История казахстана ент



бет7/15
Дата06.02.2022
өлшемі1,39 Mb.
#75234
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
?аза?стан тарихы

37-НҰСҚА
1. Тас дәуірінің ескерткіші - Мұзбел Қазақстанның қай өңірінен табылды?
A) Оңтүстік Қазақстаннан.
B) Солтүстік Қазақстаннан.
C) Батыс Қазақстаннан.
D) Орталық Қазақстаннан.
E) Шығыс Қазақстаннан.
2. Сырдарияның төменгі ағысында табылып, зерттелген қола дәуірінің ескерткіші:
A) Түгіскен кесенесі.
B) Арыстанбаб кесенесі.
C) Қожа Ахмет Яссауи кесенесі.
D) Бабыш кесенесі.
E) Домалақ ана.
3. Б.з.д. ІІІ ғасырда сақ тайпаларының орнына үйсіндер келді.
Олардың территориясы қай жерде?
A) Жетісу.
B) Маңғыстау.
C) Сыр бойы.
D) Орталық Қазақстан.
E) Солтүстік Қазақстан.
4. Х ғ. оғыздардың астанасы
A) Тараз
B) Янгикент
C) Баласағұн
D) Сығанақ
E) Отырар
5. Деректер мұсылмандардың түркілермен сауда орны ретінде болған қай қала туралы жазады?
A) Тараз
B) Баласағұн
C) Фараб
D) Алмалық
E) Суяб
6. Ұлы Жібек жолы дипломатия және сауда жолы ретінде қашан қалыптаса бастады?
A) Б. э. д. ІV ғасырдың басы ІІІ ғасырдың аяғында.
B) Б. э. д. ІV ғасырдың аяғында.
C) Б. э. д. VІ ғасырда .
D) Б. э. д. VІІ ғасырда.
E) Б. э. д. ІІ ғасырдың ортасында
7. 1223 ж. Калка өзені бойында кімдердің біріккен күштері моңғолдарға қарсылық көрсетті?
A) Орыс княздықтарының
B) Қыпшақтар мен қарлұқтардың
C) Қыпшақ тайпаларының
D) Орыстар мен половецтердің
E) Орыстар мен печенегтердің
8. Әмір Темір Орта Азияда қай жылдары билік құрды?
A) 1365-1400 ж.ж.
B) 1370-1405 ж.ж.
C) 1360-1395 ж.ж.
D) 1375-1410 ж.ж.
E) 1380-1415 ж.ж.
9. Есім хан қазақ мемлекетіне қай жылдары билік етті?
A) 1568-1580 ж.ж.
B) 1598-1628 ж.ж.
C) 1630-1645 ж.ж.
D) 1570-1580 ж.ж.
E) 1580-1630 ж.ж.
10. XV ғасырда өмір сүрген, "жерұйықты" іздеген "көшпенді философ":
A) Жиембет жырау.
B) Доспамбет жырау.
C) Асан қайғы.
D) Сыпыра жырау.
E) Шалкиіз жырау.
11. XVIII ғ. Қазақ хандығының мемлекеттігіне қауіп төндірген:
A) Цинь империясы.
B) Иран.
C) Сібір хандығы.
D) Жоңғар хандығы.
E) Хиуа хандығы.
12. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің сипаты.
A) әлеуметтік
B) әскери-феодалдық.
C) ұлт-азаттық.
D) теократиялық.
E) буржуазия-демократиялық.
13. 1833 ж. А.С.Пушкин Орынбор қаласында қандай тарихи материалдар жинады?
A) Ганнибалдың тарихы.
B) Иван Грозныйдың тарихы.
C) Е.Пугачев көтерілісінің тарихы.
D) І Лжедимтрий тарихы.
E) Пушкиннің отбасының тарихы.
14. Қоныстанушылардың басты легі қаптаған аймақ:
A) Ақмола.
B) Әулиеата
C) Жетісу.
D) Сырдария.
E) Шымкент.
15. 1858-59 жж. Ш. Уәлихановты әлемге әйгілі еткен сапары.
A) Қашқар сапары.
B) Шәуешекке саяхаты.
C) Ыстық көлге сапары.
D) Құлжа сапары.
E) Іле Алатуына саяхаты.
16. ''Қазақ'' апталық газетінің негізін қалаған кім?
A) Ә.Бөкейханов.
B) М.Дулатұлы.
C) Б.Қаратайұлы.
D) М.Шоқай.
E) А.Байтұрсынұлы.
17. Ұлт-азаттық қозғалыстың революцияшыл демократияшыл зиялыларының бірі болған қайраткер:
A) Ұзақ Саурықов.
B) Жәмеңке Мәмбетов.
C) Нұрлан Қияшев.
D) Бекболат Әшекеев.
E) Тұрар Рысқұлов.
18. 1919 жылғы 4 сәуірде қабылданған шешім:
A) Алашордашыларды ақтау жөнінде.
B) Алашордашылармен келісім шарт жасасу.
C) Алашордашыларды өлім жазасына кесу туралы.
D) Алаш Орданаң іс-әрекетін тоқтату жөніндегі.
E) Алаш Орданы жою туралы.
19. ЖЭС нәтижелерінің бірі:
A) Мал басының азаюы.
B) Шаруашылықтың құлдырауы.
C) Егін алқаптарының азаюы.
D) Өнеркәсіптің тоқтауы.
E) Мал басы мен егін салу алқаптарының көбеюі.
20. 1925-1933 жж. Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болды.
A) С. Сәдуақасов.
B) Т. Рысқұлов.
C) Т. Қазыбеков.
D) Ф. Голощекин.
E) Д. Омаров.
21. Күштеп ұжымдастыруға қарсы табандылықпен және шебер ұйымдастырылуымен ерекшеленген көтеріліс қай жерде болды?
A) Өскемен ауданында.
B) Зырян ауданында.
C) Катон-Қарағай ауданында.
D) Созақ ауданында.
E) Самар ауданында.
22. 1930 ж. Қазақ АКСР ОГПУ алқасы кеңес әдебиетінің негізін салушылардың бірі болған кімді атуға үкім шығарды?
A) Ә.Бөкейхановты.
B) Ж.Аймауытовты.
C) С.Сейфуллинді.
D) Х.Досмұхамедовті.
E) А.Байтұрсыновты.
23. Алғашқы қазақ ұлттық театрында қойылған бірінші пьеса.
A) "Отелло".
B) "Ревизор".
C) "Арқалық батыр".
D) "Еңлік-Кебек".
E) "Шаншар молда".
24. Ұлы Отан соғысы кезінде фашистердің жоспары бойынша Қазақстан енуі тиісті рейх комиссариаты:
A) "Кавказ".
B) "Московия".
C) "Еділ - Орал".
D) "Остланд".
E) "Түркістан".
25. Қазақтың қай жазушысының еңбегі әлемнің 30-дан астам тіліне аударылды?
A) О.Сүлейменовтың "Аз и Я" кітабы.
B) М.Әуезовтың "Абай жолы".
C) С.Мұқановтың "Ботагөзі".
D) Ғ.Мүсіреповтың "Ұлпаны".
E) І.Есенберлиннің "Көшпенділері".
26. ХХ ғасырдың 50-ші жылдары Қазақстанның халықаралық байланысын кеңейткен Шығыс елдері:
A) Жапония,Оңт. Корея, Гонконг,Сингапур.
B) Пәкістан,Оңт. Корея, Сингапур,Үндістан
C) Үндістан, Индонезия, Бирма, Непал, ҚХР.
D) Филиппин, Малайзия,Бирма, Непал.
E) ҚХР,Тайланд, Пәкістан,Гонконг.
27. Совхоздар мен өзге мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорындар толық шаруашылық есепке көшірілген жыл:
A) 1969 жылы.
B) 1967 жылы.
C) 1965 жылы.
D) 1970 жылы.
E) 1971 жылы.
28. Қазақстан жерінде неміс автономиясын құру туралы шешім қай жылы қабылданды?
A) 1979 ж. көктемде
B) 1986 ж. көктемде
C) 1975 ж. көктемде
D) 1965 ж. көктемде
E) 1970 ж. көктемде
29. 1980-90 жж. Қазақстанда сыртқы экономикалық байланысындағы басты бағытта болған ерікті экономикалық аумақтар
A) Көкшетау, Атырау
B) Орал, Қарағанды
C) Петропавл, Ақтөбе
D) Жаркент, Ақмола
E) Жайрем-Атасу, Алакөл
30. Конституция бойынша Қазақстан Республикасының жергілікті атқару билік органы:
A) мәслихат
B) департамент
C) әкімият
D) мәжіліс
E) сенат




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет