38-НҰСҚА 1. Жебелі садақ және бумеранг қай дәуірге жатады?
A) Орта палеолит
B) Соңғы палеолит
C) Энеолит
D) Мезолит
E) Неолит
2. Андроновтықтар кен өндірген кезде қолданған әдісі
A) Тік қазу
B) Балғамен уату
C) Отпен уату
D) Қайламен омыру
E) Шахта қазу
3. Б.з.д. I мыңжылдықта Азия мен Еуропаны байланыстырып жұмыс істей бастаған жол:
A) Нефрит жолы.
B) Солтүстік жол.
C) Оңтүстік жол.
D) Дала жолы.
E) Лазурит жолы.
4. Оғыз қоғамында жеке меншік дамып, бай-ақсүйектердің пайда болу процесі қарқынды жүрді. Мүлік теңсіздігінің негізін не құрады?
A) Құл иелену.
B) Жайылым жерге жеке меншік.
C) Суға және жер суландыратын қондырғыларға жеке меншік.
D) Жерге жеке меншік.
E) Малға жеке меншік.
5. ІХ ғ. бастап алфавиттің қай түрі кеңінен тарады?
A) Грек
B) Араб
C) Парсы
D) Соғды
E) Ұйғыр
6. Ислам дінінің ағымы - суфизмнің негізін қалаған кім?
A) Қашқари
B) Мұхаммед
C) Бақырғали
D) Ахмет Яссауи
E) Арыстан баб
7. Монғол империясының негізін салушы Шыңғыс хан туған кезде оған берілген есім
A) Шағатай
B) Темучин
C) Жошы
D) Жебе
E) Тұлұ
8. Мемлекетті орталықтандыру үшін ісләмді күшейткен Моғолстан ханы:
A) Мұхаммед.
B) Қызыр-Қожа.
C) Ілияс-Қожа.
D) Есен бұға.
E) Тоғылық-Темір.
9. ХV-ХVІІ ғ. кімдер хан үшін міндеткерлік атқарудан босатылды?
A) Билер.
B) Байлар.
C) Сұлтандар.
D) Төлеңгіттер.
E) Батырлар.
10. XVI-XVII ғғ. тұрғын үйлердегі лас суларды тазартуға арналған қондырғы.
A) Суфа.
B) Тандыр.
C) Кутарме.
D) Кереге.
E) Ташнау.
11. Қазақстанда Семей бекінісі қай жылы салынды?
A) 1720 ж.
B) 1717 ж.
C) 1719 ж.
D) 1718 ж.
E) 1716 ж.
12. Найман руының сұлтаны Құдаймендінің Петербургке баласы Ғабдолланы жіберудегі мақсаты.
A) Құлжаға баруға рұқсат сұрау.
B) Жәміш бекінісі арқылы Шыңжаңға керуен тартуға рұқсат сұрау.
C) Пекинге баруға рұқсат сұрау
D) Қытайға баратын өз керуенін қорғайтын казак отрядын бөлуді сұрады.
E) "Үлкен тибетке" баратын жол ұсынды
13. 1847 ж. Қазақстанның қай аймағы Ресей билігін мойындамады?
A) Тарбағатай өңірі.
B) Қашғария.
C) Маңғыстау.
D) Оңтүстік Қазақстан.
E) Балқаш маңындағы жерлер.
14. 1897 жылғы халық санағы бойынша ең көп қоныстанған ең ірі қалалар
A) Ақ Мешіт, Көкшетау.
B) Атбасар, Зайсан.
C) Орал, Верный.
D) Әулие ата.
E) Павлодар, Өскемен.
15. "Торғай, Орал, Ақмола, Cемей облыстарын басқару туралы Уақытша ереже" шыққан уақыт.
A) 1868ж. қазан
B) 1872ж. ақпан
C) 1873ж. наурыз.
D) 1872ж. қазан
E) 1867ж. шілде
16. Төмендегінің ішінен Абай әнін табыңыз.
A) "Көзімнің қарасы"
B) "Ғақлия"
C) "Сегіз аяқ"
D) "Әбішке"
E) "Күлембайға"
17. 1916 жылдың қаңтарында солдат әйелдерінің толқулары қай жерлерде болды?
A) Екібастұз, Спасск кеніші.
B) Верный, Семей.
C) Түркістан, Жетісу.
D) Торғай облысы.
E) Ақмола облысы.
18. Қоғамды бір-біріне қарсы әрекет ететін күштерге бөлетін, елдің ішіндегі билік үшін болатын қарулы күрес.
A) Отан соғысы.
B) Партизан соғысы.
C) Локальды соғыс.
D) Ішкі соғыс.
E) Азамат соғысы.
19. ЖЭС(НЭП) кезеңіндегі ауыл шаруашылығын қалпына келтіруге байланысты құрылған ұйым:
A) Тұқым беру қоғамы.
B) Салық жинау қоғамы.
C) Статистикалық қоғам.
D) Ауылшаруашылығы несие қоғамы.
E) Ветеринарлық қоғам.
20. Ф.И.Голощекиннің Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарған жылдары:
A) 1925-1930 ж.ж.
B) 1925-1935 ж.ж.
C) 1924-1930 ж.ж.
D) 1926-1934 ж.ж.
E) 1925-1933 ж.ж.
21. Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда мал саны қанша болды?
A) 100 млн.
B) 50,5 млн.
C) 40,5 млн.
D) 20,5 млн.
E) 60 млн.
22. "Тракторды меңгеріңдер" деген бастама көтерген:
A) П.Н.Ангелина.
B) М.Д.Рогозина.
C) Р.Бүкірова.
D) Б.Досбаева.
E) С.Оңғарбаева.
23. Алматыда Ұйғыр халқының тарихында алғаш рет музыкалық-драма театр ұйымдастырылды.
A) 1933 ж.
B) 1934 ж.
C) 1932 ж.
D) 1930 ж.
E) 1931 ж.
24. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Ұлы Отан соғысы жылдарында қашан Каспий бассейнінде әскери жағдай енгізілді?
A) 1942 ж. қыста.
B) 1943 ж. көктемде.
C) 1941 ж. күзде.
D) 1942 ж. жазда.
E) 1942 ж. күзде.
25. 1947 жылы алғашқы өнімін шығарған қорғасын-мырыш комбинаты.
A) Өскеменнің.
B) Жезқазғанның.
C) Қарсақпайдың.
D) Лениногордың
E) Шымкенттің
26. 1958 ж. 1 тамызда металлургия комбинаты салынып жатқан Теміртау қаласы тұрғындарының наразылығы ірі әлеуметтік жарылысқа апарып соқты. Толқу мен тәртіпсіздіктің себебі:
A) Кәсіпорын басшылығының өрескел қарым-қатынасынан.
B) Өмір сүру деңгейінің төмендігінен.
C) Берілген жауаптардың бәрі дұрыс.
D) Ұлтаралық қарым-қатынастың шиеленісуінен.
E) Құрылыс материалдарының жетіспеушілігінен.
27. 1965 жылы өзінің алғашқы мұнайын берген:
A) Мұнайлы.
B) Теңіз.
C) Қарашығанақ.
D) Сұңқар.
E) Өзен.
28. XX ғ. 70-ші жылдары Қазақстанның халықаралық байланысы қандай салада қарқынды дамыды?
A) Саяси.
B) Мәдени.
C) Ғылыми.
D) Медицина.
E) Техника.
29. ХХ ғ.-ң 80-ші жылдарының аяғында КСРО-ның экспортында Қазақстанның алған орны?
A) төртінші
B) екінші
C) бесінші
D) үшінші
E) бірінші
30. КСРО-ның өмір сүрген кезеңі:
A) 1920-1990
B) 1922-1986
C) 1922-1991
D) 1922-1990
E) 1917-1991