хасен мен Усейн қарсы шықты. Хасан халифтік үшін күресуден бас тартқанымен, оның інісі Хусеин Муавия тобын тақтан түсіру күресін бастады. Бірақ ол өзін қостаған аз ғана топпен Кербала (шөл) деген жерде Муавия әскерлерінің қолынан қаза тапты. Кербала қазіргі уақыттағы шиилардың құдайға табынатын орындарының бірі. Осы оқиғаға байлданысты ел аузында “Алла Алла Алласын, Атың жақсы алласын,
Кербаланың шөлінде,
Асан мен Үсенді
Зар еніреткен Алласың”-деген алласына наразылық білдірген аңыз жырлар осы күнге дейін сақталған.
Кейіннен шииалар Ирандағы мұсылмандар арасында кеңінен тарады. Оған араб еңбекшілерінің феодалдық қанауына араб үстемділігіне наразылығы себеп болды. Қарапайым адамдар Әли мен оның балалары халық бостандығы, теңдігі үшін қаза тапты деп ойлайды. Сондықтан экономикалық , әлеуметтік күресте Әли және оның ұрпақтарынаң атымен байланысты шиизм дүниеге келді.
Шииалар сүннәні мойындағанымен құранмен қатар өздерінің аңыздар жинағы хабарды пайдаланды. Құранға екі “Нұр” дейтін сүре қосты. Ол екі Нұры-Мұхаммед пен Әли.
Шииалар қазір Иранда, Иракта, Иеменде, Кенияда, біздің елімізде Азербайджанда кездеседі.
Сопылық (дәруіштік) –Ислам дінін алғашқы жылдары пайда болған аскеттік ағым-ретінде IX ғасырды пайда болды. Дегенмен бұл бағыттың алғашқы көріністері араб қоғамында VIII ғасырдың өзінде-ақ кездесетін. Ал кейіннен аскеттер киетін күн шаңның “Сүфи” , одан “софылық” деген ат атына байланысты ол сопылық деп аталды. Олардың негізгі мақсаты-шектен шыққан кедейлік, баспансыздық, ауыр экономикалық жағдай, қарапйым адамдардың ауыр халден шығатын жол іздеу керек екендігін көрсетті. Ол жолды олар аскеттік өмірден көрді фотолизм-тағдырға сену, бұл дүние қызығын қабылдамау, жаман-жұман киім кию-алғашқы сопылықтың әлеуметтік саяси қанауға қарсы қойғандары болды. Сопылардың фонатик-діншіл болуды үгіттеуі билік қолдарында тұрған дін иелеріне ұнады да.
Кейіннен сопылар қауымы шығып, оны басқаратындары Шейх деп атады. Беделді Шейхтар өз жандарында оқушыларды ұстайтын . Олар Мюридтер (Мұрт) деп аталатын болды. Сопылар мектебі бірнеше ағымдарға бөлінді. Орта Азия мен Қазақстанда сопылар мектебін Ясевизм, Нақшбандизм сияқты ағымдары орын алды. Сопылықтың ең күрделі түрі Дервишизм, диванизм түрінде қазіргі Тәжікстан аймағында көптеп кездеседі. Бірінші саты-шариғат, яғни мұсылмандық заңды қалдықсыз орындауға тиіс, екіншісі – шариғат, яғни сопы боламын деуші өзін-өзі ұмытыуы керек, еркім бар деп ойламау керек .
Құран туралы, бірер сөз
Ислам дінінің басты уағыздары мұсылмандардың “Қасиетті” – кітабы аталған құранда жинақталып берілген.Ол уағыздар Мұхамедтің аңыздары түрінде айтылады. “Құран” деген сөз қазақ тілінде “оқу” деген ұғымды білдіреді. Құранда арабтардың сол кездегі феодалдық құрылысының идеологиясы жиақталған. Бұл идеология мұсылмандардың азаматтық, қылмыстық заңдары мен әдет-ғұрыптарының негізі болды.Ол қасиетті кітапта егін салған халықтардың әр дәуірдегі өмірінен алынған заңдар мен шежірелердің, ғұрыптар мен салттардың және астарлы сөздердің алуан түрі кездеседі. Мұнда өткен өмір мен болашақ заман туралы аңыздар да толып жатыр.Осындайлыық діни қағида, заңдармен қатар, құранда құдай мен оның пайғамбарлары туралы адамның, жалпы әлемнің жер үстіндегі тіршіліктің жаратылуы туралы да көптеген жорамалдар бар.
Дін құранның негізгі нұсқасы жеті қабат аспан үстінде мәңгібақи сақталады дейді, Әзірейіл періште құранды көктің бірінші қабатынан түсіріп, бір оқиға боларда, не бір жағдай туарда оның үзінділерін Мұхаммедке мезгіл-мезгіл жіберіп тұрыпты, пайғамбар мұны жазып алып отырыпты. Құдайдың берген өмірі, өткендегі оқиғалар мен қазіргі және болашақ оқиғалардың бәрі осы кітапта жазылған. Сол жазудың мазаұнын перілерден қорғап тұрады екен. Құдай сөзі болғандықтан құран-өмірдің шын мәнісіндегі ережесі және кез гелген діндар мұсылман үшін болашақтағы барлық үміттің көзі. Бұған ешкім де ешбір шек келтіруге тиіс емес, өйткені оны құдайдың өзі көктен аян етіп, адамдарға сыйға тартты делінеді. Бұған құранның өзінде мынадай “анықтама” беріледі. Құран дінге сенетін адамдар үшін жөн сілтейтін негізгі құрал және құдайдың адамға деген мейірімділігінің куәсі болып табылады.
Ислам дінінің қазақ даласына тарауы
Ислам дінінің Қазақстанда таралуына Ташкент, Түркістан, Бұхара, Хива сияқты мұсылмандық орталықтардың жақындығы әсер етті. Ақмола облысының бастығы патша үкіметі орындарының біріне жазған хатында “Түркістанның жақындығы, әсіресе онымен үздіксіз байланыс мұсылмандықтың жайылуының басты көзі болып табылады” дейді. Бұхара, Хива, Түркістан қожа-молдалары сауда керуендерімен еріп жүріп дінін уағыздаумен болды.
Дегенмен XVIII-XIX ғасырларда Қазақстан жерінде ислам діні толық үстемдік ете алмады. Қазақтар қожа-молдалар айтатын, олар тарататын үгітке онша бас ие қоймады.Ш.Уалиханов өзінің “мұсылман дінінің қазақ даласында таралуы” деген еңбегінде Мұхаммедтің атында да білмейтін қазақтардың бар екенің, бұл жағдай ислам дінінің қазақ халқының қанына әлі де жете сіңбегенін мысалдар келтіре отырып дәлелденді. Табиғатынан дарынды да ұғымтал қазақ халқы ауылды жайлап бара жатқан татардың дін уағыздарын таратушыларынан ой-пікір және сезім жұтандығынан басқа ешқандай пайда таппайтынын орынды көрсетті.
Патша үкіметі өзінің 1900 жылы 14 наурыздағы арнаулы бұйрығы бойынша ауылдағы діни мәселелерді, мейрамдарды азаматтық право нормаларын басқаруды молдалардың міндетіне жүктеді. Демек, қазақ арасындағы азаматтық, жанұялық мәселелердің барлығын ислам діні өкілдері орындап, атқарғаның көреміз.
Қазақстанда мұсылман дінінің таралуына XIX ғасырдың ақыры XX ғасырдың басында панисламизм, пантюркизм идеяларының насихатталуы әсер етті. Империалистік Россия мүдделері шеттеу халықтарды қанауды, отаршылық, саясаты бұрынғыдан бетер қүшейтуді қажет етті. Бұл жағдай мұсылман дін иелерінің жаңа халифат құрып, кәпірлерге қарсы соғыс ашайық деген үгітін күшейтті. Панисламистер Пантюркистер қанауға қарсы халықтар наразылығын дін туының, діни идеологияның басшылығына алуды, барлық мұсылмандарды Түркияның манайына жиналуы көкседі.
ҚОРЫТЫНДЫ
Діндердің пайда болу, дамуы мен бірге, сол дінге деген кегі көзқарастардың да бой көрсете бастағаның білеміз. Адамзат өз өмірінің қарама-қарсылықты толы, күрделі өмірінде талай ойға шомып, ақыл елегінен дүниені өткізуге тырысты. Соның бірі адамның алғашқы күмәндануы. Бұл неге бұлай? бұл не қайдан шықты? Осы дұрыс па? Немесе басқа бір шешімі барма? т.б. мәселелер туралы ойлана бастады. Сондықтан жабайы адамның басында, діни ұғымдарын орнауымен бір қатарда, сол діни ұғымдардың дұрыс, бұрыстығына бұл сансыз сұрақтарға жауапты бірден таба қойған жоқ. Бұл процесс көптеген адам тарихынан өте келіп, осы уақытқа дейін өз шешімін толық таба алмай отыр. Сондықтан да дін мен білім арасындағы ара қатынасты анықтаудың теориялық және практикалық жағынан да маңызы зор. Білім дінге, қарсы, дін білімге қарсы әр түрлі бағытта, әр түрлі формада күрес жүргізіп келе жатыр.
Қолданылған әдебиеттер.
“Ислам әлемі” №4 шілде-тамыз, 2003ж
“Алдаспан” №3-4, 2003ж
“Қазақстан” ұлттық энцклопедия , 3 том, 321 бет
www.islam.nur.kz
Қазақстандағы ислам дінінің таралу ерекшеліктері. Ақназаров Х.З. Алматы. 1986ж.
Достарыңызбен бөлісу: |