35-НҰСҚА 1. Синантроп қайдан табылды?
A) Франциядан.
B) Германиядан.
C) Қытайдан.
D) Ява аралынан.
E) Кениядан.
2. Сақтардың мал шаруашылығындағы ең маңыздысы
A) жылқы өсіру
B) ешкі бағу
C) шошқа бағу
D) ірі қара мал бағу
E) түйе бағу
3. Б.з.д. VІ ғ. сақ тайпалары кімдермен соғысты?
A) Аландармен.
B) Славяндармен.
C) Монғолдармен.
D) Fұндармен.
E) Парсылармен.
4. Қазақстан жері қай ғасырда Түрік қағанатының иелігінде болды?
A) ІХ ғ.
B) ХV ғ.
C) VІІІ ғ.
D) VІ ғ.
E) VІІ ғ.
5. ІX-XІІІғ. басында Қазақстан даласында қалалар салу мәдениетінің көтерілген аймағы:
A) Ертіс өзені алқабы.
B) Есіл.
C) Жетісу ауданы.
D) Шу және Талас өзендері алқаптары.
E) Дешті-Қыпшақ даласында.
6. Б.з.д. І ғасырдың ортасынан бастап Жібек жолы бойымен Үндістаннан Орта Азия мен Шығыс Түркістанға қандай дін таралды?
A) Манихейлік дін
B) Ислам діні
C) Будда діні
D) Христиан діні
E) Зороастра діні
7. Отырарда Шыңғыс хан керуеншілерінің өлтірілген жылы:
A) 1205 жыл.
B) 1155 жыл.
C) 1218 жыл.
D) 1211 жыл.
E) 1220 жыл.
8. 1428-1468 ж.ж. батысында Жайық, шығысында Балқашқа дейінгі аумақта кім билік етті?
A) Ақназар
B) Жәнібек
C) Әбілқайыр
D) Қасым
E) Есенбұға
9. ХV-ХVІІ ғ.ғ. Қазақстанның далалық аудандарында жерді пайдаланудың қай түрі болды?
A) Мемлекеттік
B) Отбасылық
C) Жеке меншік
D) Қауымдық
E) Көршілік
10. Жоңғар басқыншыларының (қоңтайшы) басты негізгі мақсаттары
A) қазақтардан күнде сыйлықтар алып тұруға көндіру.
B) Қазақстан мен Орта Азияның орталық қалаларын бағындыру.
C) хандық билікті тартып алу, жою.
D) үш жүздің халқын күшпен бағындыру.
E) малдарын, дүние мүліктерін тартып алу, айдап әкету.
11. 1822 ж. ''Сібір қазақтарының Ережесі'' бойынша мұрагерлік биліктің ауысуы
A) уез бастығына.
B) ауылнайға.
C) сұлтанға.
D) генерал-губернаторға.
E) болысқа.
12. XІX ғ. ортасында Іле Алатауының бойында бал шаруашылығының негізін салған кім?
A) Украинадан аударуып келген шаруалар.
B) Сібір казагі Осип Маманев.
C) Саяхатшы ғалым М.Пржевальский .
D) Саяхатшы ғалым Семенов Тянь-Шанский .
E) Капитан К.Гудков
13. 1867-1868 жылғы реформа бойынша салықтан кімдер босатылды?
A) байлар.
B) батырлар.
C) билер.
D) молдалар мен имамдар.
E) Шыңғыс ханның ұрпақтары.
14. Қазақстанның Қытаймен Іле су жолы арқылы қатынасы қашан басталды?
A) 1881 жылы.
B) 1870 жылы.
C) 1884 жылы.
D) 1885 жылы.
E) 1883 жылы.
15. 1884 ж. облыстық статистикалық комитеттің мүшесі болып сайланған:
A) Ы. Алтынсарин
B) Ә.Бөкейханов
C) Ш.Құдайбердіұлы
D) А.Байтұрсынов
E) А.Құнанбаев
16. 1910-1917 ж.ж. А.Байтұрсынов өмір сүрген қала
A) Орынбор.
B) Верный.
C) Петропавл.
D) Ташкент.
E) Орал.
17. 1916 ж. қарашада Торғай ошағындағы көтерілісшілердің ең көп саны нешеге дейін жеткен?
A) 60 мың адам.
B) 50 мың адам.
C) 20 мың адам.
D) 30 мың адам.
E) 40 мың адам.
18. Саяси қарсыластарды басу үшін қорқыту, зорлық шараларын қолданатын саясат.
A) Көтеріліс.
B) Геноцид.
C) Депортация.
D) Террор.
E) Эммиграция.
19. 1913 жылмен салыстырғанда 1921 ж. Қазақстанда мұнай өндіру қаншаға қысқарды?
A) 4 есе.
B) 6 есе.
C) 2 есе.
D) 3 есе.
E) 5 есе.
20. "Кіші Қазан" идеясының авторы:
A) Н.Бухарин.
B) Ф.И.Голощекин.
C) О.Жандосов.
D) С.Сәдуақасов.
E) И.В.Сталин.
21. Ұжымдастыруға қарсы ''көтеріліс бандалары'' дейтіндердің қылмыстық істерін қараған қай орган?
A) әскери трибунал.
B) республиканың жоғарғы соты.
C) билер мен қазылар соты.
D) соттан тыс орган-үштік.
E) жергілікті сот.
22. Ұлы Отан соғысы қарсаңында Қазақстан қорғасын өндіруден нешінші орын алды?
A) Екінші.
B) Соңғы.
C) Бесінші.
D) Бірінші.
E) Үшінші.
23. Тұңғыш ұлттық қазақ театры қашан ашылды?
A) 1926 ж. Қызылордада.
B) 1927 ж. Әулиеатада.
C) 1930 ж. Шымкентте.
D) 1925 ж. Семейде.
E) 1926 ж. Алматыда.
24. Белорус КСР-нің Лида деген шағын қаласында астыртын партизан жұмысына белсене қатысқан жауынгер.
A) Ж. Савельев.
B) В. Шаруды.
C) В. Оразбаев.
D) Ж. Налитов.
E) Д. Сұраншиев.
25. 1950 жылдың аяғында Қазақ КСР-ның Ғылым Академиясының жүйесінде жұмыс істеген ғылыми-зерттеу мекемелер саны қанша?
A) 60
B) 50
C) 55
D) 40
E) 30
26. Хх ғ. 60 ж. ғылыми техникалық прогресс негізінде электротехникалық машина жасау жөніндегі пайда болған ірі кәсіпорындардың бірі:
A) Ақтөбе трикотаж фабрикасы.
B) Өскемен конденсатор зауыты.
C) Шымкент қорғасын зауыты.
D) Шымкент гидролиз зауыты.
E) Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты.
27. Кеңестік Қазақстанның соңғы Конституциясы қашан қабылданды?
A) 1977 жылы.
B) 1978 жылы.
C) 1979 жылы.
D) 1970 жылы.
E) 1975 жылы.
28. 1986-1991 ж.ж. Қазақстандағы ең қуатты қоғамдық ұйым.
A) "Қазақ тілі" қоғамы.
B) "Алаш" партиясы.
C) "Семей-Невада" қозғалысы.
D) "Желтоқсан" партиясы.
E) "Азат" қозғалысы.
29. 1991 ж. 21-желтоқсанда Алматыда 11 мемлекеттің басшылары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы қандай құжатқа қол қойды?
A) Хаттамаға.
B) Шартқа.
C) Жарлыққа.
D) Конвенцияға.
E) Конституцияға.
30. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша әрбір азаматтың қасиетті борышы мен міндеті
A) Қазақстан Республикасын қорғау
B) Президентті құрметтеу
C) Тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау
D) Табиғатты қорғау
E) Мемлекеттік нышандарды құрметтеу