40-НҰСҚА 1. Адам баласы жер бетінде пайда болған уақыт
A) Б.з.б. 5 млн.
B) Б.з.б. 4 млн.
C) Б.з.б. 1 млн.
D) Б.з.б. 3 млн.
E) Б.з.б. 2 млн.
2. Андроновтықтарда қай шаруашылық дамыған жоқ?
A) Шошқа шаруашылығы
B) Егіншілік
C) Жылқы шаруашылығы
D) Түйе шаруашылығы
E) Қой шаруашылығы
3. Халықтардың ұлы қоныс аударуының бастауына негіз болған тайпа:
A) Сақтар
B) Арабтар
C) Массагеттер
D) Ғұндар
E) Түркілер
4. Оғыз мемлекеті кіммен одақтасып 965 жылы Хазар қағандығын, 985 жылы Волга Булгариясын талқандады?
A) Түргеш қағанатымен.
B) Біріккен Қарлұқ мемлекетімен.
C) Киевтік Русьпен.
D) Қытаймен.
E) Мәуреннахрмен.
5. Ислам дінін уағыздаушы, Ахмет Иассауидің талантты шәкірті
A) Ж.Баласағұн
B) М.Хайдар
C) Қ.Жалаири
D) Бақырғани
E) М.Қашқари
6. Халық ішінде бөтен дінді таратушыларды қалай атаған:
A) Қажы.
B) Елші.
C) Миссионер.
D) Ағартушы.
E) Уағызшы.
7. Алтын Ордаға тәуелділіктерін мойындап, ұлы ханның қолынан "князь атағын" алып, алым-салық төлеп тұрған
A) Мәуереннахр мемлекеті
B) Қыпшақ хандығы
C) Еділ болгарлары
D) Болгар княздары
E) Орыс княздықтары
8. XIV ғасырдағы Ақ Орданың астанасы:
A) Сығанақ.
B) Отырар.
C) Сауран.
D) Яссы.
E) Созақ.
9. ХV-ХVІІ ғасырда қазақтар қандай жазуды қолданды?
A) Араб.
B) Қытай.
C) Орыс.
D) Түрік.
E) Иран.
10. Әмір Темір ислам дініндегі халықтардың рухани біртұтастығын көрсетіп, өз империясының күш-қуаты туралы түсінік беру үшін
A) Түркістандағы мешітті салуды бұйырды
B) Тадж Махал кесенесін салуды бұйырды
C) Бабаша-хатун кесенесін салуды бұйырды
D) Қарахан кесенесін салуды бұйырды
E) Ахмет Яссауи кесенесін салуды бұйырды
11. 1812 ж. Отан соғысына қатысқан батыр қазақ-орыс жігіттерінің ерліктерін жырлаушы ақын.
A) Ержанұлы.
B) Қарабатырұлы.
C) Байбатырұлы.
D) Нұртасұлы.
E) Абайұлы.
12. 1847 жылы Кенесары әскерінің жеңіліс тапқан жері:
A) Майтөбе.
B) Қарқаралы.
C) Жасқұс
D) Аңырақай.
E) Тастөбе.
13. 1854 жылы орыстар Верный бекінісінің фундаментін қалады, ол қазіргі:
A) Медеу.
B) Шымбұлақ.
C) Талғар.
D) Алматы.
E) Қарасай.
14. 1833 ж. А.С.Пушкин Орынбор қаласында қандай тарихи материалдар жинады?
A) Иван Грозныйдың тарихы.
B) Ганнибалдың тарихы.
C) І Лжедимтрий тарихы.
D) Пушкиннің отбасының тарихы.
E) Е.Пугачев көтерілісінің тарихы.
15. Х1Хғ. 60ж. Қазақ өлкесін реформалауға байланысты Ш.Уәлиханов айтқан пікір.
A) Қазақ өлкесінде Республика құруға үндеді.
B) Қазақ даласын бөлшектемей тікелей Петербург сарайына бағыну дұрыс деген пікір айтты.
C) Қазақ жерін бір генерал губернаторлыққа кіргізуді өтінді.
D) Қазақстанда хандық билікті қалпына келтіруді талап етті
E) Халықтың өзін-өзі басқару негізін қайта құруды талап етті.
16. Қазақ халқының жазба әдебиетінің негізін салушы, ұлы ойшыл ақын Абай өмір сүрген жылдар:
A) 1845-1904 ж.
B) 1855-1904 ж.
C) 1825-1904 ж.
D) 1835-1904 ж.
E) 1840-1904 ж.
17. 1916 жылғы ұлт-азаттық соғыстың негізгі қозғаушы күштері:
A) шаруалар, болыс бастықтары, ауыл старшындары.
B) шаруалар, болыс бастықтары, енді қалыптасып келе жатқан буржуазия өкілдері.
C) ауыл старшындары, ұлттық зиялылар, жұмысшылар.
D) ұлттық қолөнершілер, қазақ жұмысшылары, шаруа.
E) жұмысшылар, жаңа туып келе жатқан буржуазия, қолөнершілер.
18. Азамат соғысының басталуына түрткі болған оқиға.
A) Югослав корпусының бүлігі.
B) Батыс Украина корпусының бүлігі.
C) Чехословакия корпусының бүлігі.
D) Румын корпусының бүлігі.
E) Польша корпусының бүлігі.
19. 1922 ж. 4-ші тамыздағы Еңбек және Қорғаныс Кеңесі комитетінің қаулысы бойынша Қазақ АКСР 25 млн сомды қайда бөлді?
A) Ауылшаруашылық машина және құралдар сатып алуға.
B) Мал сатып алуға.
C) Халыққа тұрғын үй салуға несие беру.
D) Ашаршылықтан зардап шеккендерге несие беруге.
E) Астық тұқымын сатып алуға.
20. 1925 жыл. ВКП(б)XІV съезінің шешімі:
A) Ұжымдастыруға бағыт.
B) Индустрияландыруға бағыт.
C) Жер-су реформасы.
D) ЖЭС (НЭП) енгізу.
E) "Әскери коммунизм" саясаты.
21. Ұжымдастыру кезінде қарсылық көрсетудің қандай түрлері болды?
A) Көтеріліске шығу.
B) Белсенділерді өлтіру.
C) Берілген жауаптардың бәрі дұрыс.
D) Қалаға және құрылыстарға кету.
E) Басқа мекендерге кету.
22. А.С.Пушкин атындағы мемлекеттік кітапхана Алматыда қашан ашылды?
A) 1938 ж.
B) 1939 ж.
C) 1935 ж.
D) 1933 ж.
E) 1936 ж.
23. Ұлы Отан соғысы жылдарында күріштің әр гектарынан 260 пұттан өнім жинаған Сыр алқабының атақты күрішшісі:
A) С. Өтепбергенов.
B) Ұ. Иманқұлов.
C) Ж. Қуанышбаев.
D) Ы. Жақаев.
E) Ш. Берсиев.
24. Республика еңбекшілерін азық-түлікпен және өнеркәсіп өнімдерімен қамтамасыз етудің карточкалық жүйесі мен өлшемі қашан жойылды?
A) 1945 ж.
B) 1949 ж.
C) 1948 ж.
D) 1947 ж.
E) 1946 ж.
25. 1962 жылдары тың жерлерді игеру нәтижесінде Қазақстандағы тұрғындардың құрамындағы қазақтар қанша бөлігін құрады?
A) жартысын
B) бестен бір бөлігін
C) төрттен бір бөлігін
D) алтыдан бір бөлігін
E) үштен бір бөлігін
26. Хх ғ. 60 ж. ғылыми техникалық прогресс негізінде электротехникалық машина жасау жөніндегі пайда болған ірі кәсіпорындардың бірі:
A) Ақтөбе трикотаж фабрикасы.
B) Өскемен конденсатор зауыты.
C) Шымкент гидролиз зауыты.
D) Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты.
E) Шымкент қорғасын зауыты.
27. 1946-1980 жылдары Қазақстанның шет елдермен қандай байланыс түрі біршама жақсы дамыды?
A) Дипломатиялық.
B) Мәдени.
C) Fылыми.
D) Экономикалық.
E) Әскери.
28. 1991 ж. бас кезіне қарай ауыл тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнінен Қазақстан көптеген республикалардың соңында қалуының негізгі себебі:
A) Ауылға деген саясат дұрыс болмады.
B) Ауылда материалдық-техникалық базасының нашар күйінде қалуы және құрылыс материалдары қымбат болды.
C) Шағын ауылдардың "болашағы жоқ" деп есептелді.
D) Бүкіл 12-ші жылдық бойына ауылдық жерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету үздіксіз кеміп отырды.
E) Халықтың басым көпшілігі қалаларда тұрды.
29. 1991 ж. қыркүйекте Қазақстан компартиясын тарату нәтижесінде құрылған партия
A) демократиялық
B) Социалистік
C) социал-демократиялық
D) либерал-демократиялық
E) халықтық-демократиялық
30. Жоғарғы Кеңестің сессиясында қашан Мемлекеттік Ту және Елтаңба бекітілді?
A) 1989 ж. маусымда
B) 1993 ж. маусымда
C) 1992 ж. маусымда
D) 1991 ж. маусымда
E) 1990 ж. Маусымда