Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет90/237
Дата06.06.2022
өлшемі3,36 Mb.
#146094
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   237
Байланысты:
имани гүл

Айналамызда болып жатқан қайта
тірілудің үлгілері
Ұлы Жаратушымыз мына дүниеде-ақ қайта тірілудің 
сансыз үлгілерін жаратып, сана иесі адам баласына қайта 
тірілтудің оңай екендігін көрсетуде. Иә, толғанып, ғибрат 
алмақ ниетпен пікір етсек, әрбір көктем қайта тірілудің 
дәлелі емес пе? Көктем қайта тірілудің сансыз үлгісіне 
толы. Жазда жап-жасыл болып жайқалып, күзде жеміс-


150
ИМАНИ ГҮЛ
жидегін шашу етіп шашқаннан кейін барлық өсімдік 
әлемі адамның қартайған шағындағы шаштарының 
ағарғанындай жапырақтары солып, сары алтынға боя-
лып, біртіндеп төгіліп, өздері қурай бастайды. Қыс кел-
генде, бейне бір өлімге ұшырап, аппақ қардың астында 
қалады. Тіршіліктерінің тынысы байқалмайды. Міне, 
өсімдіктердің қыстағы осы өлі қалпынан кейін сен оларды 
көктемде көр. Көктем келіп, күн нұрына малына бастаған 
шақта күллі өсімдік әлемі әп-сәтте бүршік атып, гүлдерін 
ашып, жап-жасыл болып жайқала түседі. Қысқы өлік 
көктеммен қайта тіріледі.
Абай атамыз:
«Жаз жіберіп, жан берген қара жерге
Рахметіне Алланың көңіл сенер.
Мал семірер, ақ пенен ас көбейер
Адамзаттың көңлі өсіп көтерілер
Қара тастан басқаның бәрі жадырап,
Бір сараңнан басқаның бейлі енер.
Тамашалап қарасаң Тәңрі ісіне
Бойың балқып, ериді іште жігер» – деп жырлағандай 
көктемде айналаңа қарасаң, сен де өзіңді қайта тірілген-
дей сезінесің. Өйткені айналаңдағы табиғат жаппай қайта 
тірілуге, жаңа өмірге, қайта келген құстардың тамылжыта 
сайраған әсем әніне тұнып тұр. Қыста ызыңы жоғалып, 
аты өшкен шыбын-шіркей көктемде қайта пайда болып, 
үсті-басыңа қонып мазаңды алады. Бірақ сол ызыңымен 
саған қайта тірілетініңді меңзеп тұрғандай. Иә, қысқы 
өлімнен кейін өсімдік әлемін, адамнан қанша есе көп жал-
пы жәндіктерді қайта жер бетіне шығарған Ұлы Жарату-
шымыз адам баласын өлім қысынан кейін қайта тірілтеді. 
Себебі адам өсімдіктен де, шыбын-шіркей, жәндіктерден 
де маңызды әрі мағыналы.


151


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет