43-НҰСҚА 1. Қазақстан жерінде ежелгі адамның іздері ерте палеолит дәуіріндегі қай кезеңдерді қамтиды?
A) Б.з.д. 25-20 мыңжылдықтарды.
B) Б.з.д. 40-30 мыңжылдықтарды.
C) Б.з.д. 800-140 мыңжылдықтарды.
D) Б.з.д. 80-40 мыңжылдықтарды.
E) Б.з.д. 140-40 мыңжылдықтарды.
2. Андронов мәдениетінің бас кезінде адам өлігін өртеу рәсімі неге байланысты болды?
A) Ата-баба рухына табынуға
B) Жерге табынуға
C) Отқа табынуға
D) Мәйіттің алдындағы үрейге
E) Күнге табынуға
3. Үйсіндердің астанасы ... қаласы болды.
A) Шырық-рабат
B) Чугучен (Қызыл аңғар)
C) Суяб
D) Битянь
E) Янгикент
4. Түркештер тайпасының негізін салушы -
A) Сұлу қаған
B) Үш-Елік қаған
C) Мұқан қаған
D) Есенбұға
E) Білге қаған
5. Шығыстың атақты ғалымы, екінші ұстаз, ІX-Xғ. өмір сүрген данышпан адам:
A) Гардизи.
B) Әль-Фараби.
C) Ахмет Яссауи.
D) Әль-Бируни.
E) Ибн-Батута.
6. Түрік қағанаттарын орта ғасырларда қандай патша империясы деп атады?
A) Оңтүстіктегі пілдер патшасы империясы
B) Шығыстағы адамдар патшасы империясы
C) Батыстағы құнды байлықтар патшасы империясы
D) Патшалардың патшасы империясы
E) Солтүстіктегі жылқы патшасы империясы
7. Деректерде Бату хан әскері қалай аталған?
A) Маңғыттық.
B) Монғолдық.
C) Татарлық.
D) Қыпшақтық.
E) Ноғайлық.
8. Ноғай ордасы
A) Сырдария мен Амудария аралығы аумағын иеленді
B) Жайық пен Ертіс аралығы аумағын иеленді
C) Сырдария мен Іле аралығы аумағын иеленді
D) Еділ мен Жайық аралығы аумағын иеленді
E) Шу және Талас алқабы аумағын иеленді
9. Тәуке ханның құқық нормалары жинағы.
A) "Дала заңы".
B) "Бес жарлық".
C) Адат.
D) Қазақ хандығы заңдары.
E) "Жеті жарғы".
10. Қазақ ханының өзі басқарып отырған елінен іріктеп алған шағын жасағы:
A) Төлеңгіттер.
B) Байлар.
C) Билер.
D) Сұлтандар.
E) Жатақтар.
11. Кіші жүздегі хандық биліктің жойылған мерзімі:
A) 1825 ж.
B) 1823 ж.
C) 1822 ж.
D) 1821 ж.
E) 1824 ж.
12. Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталу кезеңіндегі Жетісудың қай батырлары мен билері орыс әскерлерін қолдады?
A) Ағынтай,Нартай батыр, Асан би.
B) Алшыбай би, Қыдырбай.
C) Жасыбай батыр, Үмбетей би.
D) Малайсары, Жақып би.
E) Сұраншы, Шаян батыр, Жайнақ би.
13. XІX ғ. І жартысында көшпелі қазақ халқының әдеп-ғұрыптары мен салт-дәстүрін зерттеген белгілі орыс ғалымы.
A) Карамзин.
B) Карелин.
C) Левшин.
D) Дельвиг.
E) Соловьев.
14. Х1Хғ. соңындағы жұмысшы қозғалыстарының саяси әлсіздігінің себебі.
A) Қазақтар арасындағы рулық-патриархалдық құрылыстардың сақталуы.
B) Ұлттық құрамы әртүрлі болды.
C) Өндіріс орындарының ұсақтығы, жұмысшылар санының аздығы.
D) Әлеуметтік құрамы әркелкі болды.
E) Қазақстандағы тап күресінің әлсіз болуы.
15. "Балқадиша", "Маңмаңгер", "Құлагер" әндерінің авторы:
A) Ақан сері.
B) Біржан-cал.
C) Балуан Шолақ.
D) Естай.
E) Жаяу Мұса.
16. ХІХ ғ. аяғы - ХХ ғ. басында Қазақстанға жаңа теміржол желісін салуға кіріскенде патша үкіметі қандай мақсатты көздеді?
A) Қазақ халқының ұлт-азаттық күресі күшейген жағдайда Ресейден қарулы күштерді тез жеткізу үшін.
B) Қазақстан мен Орта Азияны Ресейдің өнеркәсіп орталықтарымен байланысын нығайту үмітінде.
C) Аумақтың шикізатын кеңінен пайдалану үшін.
D) Берілген жауаптардың бәрі дұрыс.
E) Жалпыресейлік жаңа шаруашылық қатынастардың жүйесіне Қазақстанды тартуды тездету.
17. 1916 жылғы тамыздың 23-де генерал - губернатор Куропаткиннің бұйрығымен қара жұмысқа шақырудан мыналар босатылды:
A) Есепшілер, бухгалтерлер.
B) Төменгі полициялық шенділер.
C) Жауаптардың бәрі дурыс.
D) Басқарманың лауазымды адамдары.
E) Имамдар, молдалар.
18. Майданнан қара жұмысқа алынған адамдарды қайтарған жыл:
A) 1919 жыл.
B) 1920 жыл.
C) 1921 жыл.
D) 1918 жыл.
E) 1917 жыл.
19. Орал облысында Кеңес үкіметі қашан түпкілікті орнады?
A) Азамат соғысы қарсаңында.
B) Кеңес үкіметінің салтанатты шеруі кезінде.
C) Азамат соғысынан кейін.
D) Петроградтағы Қазан төңкерілісінен кейінгі екінші күні.
E) Азамат соғысы кезінде.
20. Черкасск қорғаушылары кімнің әскерлерімен шайқасты?
A) Деникин әскерлерімен.
B) Анненков әскерлерімен.
C) Врангель әскерлерімен.
D) Чехословак топтарымен.
E) Дутов әскерлерімен.
21. 1925ж. ЖЭС нәтижесі:
A) Берілген жауаптардың бәрі.
B) Жәрменкелер қайтадан ашылды.
C) Көлік дамыды.
D) Кәсіпорындардың 60% іске қосылды.
E) Мал басы өсті.
22. Қазақстанның астықты аудандарындағы колхоздық құрылыстың негізгі формасы:
A) Машина тракторлық станция.
B) Жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік.
C) Совхоздар.
D) Ауыл-шаруашылығының артелі.
E) Факториялар.
23. Қызыл астананы (Қызылорда, 1928) салушылардың ''қаскүнемдігіне'' қатысы бар деп кінә тағылғандар.
A) М. Тәтімов, К. Таштитов, И. Беккер.
B) Л. Мирзоян, С. Шариков, Т. Жүргенов.
C) С. Нұрпейісов, Н. Нұрмақов, С. Сегізбаев.
D) П.Т.Буддаси, С.Б.Голдгор, М.Тынышпаев.
E) Ж. Аймауытов, А.Ермеков, Х. Досмұхамедов.
24. 1934 ж. ашылған жоғары оқу орны.
A) Қазақ мемлекеттік университеті.
B) Ауыл шаруашылық институты.
C) Зоотехникалық-малдәрігерлік институты.
D) Қазақ педагогика институты.
E) Медицина институты.
25. Әуе шайқасында жаудың 37 самолетін құлатқан Қазақстандық ұшқыш
A) Т. Бегельдинов.
B) С. Луганский.
C) Н. Әбдіров.
D) И. Павлов.
E) Л. Беда.
26. Соғыстан кейін ірі қаржыға халық аз орналасқан аудандарда құрылған мекемелер:
A) Интернат мекемелері.
B) Еңбек резервтерінің мектебі.
C) Жалпы білім беретін мектептер.
D) Бастауыш мектептер.
E) Кәсіптік техникалық мекемелер.
27. Бесінші бесжылдықта КСРО-да салынған темір жолдардың ішіндегі Қазақстанның үлесі
A) 15%
B) 10%
C) 25%
D) 30%
E) 20%
28. Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты металлургияның сенімді шикізат көзіне қашан айналды?
A) ЖЭС жылдары.
B) 1950 жылдары.
C) 1970 жылдары.
D) 1940 жылдары.
E) 1930 жылдары.
29. Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуы аяқталған жыл:
A) 1989ж. ақпанда.
B) 1988ж. қыркүйекте.
C) 1990ж. наурызда.
D) 1986ж. желтоқсанда.
E) 1985ж. қантарда.
30. Қазақстан Республикасында халық атынан сөз сөйлеуге құқығы бар
A) парламент пен үкіметтің
B) президент пен парламенттің
C) конституциялық кеңестің төрағасы
D) бас прокурор
E) жоғары соттың төрағасы