Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет52/237
Дата25.11.2022
өлшемі3,36 Mb.
#159747
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   237
Байланысты:
Имани гүл

ИМАНИ ГҮЛ
көретініңді білдіру аса маңызды. Психология ғылымында 
дәлелденген осы бір әрекетке тоқталып өтейік. 
Балаға мейірімділік таныту мен
сүйіспеншілігіңді көрсету
Тәрбие берудің негізгі мәйегі – мейірім мен 
сүйіспеншілікте. Әсіресе, кішкене балалар үшін мейірім 
мен сүйіспеншіліктің орны ерекше. Бұл махаббатқа олар 
қашанда шөлдеп тұрады. Олар тек сүйіспеншілікпен 
ғана өсіп-жетіледі десек артық айтқандық емес. Бала 
кімнен мейірім көрсе, сол адамды ерекше жақсы көреді. 
Әрдайым соны іздеп тұрады. Оны ренжітпей, мейірімі 
мен сүйіспеншілігінен ажырап қалмау үшін оның 
айтқандарын орындауға тырысады. Өзі жақсы көрген 
кісіге еліктегіш келеді. Ендеше, сүйіспеншілік – бала 
тәрбиесіндегі негізгі қағида. Пайғамбарымыз барлық 
адамзаттан сүйіспеншілігін аямаған. Жан жүрегімен 
жақсы көріп, әрқайсысына жеке-жеке көңіл бөлетіндіктен, 
әр сахаба өзін «Пайғамбардың ең жақсы көретін ада-
мы мен шығармын» деген ойға қалатын. Алайда, Алла 
елшісінің балаларға деген мейірімі тіптен ерекше еді. 
Жоғарыдағы 
«Рафиғ ибн Амр оқиғасы»
– осының нақты 
дәлелі. Дедектетіп Пайғамбарымызға әкеле жатқанда бұл 
бала қандай үрейді бастан кешті десеңізші?! 
«Қап, маған 
енді не істер екен? Не деп ұрсып, қалай жазалар екен» 
деп қатты қорқып келген балаға пайғамбарымыз 
«балапа-
ным!»
деген жалғыз-ақ ауыз сүйіспеншілікке толы жылы 
сөзін арнады. Сол жылы сөзімен қарсы алып, басынан си-
пап, мейірлене қарады.
Баланың қатесін түзетіп, дұрысын үйретуде жазалау 
тәсілінің ерекше орнының бар екенін жоққа шығармай-
мыз. Бірақ жазалаудан бұрын қателерді түзетуде ең әуелі 


95
ИМАНИ ГҮЛ
мейірім мен насихаттың әсері мол екенін ескергеніміз жөн. 
Себебі, балалар көбіне жасаған қателіктерінің парқына 
бара бермейді. Мұндай жағдайда балаларға ұрсып-зекудің 
пайдасынан зияны басым болуы кәдік.
Үлкендердің баланың басынан сипауы, маңдайынан 
сүйіп, иіскеуі яки құшақтап арқасынан қағуы, көтеріп 
құшағында тербетуі – бәрі-бәрі балаға оң әсерін тигізеді. 
Бала үлкеннің бұл ілтипатынан өзін жақсы көретіндігіне 
сенеді әрі сол кісіге деген құрметі де артады. Құшақтап, 
басын сипаған кісіні өзінің қорғаушысы деп біледі. 
Зерттеушілер құшаққа алынып, құштарлана сүйілмеген, 
басынан сипалып, маңдайынан иіскелмеген балалардың 
кейбір 
психологиялық 
ауруларға 
ұшырайтынын 
дәлелдеуде. 
Ата-ана яки кез келген педагог үшін балаға көп 
ұрсып, оған ұзақ ақыл айтқаннан гөрі оның басынан си-
пап, мейірім көрсетіп, арқасынан қағуы әлдеқайда әсерлі. 
Бұның астарында құрғақ сөздермен жеткізуге келмейтін 
небір сезімдер бар. Жоғарыда келтірілген оқиғада 
«қате 
іс-әрекет үстінде ұсталып, енді не істер екен»
деген 
үреймен келген балаға пайғамбарымыз, ең алдымен, 
«балапаным!» деген жылы сөзін арнаған. Қорқып кел-
ген балаға жылы сөз ғана айтып қоймай, 
«қорықпа, мен 
сені қорғаймын»
дегендей басынан сипауы, әрине, бала 
жүрегіндегі қорқыныштың орнына қуаныш сыйлады. 
Өзіне жанашыр жан тауып, оның қасында өзін сенімді 
сезінген бала ойындағысын бүкпесіз айтты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет