Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет13/237
Дата06.06.2022
өлшемі3,36 Mb.
#146094
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   237
Байланысты:
имани гүл
Дулат Исабеков. Қарғын
ИМАНИ ГҮЛ
жылдамдықтарындағы тұрақты мөлшер еш өзгерместен 
жалғасуда. Мысалы, біз автокөлікпен сағатына 200 
шақырым жылдамдықпен келе жатып, оқыс тоқтатсақ, 
терезе әйнегін быт-шыт қып сыртқа тесіп шығарымыз 
анық. Ал енді біздің сенімді бесігіміз – Жер шары бір 
мезет оқыс тоқтамай-ақ қойсын, тұрақты жылдамдығын 
аз ғана азайтса, жер бетіндегі күллі зат атаулы ғарышқа 
тарыдай шашылып кетер еді. Демек, миллиард жыл-
дар бойы Жер анамызды және басқа да жұлдыздарды 
бір мезет тоқтатпастан, әрқайсысын өзіндік тұрақты 
жылдамдықтарымен айналдырып, тербетіп тұрған Ұлы 
Жаратушы болуға тиіс. Егер мұның бәрін кездейсоқ 
жүзеге асып жатыр десек, неге біз тағы да сол сенімсіз 
кездейсоқтықтың әсерінен Жер анамыздың тоқтап немесе 
жылдамдығында кідіріп қалуынан еш қорықпастан, уа-
йымдамастан, үстінде жайбарақат жүрміз?
Бейтаныс бір адам қолындағы механикалық жүйемен 
істейтін қол сағатын бізге таныстыру барысында: 
«Өз-өзінен, кездейсоқтықтың әсерінен, яғни, жердің 
астындағы минералдар өз-өзінен еріп, темірге айналып, 
одан жіңішке есепті ішіндегі әр түрлі кертік-кертік 
құралдары, көрсеткіш сандары және бетіндегі әйнегі өз-
өзінен жасалып, іске қосылып пайда болды»
– десе, сенер 
ме едік? Әрине, сенбес едік. Ал енді жай бір уақытты ғана 
көрсететін кішкентай қол сағаттың өз-өзінен, кездейсоқ 
пайда болғанына сенбейміз де, жүйе жағынан сағатпен 
салыстыруға мүлдем келмейтін мына керемет ұшы-қиыры 
жоқ шексіз әлемнің өз-өзінен пайда болғанына қалай 
сенбекпіз?


25
ИМАНИ ГҮЛ
Экология
Табиғатта құстар (бүркіт, қаршыға, құзғын, т.б.) 
өлтірілген жағдайда жыландар көбейеді екен. Ал жы-
ландар қырылса, құрбақалар көбейеді. Құрбақалар 
құрыған жағдайда, шыбын-шіркей көбейеді екен. Жан-
жануарлардың өмір сүрулерін бір-біріне байланыстырып, 
табиғаттағы экологиялық тепе-теңдікті, осы таң қалдырар 
жүйені құрған кім?
Жыл мезгілдері
Жер шарының өз-өзін және Күнді айналуынан күндіз 
бен түн және жылдың төрт мезгілі жаз, күз, қыс, көктем 
болып алма-кезек үздіксіз өзгеріп тұратыны бәрімізге 
мәлім. Жаздың қайнаған аптап ыстығынан кейін дереу 
қыстың қақаған аязы мен ысқырған бораны болмайды. 
Екі мезгілдің ортасында күз атты қоңыр салқын мезгіл 
бар. Міне, осы күз мезгілінің арқасында адамдардың 
жаздың жылы ауа-райына үйреніп қалған ағзалары 
біртіндеп қыстың қақаған суығына бой үйретеді. Сол 
сияқты қыстың қақаған аязынан кейін ауа райы күрт 
өзгеріп, дереу көктемсіз жаз болғанда қандай күйде 
болар едік? Бәлкім, ағзаларымыз күрт өзгеріске дайын 
болмағандықтан бәріміз жаппай ауруға шалдығар ма 
едік? Ендеше, жыл мезгілдеріндегі осындай керемет 
рет пен үйлесімдікті және Жер шарының айналуындағы 
дәлме-дәл есепті қойған кім?



27


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет