113
ИМАНИ ГҮЛ
атқылап аққан судан үш жүздей сахабаның сусындап әрі
дәрет
алғаны
34
жайлы көптеген сахих риуаяттар бар.
• Аурулардың емделіп, жазылу мұғжизасы.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) Хайбар шайқасында:
– Әли ибн Әби Тәліп қайда?-деп сұрады. Сахабалар:
– Уа, Расулаллаһ! Оның көзі ауырып жатыр, деді.
– Дереу оған хабар беріңдер, - деді. Сахабалар дереу
Әлиді алып келді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) киелі түкірігін
Әлидің көзіне жағып, оған дұға жасағаны сол екен Әли
жазылып шыға келді...
Міне, Пайғамбарымыздың
осы секілді көптеген
мұғжизалары Оның хақ пайғамбар екендігіне куәлік
етеді.
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) келешекке
байланысты хабарлары
Алла елшісінің (с.а.у.) кейіннен болатын көптеген
оқиғаларды бейне бір теледидар экранынан көріп
тұрғандай айна-қатесіз хабар беруі де – Оның
пайғамбарлығының дәлелі.
Пайғамбарымыздың берген
хабарларынан бірнеше мысал келтірейік:
• Алла елшісінің (с.а.у.) Бәдір шайқасының алдында
Әбу Жәһил, Утба, Шәйба және Уәлид сияқты діннің қас
дұшпандарының осы соғыста қаза табатындықтарын,
тіпті әрқайсысының қайда жер жастанатындықтарына
дейін дөп басып
сахабаларына хабар беруі
35
және
айтқандарының айна-қатесіз келуі – Оның (с.а.у.) тек
Хақтың пәк елшісі екендігінің белгісі.
34
Бухари, манақиб/3576.
35
Муслим, Жәннат.