История казахстана ент



бет3/15
Дата06.02.2022
өлшемі1,39 Mb.
#75234
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
?аза?стан тарихы

Қазақстан тарихы
19 - НҰСҚА
1. Алғашқы қауым адамдарының топқа бірігуінің себебі:
A) Бірлесіп жер жырту
B) Бірлесіп еңбек құралдарын жасау
C) Бірлесіп қорғану және аң аулау
D) Қару жасау
E) От басын сақтау
2. Жерленген андроновтық адамдардың басы қаратылған көкжиектің тұсы:
A) Батыс.
B) Солтүстік.
C) Солтүстік Батыс.
D) Шығыс.
E) Оңтүстік.
3. Сақ қоғамының тайпалар одағы басында кім отырды?
A) Бек
B) Ру басы
C) Абыз
D) Әмір
E) Тайпа көсемі
4. Қазақстан жерінде ісләмды мемлекеттік дін ретінде жариялаған алғашқы мемлекет
A) Қыпшақ
B) Найман
C) Қимақ
D) Қарахан
E) Түркеш
5. XІ ғасырдың деректерінде ''Бұл жерде әр түрлі елдің саудагерлері тұрады'' деп қандай қаланы айтты?
A) Суяб
B) Тараз
C) Отырар
D) Қойлық
E) Баласағұн
6. Керейттер тайпасы христиандықты қабылдағандығы туралы деректер сақталған ғасырды атаңыз
A) ХІІ ғ.
B) Х ғ.
C) VІІІ ғ.
D) ІХ ғ.
E) ХІ ғ.
7. Үгедей ұлысы қай жылы жойылды?
A) 1260 ж.
B) 1289 ж.
C) 1269 ж.
D) 1251 ж.
E) 1280 ж.
8. 1423-1428 ж.ж. Ақ Орданың соңғы ханы
A) Барақ
B) Манаш
C) Жәнібек
D) Қасым
E) Орыс хан
9. Қазақ хандығы алғашқы кезде қандай жерлерді иеленді?
A) Ертіс алқабы
B) Еділ мен Жайық алқабы аралығындағы
C) Шу және Талас алқабы аралығындағы
D) Жайықтан Ертіске дейінгі
E) Іле мен Сырдария аралығындағы
10. Аңырақай шайқасынан кейінгі жеңісте қазақ жасақтары қолайлы жағдайларды пайдалана алмауының себептері.
A) Жолбарыс ханның тұтқиылдан өлуі.
B) сарбаздарға азық-түліктің жетіспеуі.
C) тақ үшін Шыңғыс ұрпақтарының таласуы.
D) жоңғарлардың келісім жасай бастауы.
E) қысқы суықтың түсуі
11. 1822 жылғы ''Сібір қазақтарының Ережесі'' бойынша құрылған әкімшілік жүйесіндегі ауыл неше шаңырақтан тұрды?
A) 50-60 шаңырақ.
B) 20-30 шаңырақ.
C) 30-40 шаңырақ.
D) 40-50 шаңырақ.
E) 60-70 шаңырақ.
12. Әскери губернатордың талабы бойынша ''Жетісуға шаруаларды қоныс аудару туралы Уақытша Ережені'' қабылдаған:
A) Крыжановский.
B) Колпаковский.
C) Веревкин.
D) Рукин.
E) Перовский.
13. 1891ж. "Ережеге" сай Қазақстанда құрылған генерал-губернаторлық.
A) Түркістан генерал-губернаторлығы.
B) Шығыс-Сібір генерал-губернаторлығы.
C) Орынбор генерал-губернаторлығы
D) Дала генерал-губернаторлығы.
E) Батыс-Сібір генерал-губернаторлығы
14. Семейдегі Абай білім алған оқу орны.
A) 4 сыныпты гимназия.
B) "Ахмет Риза" медресесі.
C) Семей облыстық статистикалық комитет.
D) Семей училищесі.
E) Қазақ мұғалімдер мектебі.
15. "Қалқаман-Мамыр" поэмасының авторы:
A) С. Торайғыров.
B) М.Көбеев.
C) Ш.Құдайбердиев.
D) С.Дөнентаев.
16. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының негізгі қозғаушы күші:
A) Лауазымды адамдар.
B) Болыстар.
C) Дінбасылары.
D) Қарапайым көшпенділер.
E) Қазақ жұмысшылары, қолөнершілері, шаруалары.
17. "Алаш" партиясы қашан құрылды?
A) 1919 ж.
B) 1916 ж.
C) 1917 ж.
D) 1913 ж.
E) 1918 ж.
18. 1918 жылы наурыздың 2-нен 3-не қараған түні қарулы көтерілістің нәтижесінде қандай қалада Кеңес өкіметі орнады?
A) Орынборда.
B) Семейде.
C) Петропавлда.
D) Верныйда.
E) Әулие Атада.
19. XXғ. 20-жылдары қазақ өлкесіндегі жоғарғы әскери-азаматтық басқарма:
A) Қазақ АКСР-і ОАК.
B) Қазақ АКСР-і төтенше комитеті.
C) Қазревком.
D) Қазақ АКСР-і ХКК.
E) Ревтрибунал.
20. 1920-1924 ж.ж. Қазақ АКСР-ның астанасы болған қала:
A) Орынбор.
B) Верный.
C) Петропавл.
D) Қызыл орда.
E) Орал.
21. Сібір мен Орта Азияны қосатын темір жол:
A) Орта азиялық темір жолы.
B) Түрксіб.
C) Сібір темір жолы.
D) Қиыр Шығыс темір жолы.
E) КВЖД.
22. 1930 ж. қаңтарынан 1931 ж. маусымы аралығында Қазақстаннан басқа жаққа көшіп кеткен адам саны:
A) 1,5 млн. адам.
B) 2,5 млн. адам.
C) 850 мың адам.
D) 2 млн. адам.
E) 1 млн. 70 мың адам.
23. Қызыл астананы (Қызылорда, 1928) салушылардың ''қаскүнемдігіне'' қатысы бар деп кінә тағылғандар.
A) П.Т.Буддаси, С.Б.Голдгор, М.Тынышпаев.
B) Л. Мирзоян, С. Шариков, Т. Жүргенов.
C) М. Тәтімов, К. Таштитов, И. Беккер.
D) С. Нұрпейісов, Н. Нұрмақов, С. Сегізбаев.
E) Ж. Аймауытов, Ә.Ермеков, Х. Досмухамедов.
24. 1932 жылы ашылған, КСРО Ғылым Академиясының Қазақстан базасының құрамында қандай екі сектор болды?
A) Физика-техникалық және лингвистикалық.
B) Зоологиялық және ботаникалық.
C) Археологиялық және этнографиялық.
D) Әдебиет және тіл.
E) Математикалық және астрономиялық.
25. Ленинград майданынан Ж. Жабаевқа хат жолдаған мерген:
A) Д. Шыныбеков.
B) М. Ғабдуллин.
C) Қойбағаров.
D) А. Суханбаев.
E) С. Жылқышев.
26. 1949 жылдың көктемінде Алматыда ашылған автоматты станция астананы неше қаламен байланыстырды?
A) 36
B) 56
C) 50
D) 45
E) 60
27. Қандай себеппен 1957-1958 ж.ж. шаруалардан ірі қараны ала бастады?
A) Шығыс Еуропа елдеріне келісім бойынша ет жеткізу көлемі өскендіктен.
B) Колхоз-совхоз малының санын өсіру үшін.
C) Мемлекетке ет өткізуді өсіру үшін.
D) Ет шаруашылығының төмендегендігінен.
E) Шаруалардың жағдайын жақсарту үшін.
28. Қазақстанда соңғы Кеңестік Конституция қашан қабылданды?
A) 1990 ж. қазанда.
B) 1993 ж. қаңтарда.
C) 1937 ж. наурызда.
D) 1978 ж. сәуірде.
E) 1995 ж. тамызда.
29. 1990 ж. қарашаның басына қарай Қазақстандағы саяси қоғамдық бірлестіктердің саны:
A) 90-ға жуық.
B) 120.
C) 40-қа жуық.
D) 100-ден асты.
E) 60.
30. Қазақстан Республикасының әнұранының жаңа мәтіні қашан қабылданды?
A) 1989 ж. желтоқсанда
B) 1993 ж. желтоқсанда
C) 1990 ж. желтоқсанда
D) 1991 ж. желтоқсанда
E) 1992 ж. Желтоқсанда




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет