Использование интерактивной доски в процессе обучения русскому языку и литературе



бет2/5
Дата18.03.2017
өлшемі0,7 Mb.
#11786
түріСеминар
1   2   3   4   5

3. Сахналық көрініс.

Қатысушылар: Ата, бала.

Ата: - Балам, арман деген не?

Бала: - Ата, арман дегеніміз – ақыл-ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді, бала өссем дейді, қыз көрікті болсам дейді, жігіт бақытты болсам дейді, қарт жүзге жетсем дейді, ұстаз шәкіртіне үлгі болсам дейді. Адасқан арманына жете алмайды. Ақылды жетеді, ақылсыз бұл өмірден түңіліп өтеді.

Ата: - Бақытты болу оңай ма?

Бала: - Ата, жары жақсы болса, бақыты жанында.

Ата: - Жоқ балам. Ақыл басында болса, бақыт жанында болады. Ақыл – адамды азаптан құтқарады. Өмірде шын бақытты боламын десең, ақылдылықты үйрен, ақылды қызға үйлен.

Ата: - Дос табу оңай ма?

Бала: - Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын.

Ата: - Жоқ, балам. Өмірде дос табу ақылдыға да, ақымаққа да оңай. Ақылдының досы аз, қасы көп, ақымақтың досы көп болғаныменен жақсылығы жоқ. Жақсылығы жоқ достың қастығы аяқ астында жатады. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың.

Ата: - Үйде кім, елде кім қадірлі?

Бала: - Ата-ана үйде, елде – бастық қадірлі.

Ата: -Жоқ балам. Үйде – қонақ, қарт, бала қадірлі. Елде хан, әкім, ұстаз қадірлі.

Ата: - Балам, елді кім, үйді кім бүлдіреді?

Бала: - Ата, елді өсекші, үйді ақылсыз бала бүлдіреді.

Ата: - Жоқ балам. Елді өсекші бүлдіргенімен, ақылсыз бала бүлдірмейді. Есіңде болсын, ақылсыз басшы елді бүлдіреді, ақылсыз әйел үйді бүлдіреді.

Ата: - Үйдегі алтын қазық кім?

Бала: - Ата, үйдегі алтын қазық – бала.

Ата: - Жоқ, балам, үйдегі алтын қазық ана. Ата тәрбиесі қызға үлгі, әке тәрбиесі ұлға үлгі. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана – ақылшың, Ананың мейірімі көзінде, ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде.

Ата: Адамға ақыл беретін кімдер?

Бала: - Ата, ана тілі ақыл беретін.

Ата: - Жоқ балам. Ана тілі ақылды өсіреді. Адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, дос екенін ұмытпа.

Ата – Балам, енді ненің жақсы, ненің жаман екендігіне көңіл аударайық. Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не қатты?

Бала: - Дүниеде ананың сүті тәтті, ананың қолы жұмсақ, әкенің жүрегі қатты.

Ата: -Дүниеде не қымбат?

Бала: - Алтын ұяң – Отан қымбат,

Құт-береке – атаң қымбат,

Аймалайтын анаң қымбат,

Мейірімді апаң қымбат,

Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.

Ата: - Дұрыс айтасың, балам. Тек үйдің баласы болмай, елдің баласы болу үшін кешірімшіл, қайырымды, ізгі таза ниетті болу керек. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білу керек. Сен еліңнің ту ұстар ертеңгі азаматысың. Осыны есіңнен шығармағайсын!



4. Енді балалар, туыстық атауларға байланысты қандай мақал-мәтелдер білеміз?

(Оқушылар жауап береді).



5. Шағын тест орындап жіберейік.

1. Нәресте туғанда оның кіндігін кескен адамды кім дейді?

а) апа ә) тәте б) кіндік шеше в) өкіл ана

2. Апалы-сіңілі қыздың күйеулері бір-біріне кім болады?



а) бажа ә) балдыз б) жезде в) құда

3. Қыздан туған баланы кім дейді?



а) жиен ә) бөле б) нағашы в) іні
6. Балалар, сіздер білесіздер, туыстық атауларға байланысты өлеңдер өте көп. Мысалы, «Әке», «Ана», «Бауыр», «Қарындас», «Әже», т.б. секілді өлеңдер көптеп айтылып жүр. Қәнеки, кім бізге өзінің осы жөнінде білетін өлеңін айтып береді?

7. Енді сұрақтарға жауап береміз. «Туысқандарыңды білесің бе?» деген ойын жүргізбекшіміз.

1. Ұрпақ дегеніміз не? (Үрім-бұтақ, тұқым, адамның өсуі)

2. Нағашы дегенді қалай түсінесің?

3. Жиен дегенді қалай түсінесің?

4. Құда дегенді қалай түсінесің?

5. Жеңге дегенді қалай түсінесің?

6. Бажа дегенді қалай түсінесің?

7. Бөле дегенді қалай түсінесің?

8. Жезде дегенді қалай түсінесің?

9. Абысын дегенді қалай түсінесің?

10. Балдыз дегенді қалай түсінесің?

Сонымен қазақта туыстық және құдалық салттарға байланысты әртүрлі қарым-қатынас, алыс-беріс, өзара көмек сияқты шымшытырық әрекеттер жүреді.

Кішінің үлкенді, үлкеннің өз тарапынан кішінің кішілігін сыйлауы – халқымыздың қанына сіңген қасиетті дәстүрі.

Туыстар – бір ағаштың бұтақтары сияқты. Алысты жақын тұтқан, жақынды бауыр тұтқан. Туыстық желіні үзбеген. Береке-бірлікті бұзбаған. Үлкені сөз бастаған, кішісі ағаның сөзін қостаған.

Бүгінгі біздің қозғаған тақырыбымыз – үлкенді сыйлау, әдептілікке, бауырмалдылыққа, имандылыққа және адамгершілікке тәрбиелейді.

Құрметті, оқушылар! Данышпан ата-бабаларымыздың ақыл сөздерін, көрнекті өсиеттерін қасерлей қабылдап, жадымызда сақтайық. Олардың жолын қуып, жоралғысын жасау – біз үшін үлкен парыз

8-сабақ. Диктант

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Сәлемдесу, тексеру.

2. Сабақтың барысын айту.

Оқушыларды диктант жаздыра отырып, олардың жазу сауаттылығын және өтілген сабақтардан алған білімдерін тексеру.



ІІІ. Шығармашылық диктант

ІV. Мәнерлеп оқып шығу

V. Мәтіннен сөз тіркестерін тауып, оларды байланысу тәсілдері мен түрлеріне қарай ажырату.

VІ. Сабақты қорытындылау

5-сабақ

Сөз тіркесінің құрылысы. Матасу.
Күні, айы: 12.04.07.

Класы: 7 «А»

Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, класты тексеру.

2. Сабақтың мақсатын айту.

3. Сөз тіркесінің құрылысы. Матасу.

Жаңа сабақты сызба арқылы түсіндіріп жібереміз.


1-сызба


Матаса байланысқан сөз тіркестері



Сөз тіркесінің құрылысы

Меңгеріле байланысқан сөз тіркестері

Қабыса байланысқан сөз тіркестері



Матасу

Меңгеру

Қабысу


Ауылдың баласы

Ойымнан кетпейді

Көктем келді


Жанаса байланысқан сөз тіркестері

Жанасу


Ертең кетеді



М А Т А С У



Есімдік + І.с. + (т. )

Біздің мектебіміз –

біздің мектеп

+ І.с. + (т. ІІІжақ)

Қобыландының Тайбуырыл




Т Ү Р Л Е Н У І



+ (І.с) + т ІІІ жақ

Ел астанасы, қала тіршілігі


4. Жаттығулармен жұмыс. 261-жаттығу. Мәтіндегі матаса байланысқан сөз тіркесін тауып, талдау жасау.

Опера әншілерінің байқауында: бағыныңқы сыңары – опера әншілерінің, ілік септік жалғауында тұрған күрделі есім сөз, басыңқы сыңары – байқауында, ІІІ жақ тәуелдік жалғаулы есім сөз;

Бір қара түсті жігіттің сұрағаны: бағыныңқы сыңары – бір қара түсті жігіттің, ілік септік жалғауында тұрған күрделі есім сөз, басыңқы сыңары – сұрағаны, ІІІ жақ тәуелдік жалғаулы етістікті сөз;

Менің қай жерімнен экватордың шыжыған күнін: бағыныңқы сыңары – Менің қай жерімнен, *

Экватордың шыжыған күнін: бағыныңқы сыңары – Экватордың, ілік септік жалғауында тұр, басыңқы сыңары – шыжыған күнін, ІІІ жақ тәуелдік жалғаулы есім сөз;

Қара нәсілділердің ұрпағы: бағыныңқы сыңары – Қара нәсілділердің, ілік септік жалғауында тұр, басыңқы сыңары – ұрпағы, ІІІ жақ тәуелдік жалғаулы есім сөз;

Ата-баба жері: бағыныңқы сыңары – Ата-баба (ның) – ілік септігі жасырын тұр, басыңқы сыңары – жері, ІІІ жақ тәуелдік жалғаулы есім сөз;

Африканың қай қиырында қалғанын: бағыныңқы сыңары – Африканың қай қиырында, ілік септік жалғауында тұрған күрделі есім сөз, басыңқы сыңары – қалғанын, ІІІ жақ тәуелдік жалғаулы етістікті сөз;

5. Бағалау.

6.Үй тапсырмасы: 258-жаттығу. Мәтіннен матаса байланысқан сөз тіркестерін теріп жазып, қалай байланысып тұрғанын айту, әрбір сыңарына талау жасау.

КІРІСПЕ БӨЛІМІ

1-сабақ. Сөз тіркесі туралы түсінік.
Күні, айы: 10.03.07.

Класы: 7 «А»

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, класты тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Сөйлем сөз тіркесінен құралады» деген тақырыпта шағын баяндама жасау.

ІІІ. Модульге кіру, оның құрылымы мен мақсатын айту. Модуль құрылымы 5 сағаттан, кіріспе бөлімі – 1 сағат, сөйлесу бөлімі – 3 сағаттан, қорытынды бөлімі – 1 сағаттан құралады.

Оқушыларға сөз тіркесі туралы түсінік беру, сөз тіркесі мен күрделі сөздің айырмашылықтарын айырып көрсетіп, ұғындыру, сөз тіркесінің айрықша белгілерімен таныстыру, қолданыстағы сөз тіркесі мен тұрақты тіркес, күрделі сөздердің айырмашылықтарын ажырата білуге дағдыландыру.



ІV. Грамматикалық тақырыпты тірек-сызба арқылы түсіндіру (Жаңа тақырып). Оқушыларды өтілген материалдар бойынша сұрақ-жауап түрімен білімдерін тексере отырып, тірек-сызба тарқылы жаңа тақырыпты түсіндіреміз.

V. Бекіту. 244-жаттығу. Сөздердің байланысын тауып, басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге сұрақ қою арқылы байланысу тәсілдері мен түрлерін анықтау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: 245-жаттығу. Сөз тіркестерін тауып, қалай байланысып тұрғанын көрсетіп, байланысу түрлеріне қарай ажырату.




Каталог: objwl -> 2009
objwl -> «еуразиялық гендік қОР» гылыми-өндірістік білім беру орталығы Астана қаласы
objwl -> -
objwl -> Мектеп басшыларына!
objwl -> Мектеп, балабақша басшыларына! 21. 09. 2015 ж. Қала әкімінің орынбасары А. Арынғазиеваның 11
2009 -> Мектеп басшыларына! 21. 09. 09ж. «Ақтөбе-Дарын»
2009 -> Жалпы білім беру, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелер басшыларына
2009 -> Мектеп басшыларына! 25. 12. 2010 ж. Математика пәнінен «Қазақстан 51-ші халықаралық математикалық олимпиаданы қарсы алуда»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет