Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет120/237
Дата25.11.2022
өлшемі3,36 Mb.
#159747
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   237
Байланысты:
Имани гүл

ТАҒДЫРҒА ИМАН КЕЛТІРУДІҢ
ПАйДАЛАРЫ
Тағдырға иман адамды жауапсыздық пен 
паңданудан сақтайды.
Адам табиғатында өз қателігін мойындамай, 
екінші біреуге сілтеу немесе тағдырға жала жа-
уып, жауапкершіліктен қашу бар. Әрдайым жасаған 
күнәларына әр түрлі сылтау құрастырып, бас сауғалап 
қашып кетер жол іздейді. Міне, осы өз ерік-қалауымен 
жасаған күнәларын тағдырға жауып, жауапкершіліктен 
қашқысы келетін адамның алдына Алла Тағала тара-
пынан берілген 
«дербес ерік-қалауы»
шығып, 
«Қайда 
барасың? Сен істеген әрбір ісіңді өз ерік-қалауыңмен 
атқардың. Сондықтан күнәларыңа тағдырды сыл-
тау ете алмайсың»,
-деп тозақтың қызыл отын көзіне 
елестетіп, жауапкершілігін есіне салады.
Сондай-ақ, адам табиғатында қолы жеткен 
жетістіктермен мақтанып, паңдануы тағы бар. Күнәларынан 
ақталып, тағдырды сылтау еткен әлгі адам істеген кейбір 
жақсылықтары мен қолы жеткен бәзбір жетістіктерін 
көлденеңдетіп: 
«Мен істедім, мен бүйттім, мен 
сөйттім»
деп, дем арасында өзгеріп, күбідей ісініп шыға 
келеді. Менмендігі бара-бара ұлғайып, тәкаппарлыққа 
айналып, ақыры әрбір ісін жаратқан Ұлы Жаратушысын 
ұмыт қалдырып, кердең басып, айналасындағы адамдарға 
мысқылдай қарап, жеңінің ұшымен сәлем береді.
Осындай нәпсісіне адамдық тізгінін ұстатып, 
тәкаппарлыққа, менмендікке құл болып, мұрнын 
шүйіргісі келетін пенденің алдына 
«тағдыр»
шығып: 


197
ИМАНИ ГҮЛ
«Сенің мақтануға, паңдануға ешбір ақың жоқ. Барлық 
жақсылыққа апарар жолды көрсетіп, ниетіңе жеткізіп 
сәтін салған, ізгілікті жаратып, жетістікті нәсіп еткен 
Алла емес пе?»,
- деп құлдың шамасын көзіне көрсетіп, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет