205
ИМАНИ ГҮЛ
Жосылып бұлттың көшуі,
еркелеп желдің есуі кім
үшін?!
Сылдырлап аққан өзен мен буырқанып тасыған теңіз
кім үшін?!
Қойнауы қазынаға толы асқар таулар кім үшін?!
Етімен, сүтімен, терісімен, жүнімен өрісте жүрген
жан-жануар атаулы кім үшін?!
Жан-тәнімізді сүйсінтіп, өне бойымызды толқытып,
ән салатын, тоты, бұлбұл жыршы құстар кім үшін?!
Жұпар исін аңқытып, көздің жауын алатын, сан алуан
түсті гүлдер мен балдай тәтті жеміс-жидек кім үшін?!
Алып Күн денесінің жылуы мен жарығы кім үшін?!
Бір ғана жауап − бәрі де біз үшін. Бәрі де адам баласы
үшін. Бәрі де ардақты жаратылыс иесі адамзат үшін.
Әр ай
сайын қолданған ыстық, суық суымыз бен
жаққан электр шамымыздың ақысын төлеп жатырмыз.
Ал, көзімізді ашқаннан бері бізге жылуы мен жарығын
күлімдей төккен күннің Ұлы Иесіне қандай ақы төледік?!
Төле деп талап еткенде немізді төлер едік?!
Ендеше
адамның міндеті тек қана ішіп-жеп, тайраңдау емес, осы-
ларды тегін берген Ұлы Жаратушысына алғыс білдіріп,
құлшылық жасау.
Дана Абайдың:
«Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй Ол Алланы жаннан тәтті»,
- деуі де
сондықтан.
Ендеше, бізге сүйіспеншілікпен қарап, таусыл-
мас қымбат нығметтерді сыйлаған Ұлы Иемізге біз де
сүйіспеншілікпен қарап, бас иіп,
алғысымызды ғибадат
арқылы білдіруіміз – ұмытылмас міндетіміз.
Адам дене мен рухтан тұрады. Денемізді күн сай-
ын ішкен-жеген тамағымыз арқылы қоректендіреміз. Ал
206
ИМАНИ ГҮЛ
рухты немен қоректендіреміз? Рухымызды және оның
мазасыздығын дамыған ғылым да, шарықтаған экономи-
ка да, сәт санап өркендеген мәдениет те қанағаттандыра
алмайды. Адамның төрт түлігі сай болып,
жегені май
болса да, бәрібір оған бір нәрсе жетпей тұрады. Өйткені
оның сұрағаны заттық емес, рухани болмақ. Демек,
материалдық денеміздің материалдық қорек талап еткені
тәрізді, рухымыз да рухани қоректі талап етеді. Олай болса,
рухымыздың, жан дүниеміздің қорегі – біздің намазымыз,
оразамыз, жалпы күллі ғибадатымыз.
«Рағд»
сүресінде:
Достарыңызбен бөлісу: