Қант өнеркәсібінің өнімдері Қант өнеркәсібі төмендегі қант түрлерін шығарады: -құмшекер-ақ түсті, тәтті дәмі бар, иіссіз(құрамында ылғал-0,14% артық емес, сахароза-99,75% кем емес, металл өнімдері 1кг қант көлемінде 3мг артық емес)сусымалы(бөлшексіз) өнім; -сұйық қант-ақшыл сары түсті, тәтті дәмі бар, иіссіз (құрамында сахароза жоғары санатқа-99,80% кем емес, бірінші санатқа-99,5% кем емес) сұйық тағамдық өнім; -шақпақ қант (рафинад)-иіссіз, ақ түсті, тәтті дәмі бар (құрамында сахароза-99,9% кем емес, ылғал-0,2% артық емес) тығыздалған бөлшек қант өнімі;
Қант өндірісі — қант қызылшасы мен қант құрағынан кристалды ақ ұнтақ қант және шақпақ-қант өндіру. Біздің елімізде қант құрамында 17,5% қант болатын қант қызылшасынан өндіріледі. Қант өндірісінің негізгі процестері: қызылшаны жуу, жапыр ақшалап турау, диффузиялық аппараттарда өңдеу, диффузиялық шырынды тазарту (дефекация, сатурация, сульфитация), тазартылған шырынды булау, қою шырынды құрғақ заттары 92,5% болғанша қайнату, центрифугалау, ұнтақ кептіру, салқындату; мұның нәтижесінде ұнтақ қант алынады кесек қант құмшекер қанттан жасалады.
Өскемен 2023