Итальян тілінде бәрімізге «buona fortuna» «Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану» пәні бойынша №1 межелік бақылау сұрақтары


Мемлекет мынадай қызметтерді атқарады



бет45/54
Дата11.04.2022
өлшемі152,67 Kb.
#138763
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   54
Байланысты:
ӘСМ 1 РК

Мемлекет мынадай қызметтерді атқарады: шаруашылық жүргізу (меншік) мәселелерін реттеу (бөлу), жер бөлу, алым-салық жүйесін белгілеу, адамдардың құқықтық жағдайын белгілеу, қорғанысты қамтамасыз ету, тағы басқа мемлекет саяси ұйымдардың ішіндегі ерекше күрделісі және қуаттысы бола отырып, бүкіл қоғамды қамтып, сол қоғам атынан оның ішінде де, сыртында да өкілдік етіп, сол қоғам үшін қызмет ететін саяси ұйым. Осыған орай мемлекеттің қоғам өміріне тікелей және жанама әсер ететін ерекше органдары және оны басқа саяси ұйымдардан ажырататын белгілері бар:
1) өз аумағында бүкіл қоғамның жалғыз ресми өкілі ретінде халықты азаматтық тұрғыда біріктіреді;
2) жоғарғы билік, тәуелсіздік мемлекетте ғана болады. Ол басқа мемлекеттерден тәуелсіз, яғни сол қоғамның ең жоғарғы билігін өз қолында ұстап, ішкі және сыртқы саясатын өз қалауымен жүзеге асырады;
3) заң күші мен құқық нормаларын шығару, құқық шығарма мемлекетке ғана тән;
4) билеуші органдарының болуы. Оның органдарында тек қана басқару ісімен шұғылданатын арнайы қызметкерлері болады. Қоғам тәртібін сақтау үшін мемлекет әскері мен жасағы құрылады. Сыртқы күштердің ықпалынан қорғану үшін оларға қарсы барлау ұйымдастырылады;
5) мемлекет органдары мен онда қызмет ететін адамдарды қаржыландыратын арнаулы материалдық қор болады, ондай қор жасау үшін алым-салық белгілейді және жинайды;
6) өз тұрағы, аумағы бар. Сол аумақта билігі жүреді, өмір сүреді және оны қорғау мақсатында тынымсыз әрекет жасайды. Басқаруды тиімді жүзеге асыру үшін аумақты әкімшіліктерге бөледі.
7) құқықтық жүйенің қалыптасуы. Басқарылатын қоғамдық қатынастарды реттеп, оларды қажетті қалыпқа салып, тәртіп орнату үшін құқықтық нормалар жасалынады.
Оларды жасап, қабылдайтын мемлекеттің тиісті өкілетті органы болады. Мемлекетті шаруашылық жүргізу тәсіліне қарай құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық, социалдық деп бөлу олқылықтарына қарамастан бүгінгі күнге дейін сақталып отыр. Сонымен бірге батыс зерттеушілері мемлекетті мәдени белгілеріне қарай ислам, қытай, батыс, православтық деп өркениеттік жіктеу негізінде де бөледі. Осы пайымдауларға қоса мемлекеттерді пайда болған табиғи ортасына қарай ірі өзендер аймағында, теңіз жағалауларында, далалы-орманды жерлерде пайда болған мемлекеттер деп бөлуге болады. Мемлекеттің пайда болуына әр түрлі табиғи орта мен әлеуметтік жағдай әсер етеді, сондықтан да белгілі бір аумақтағы мемлекеттің қалыптасу барысы әр түрлі болады. Ол мемлекет туралы әр түрлі ілімдердің пайда болуынан көрінеді.
48.Мемлекет қоғамның саяси өмірінің негізгі институты ретінде.
Мемлекет туралы мәселенің саясаттанудың ең басты, орталық тақырыптардың санатына жататындығы сөзсіз. Өйткені қоғамның саяси жүйесінде мемлекет басты қызмет атқаратындықтан, саяси жүйенің тиімділігі оның іс-әрекетіне елеулі дәрежеде тәуелді. Мемлекеттің жоғары әлеуметтік-саяси әрекеттілігі, саяси жүйенің өзіндік ерекшеліктерінің мемлекеттік органдар құрылымы мен функцияларында тікелей және толықтай жүзеге асуы, саяси режимдердің мәні мемлекетті саяси жүйенің мейлінше сипатты, көрнекті элементіне айналдырады. Мемлекет жоғары нәтижелі құндылық әрі саяси еріктің жүзеге асуының тиімді құралы ретінде барлық кезеңдердегі ойшылдардың назарын өзіне аударды.
Өркениет тарихында мемлекеттіліктің дамуы үлкен дәрежеде толыққанды әрі проблематикалы және орасан зор танымдық мәнге ие болуы себепті мемлекеттің пайда болуын зерттеу кең тарихи негіздерге құрылуы керек. Мемлекет тарихы мәні мен мазмұны бойынша ел тарихы, оның халқының тағдырының тарихы, өйткені мемлекет – биліктік құрылымдардағы халық субъектілігі. Осыған орай, халық қандай болса, мемлекеттік билік пен мемлекет соған сай болады. Тағы да ескерер жайт, мемлекеттің қоғам өміріндегі пайда болуын, рөлі мен орнын сипаттайтын теориялық мәселелер идеологиялық қабаттарға ие, оларды сыни тұрғыдан қайта зерделеу бұл мәселелерге ғылыми түрде дәлелді, саясаттанулық сараптау беру үшін қажетті. Саяси ойлар тарихында парадигмалардың алмасуы мемлекет туралы ілімнің теориялық мәселелерінде, яғни оның генезисінде, әлеуметтік қажеттілікті негіздеуінде, функцияларды айқындауында, мемлекеттік билік органдарының қалыптасуы мен құрылымдануында, халық пен биліктің арақатынасын анықтауында мейлінше дәл және тікелей көрінеді. Мемлекет туралы ілімнің парадигмалық ерекшеліктері келесі негізгі концепцияларда көрінеді:
1. Діни-мифологиялық, теократиялық.
2. Табиғи-тарихи, натуралистік.
3. Келісімдік.
4. Әлеуметтік-экономикалық, таптық .
5. Либералды-демократиялық, құқықтық .
Мемлекеттің қазіргі түсінігі ізденудің қиын жолынан өткен, ол мультипарадигмалық болып табылады және мемлекет пен биліктің шығу тегінің мифологияландырудың қажеттігін, табиғи-тарихи, натуралистік негіздердің бар екендігін, мемлекет пен мемлекеттік билікті әлеуметтік-таптық мүдделердің басымдығын қамтамасыз ету үшін пайдаланудың, тұлғаның, оның мүдделері мен бостандығын және оларды құқықты тұрғыда қамтамасыз ету маңыздылығын қамтиды.
49Саяси партиялар: ұғымы, мәні және белгілері.
"Партия" деген сөз латын тілінен шыққан. бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді. Тұңғыш, алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грекияда пайда болған. Партияның негізгі мақсаты - мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған. Партиялар сайлауға, мемлекеттік органдар құруға, мемлекеттік маңызды шешімдер қабылдауға және оларды іс жүзіне асыруға белсене қатысады. Партиялар арқылы әр түрлі әлеуметтік топтар өздерінің саяси талаптарын мәлімдейді. Қазіргі демократиялық қоғамдағы партияның маңызды міндеті – азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланысты баянды ету.
Американың саясаттанушысы Ла Паломбараның айтуынша партиялар мынадай төрт белгімен сипатталады:
1. Партия белгілі бір идеологияны қорғайды.
2. Партия- адамдарды жергілікті ұйымнан бастап, халықаралық дәрежеге дейін ұзақ біріктіретін ұйым.
3. Партияның мақсаты- билікті қолға алып, жүзеге асыру.
4. Әр партия өзіне халықтың дауыс беруінен, мүше болуына дейінгі қолдауын қамтамасыз еткісі келеді.
Жалпы саяси партиялардың мынадай сипатты белгілері болады:

  1. Партия бағдарламасының болуы

  2. Саяси билік үшін күрестің болуы

  3. Партиялық тәртіптің болуы

  4. Партияға мүшелік ету

  5. Мүшелік жарна төлеу

  6. Партияның жарғысының болуы

  7. Баспа органдардың (газет, журнал) болуы

  8. Партия басшылығының көптеген өкілеттігі

  9. Кәсіптік негіздегі партия аппартының болуы

Осындай белгілері бар саяси партиялар тапты немесе әлеуметтік топты ұйымдастырады, жұмысына мақсаттылық сипат береді, белігілі бір идеалогияны қорғайды, бағыт береді.
ҚР Конституциясы бойынша діни, кәсіби, әскери белгілері бойынша партия құруға тыйым салынған. ҚР Констититуциясының 23 бабының 2 тармағы бойынша
Егер қосымша керек болса. Сонымен саяси партиялардың негізгі қызметтері төмендегідей:

Саяси

Билік үшін күрес. Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын жасауға, қалыптастыруға, іске асыруға, тіклей қатынасу. Балама ұсыныстар асыру. Сайлау науқанына белсенді түрде ат салысып, оған байланысты бағдарламаны орындау. Саяси бағытты тұжырымдау.

Ұйымдастырушылық

Бағдарламалық мақсаттар мен шешімдерді жүзеге асыру. Сайлау науқанын өткізу. Сайлап қойылатын қызметтерге кандидаттар іріктеу. Басқару элитасына кадрлар дайындап ұсыну. Үкімет құрамын сол сияқты басқа да билікті құрылымдарды құрастыруға қатысу.

Теориялық

Қоғам дамуының негізгі салалары бойынша және оның дамуы жолдарын талдап, теориялық жағынан бағалау. Әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін анықтап үйлестіру. Қоғамды жаңартудың стратегиясы мен тәсілін тұжырымдап бұқараны қимыл бірлігіне теориялық жағынан әзірлеу.

Идеологиялық

Еңбекші бұқара арасында өз көзқарасын, ізгі мұраттарды тарату, оны іскерлікпен ұштастыру. Өз бағдарламасы мен саясатын насихаттау. Азаматтардың түбегейлі мүдделерін ескере отырып өз бағытын қолдауға жұмылдыру және партия қатарына тарту, т.с.с.

50Саяси партиялардың типологиясын көрсетіп, олардың критерийлерін анықтаңыздар.


Саяси партияларды жіктеп, жүйелеудің көптеген өлшем және белгілері бар. Бірақ, біз үшін ең бастысы мыналар болып саналады.
Саяси өмірдегі алатын орны, билікті жүзеге асыруға қатысына қарай саяси партиялар билеуші және оппозициялық (латынның “қарсы қою” деген сөзінен шыққан) болып бөлінеді. Билеуші партиялардың қолдарына мемлекеттік билік тигендіктен оларға бүкіл қоғам дамуының басты бағыттары мен сипатын айқындауға мүмкіндік туады. Яғни олар басқа партиялардың үстінен билікке ие болады. Мұндай мүмкіндігі жоқ басқа партиялар өз мүдделерін басқа жолмен қорғайды. Олар бұл мақсатқа өздерінің конституциялық құқығын, парламент мінбесін, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланады. Белгілі бір қоғамдық пікір тудырып, билеуші партияға сырттай ықпал жасайды. Мұндай саяси партиялар оппозициялық деп аталады. Олар басқарушы партияның саясатын сын көзбен бағалайды. Қоғамның даму бағдарламасын жасайды, басқа мемлекеттермен қарым-қатынастарға өздерінің көзқарастарын білдіреді. Жалпы оларға қарсыластық қасиет тән келеді.
Билік үшін күреске қатысып жүрген саяси партиялардың саны жағынан олар көппартиялық, екіпартиялық және бірпартиялық болып топтастырылады.

  • Бірпартиялық жүйе өзінен басқа, әсіресе бәсекелес партияларды болдырмайды. Ол тоталитарлық және авторитарлық қоғамдарға тән. Мұндай тәртіпке басқарушы партия бақылаушы және сынаушы оппозициялық партиялардың жоқтығын пайдаланып, саяси билікті бүтіндей қолына алып басқа мемлекеттік органдарды ығыстырады. Ондай партия бұрын КСРО-дағы коммиунистік партия болды, қазір Қытай, КХДР, Кубада бар.

  • Екіпартиялық жүйеде - билік үшін нағыз бәсекелестік ең ірі екі партияның арасында жүреді. Мұнда жалпыға бірдей тікелей сайлау нәтижесінде екі партияның бірі өзінен- өзі автоматты түрде парламентте көпшілік орынды қамтамасыз етеді. Ол министрлер кабинетінің орнықтылығын қамтамасыз етеді. Мысал ретінде АҚШ-тағы республикалық және демократиялық, Ұлыбританияда- консерваторлар мен лейбористер, Германияда- христиандық демократтар мен социал-демократтар партиясы осы екі партиялық жүйеге жатады.

  • Көппартиялық деп мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрін айтады. Онда үш және одан артық партия қатысады. Мысалы, Қазақстан, Австрия, Бельгия, Дания, Нидерландыдыдағы көппартиялықты жатқызуға болады.

51Мемлекет теориялары мен пайда болу тұжырымдамалары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет