Қазақстан тарихы 18 - НҰСҚА
1. Тас дәуірінің ескерткіші - Обалысай Қазақстанның қай өңірінен табылды?
A) Солтүстік Қазақстаннан.
B) Оңтүстік Қазақстаннан.
C) Орталық Қазақстаннан.
D) Шығыс Қазақстаннан.
E) Батыс Қазақстаннан.
2. Сақтардың мал шаруашылығындағы ең маңыздысы
A) ешкі бағу
B) шошқа бағу
C) ірі қара мал бағу
D) жылқы өсіру
E) түйе бағу
3. Б.з.-дан бұрынғы III ғасырда Қазақстанның оңтүстігінде құрылған тайпалық бірлестік:
A) Аландар
B) Қаңлылар
C) Сарматтар
D) Қыпшақтар
E) Үйсіндер
4. Ұйғыр қағанаты қай жылдары өмір сүрді?
A) 1128-1213 ж.ж.
B) 756-940 ж.ж.
C) 744-840 ж.ж.
D) 942-1210 ж.ж.
E) 700-756 ж.ж.
5. Х-ХІІ ғ.ғ. солтүстік түркістандық сәулет өнеріне ... әсері болды.
A) Грек өнерінің
B) Иран өнерінің
C) Дала өнерінің
D) Орталық Азия өнерінің
E) Араб өнерінің
6. Түрік қағанаттарын орта ғасырларда төрт "әлем патшалықтың" қайсысына теңеді?
A) Шығыстағы адамдар патшасы империясы
B) Солтүстіктегі жылқы патшасы империясы
C) Патшалардың патшасы империясы
D) Оңтүстіктегі пілдер патшасы империясы
E) Батыстағы құнды байлықтар патшасы империясы
7. Қазақстан мен Орта Азияға кіргенге дейінгі Шыңғыс ханның жаулап алулары.
A) Корейлер
B) Үндіқытай түбегіндегі халықтар
C) Сібірдің шеткері халықтары
D) Солтүстік Қытайлар, буряттар және Оңтүстік Сібір халықтары, якуттар
E) Жапондар
8. Тарихи деректерде қай мемлекетті "маңғыт жұрты"деп атады?
A) Ноғай ордасын
B) Әбілхайыр хандығын
C) Ақ Орданы
D) Темір ұрпақтарының мемлекетін
E) Моғолстанды
9. Шығыстағы қазақ жерінен айырылып қалудың қаупі жоңғар мемлекетінің құрылуына әкеп соқты. Ол қай жылы болды?
A) 1635 ж.
B) 1615 ж.
C) 1655 ж.
D) 1645 ж.
E) 1610 ж.
10. ХІІІ ғ. екінші жартысында Жайық өзенінде қандай қала салынды?
A) Тараз
B) Сығанақ
C) Сарайшық
D) Отырар
E) Сайрам
11. Сырым Датұлы бастаған көтерілістің негізгі қозғаушы күштері:
A) төлеңгіттер, ру басшылары.
B) ауыл старшындары, болыстары.
C) жатақтар, қолөнершілер.
D) байлар, алыпсатарлар.
E) шаруалар, кедейлер.
12. Исатайды ұстап берушіге берілетін сыйдың мөлшері:
A) 500 сом.
B) 200 сом.
C) 700 сом.
D) 600 сом.
E) 1000 сом.
13. Жәңгір ханның ұсынысы бойынша Бөкей ордасында алғашқы діни емес мектеп қай жылы ашылды?
A) 1854 жылы.
B) 1874 жылы.
C) 1841 жылы.
D) 1856 жылы.
E) 1830 жылы.
14. 1867-1868 ж.ж. реформа жобасын дайындау жөніндегі комиссияға кім басшылық етті?
A) Генерал-губернатор А. Безак.
B) Бас штаб полковнигі А. Гейнс.
C) Әскери министр Милютин.
D) Капитан А. Проценко.
E) Ішкі істер министрлігінің кеңес мүшесі А. Гирс.
15. 2-ші мемлекеттік Думаға Жетісудан сайланған Қазақтың тұңғыш инженері-депутаты.
A) А. Бірімжанұлы
B) Ш. Қошығұлұлы
C) Нұрекенұлы
D) Ә. Бөкейханұлы
E) М. Тынышпайұлы
16. ''Қалқаман-Мамыр'' поэмасының авторы:
A) М.Шоқай.
B) Ш.Құдайбердіұлы.
C) С.Сейфуллин.
D) Ә.Бөкейханов.
E) А.Байтұрсынұлы.
17. 1916 ж. Жетісудағы көтерілістің қай жетекшісі Боралдайда дарға асылып өлтірілді?
A) Бекболат Әшекеев.
B) Аққозы Қошанов.
C) Жәменке Мәмбетов.
D) Ұзақ Саурықов.
E) Тоқаш Бокин.
18. 1917 жылғы I Бүкілқазақ съезі шешімдерінің бірі:
A) Жастар ұйымын құру.
B) "Алаш" партиясын құру.
C) "Қазақ" газетін шығару.
D) "Үш жүз" партиясын құру.
E) Қаз.АССР-ін құру.
19. Жетісуда Кеңес өкіметі орнаған мерзім:
A) 1917 ж. наурыз.
B) 1917 ж. сәуір.
C) 1918 ж. наурыз.
D) 1918 ж. мамыр.
E) 1919 ж. ақпан.
20. РКФСР-ның құрамында Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік республикасын құру туралы декрет қашан жарияланды?
A) 1920 ж. 26 қыркүйек.
B) 1920 ж. 26 шілде.
C) 1920 ж. 26 маусым
D) 1920 ж. 26 мамыр.
E) 1920 ж. 26 тамыз.
21. 1929ж. Қызылордадан ауысқан ҚазАССР-і астанасы:
A) Орынбор.
B) Омбы.
C) Семей.
D) Алматы.
E) Ақмола.
22. Индустрияландырудың міндеттерінің бірі:
A) Кәсіпорындарды национализациялау.
B) Ауыл шаруашылығының дамуы.
C) Көшпелілерді жаппай отырықшыландыру.
D) Техникалық, экономикалық артта қалуды жою.
E) Өңдеу комбинаттарын құру.
23. "Асыра сілтеу болмасын - аша тұяқ қалмасын!" - деп ұран тастаған асыра сілтеушілер:
A) Семейлік.
B) Торғайлық.
C) Жуалылық.
D) Жымпитылық.
E) Шұбартаулық.
24. Қазақстанның талантты архитекторлары мен инженерлерінің ішінде кімдерге Қызыл астананы салуда қастандық ұйымдастырды деп кінә тағылды?
A) М. Дүйсенбинов, Л. Мирзоян, В. Ланарсен.
B) Н. Нұрмақов, М. Тәтімов.
C) Д. Сәдуақасов, И. Қабылов.
D) П. Буддаси, С. Голдгор, М. Тынышпаев.
E) Ж. Аймауытов, А. Ермеков, Х. Досмұхамбетов.
25. ХХ ғ. 20-жылдары бірнеше рет басылып шыққан суретті әліппенің авторы:
A) Қ.Сәтпаев.
B) Ж.Аймауытов.
C) М.Әуезов.
D) Ә.Ермеков.
E) А.Байтұрсынов.
26. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанда даярланған офицерлер саны:
A) 16 мың
B) 18 мың
C) 15 мың
D) 14 мың
E) 17 мың
27. Ұлы Отан соғысы жылдары жұмысшылардың жетіспеушілігінен шығу үшін қандай жағдайға көшті?
A) еңбек резервтерінің мектептері мен училищелері құрылады.
B) шетел жұмысшылары шақырылды.
C) кәсіпорындарға жұмыс істеуге шаруаларды күшпен тартты.
D) кәсіпорындарға жұмысшыларға инвестицияны тартты
E) студент жастардың еңбегін пайдаланды.
28. Оқиғаны хронологиялық ретімен көрсетіңіз.
A) Теміртаудағы толқу, КОКП XX съезі, Кариб дағдарысы, тың игеру, КСРО-да атом бомбасын сынақтан өткізу.
B) Тың игеру, КОКП XX съезі, КСРО-да 1-ші атом бомбасын сынақтан өткізу, Кариб дағдарысы, Теміртаудағы оқиға.
C) КОКП XX съезі, тың игеру, КСРО-да 1-ші атом бомбасын сынақтан өткізу, Теміртаудағы толқу, Кариб дағдарысы.
D) КСРО-да 1-ші атом бомбасын сынақтан өткізу, тың игеру, XX съезд, Теміртаудағы толқу, Кариб дағдарысы.
E) Кариб дағдарысы, Теміртаудағы толқу, КОКП XXсъезі, КСРО 1-ші атом бомбасын сынақтан өткізу, тың игеру.
29. ХХ ғ. 91-шы жылы Қазақстанда жүмыс істеген кәсіптік театрлар саны:
A) 38
B) 48
C) 42
D) 30
E) 52
30. Президент пікірі бойынша, Орталық Азия Одағын күшейту үшін Қазақстан қатынасын дамытатын мемлекеттер:
A) Өзбекстан, Қырғызстан
B) Тәжікстан, Өзбекстан
C) Тәжікстан, Иран
D) Өзбекстан, Пәкістан
E) Иран, Пәкістан