Ықтималдылықтар теориясы кездейсоқ құбылыстардың заңдылығымен айналысатын математикалық ғылым болып табылады


§1. Комплексті шарт, сынау, оқиға, жағдайлар



бет2/30
Дата07.02.2022
өлшемі0,74 Mb.
#92932
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
598d605b-380b-11e3-9dea-f6d299da70eeықтималдық теориясы

§1. Комплексті шарт, сынау, оқиға, жағдайлар.
Бұл ұғымдарды түсіндіру үшін мысалдарға жүгінейік.
1-мысал. Басбармағымыздың үстіне монетті қойып, оны қаттырақ ыршытып жіберейік. Монет жоғары ыршып, бетті тегіс еденге түседі де, дөңгелеп барып бір жағымен жатады.Сайып келгенде монеттің жерге жалпағынан түсуі үшін, көптеген қимыл-әрекеттер жасалынды, бұлардың жиынын комплексті шарт деп атайды. Ал лақтырылған монеттің тиын (не герб) жағымен жоғар қарап түсуі осы комплексті шарттың орындалуының нәтижесі болады. Мұны оқиға деп атайды.
2-мысал.Бір тектес материалдан жасалған симетриялы дұрыс кубтың әрбір жағын 1-ден 6-ға дейінгі цифрлармен нөмірлейік. Оны бір рет лақтырғанда (комплексті шарт орындалғанда) 6 жағының бірі жоғары қарап түседі, қай жағы (нөмірі) түссе де мұнымыз оқиға болады.
3-мысал. Сынап бағанасының 760мм қысымда суды 1000С дейін қайнатсақ, ол буға айнала бастайды. Судың буға айналуы оқиға болады да, ал сол бу пайда болғанға дейінгі барлық әрекеттер жиыны комплексті шарт болып табылады.
Комплексті шарт деген терминнің орнына сынау, тәжірибе, эксперимент терминдерін де пайдаланады. Біз көбінесе сынау терминін қолданатын боламыз. Бұдан былай сынау нәтижесін оқиға деп түсінетін боламыз. Әдетте оқиғаларды А,В,С, ... бас әріптермен белгілейді.
Бұл мысалдардан біз сынау жүргізілгенде монет (куб) жерге бір бетімен түскенде, оның екінші бетінің жоғары қарап түспейтінін байқап отырмыз. Мұндай рқиғаларды, яғни сынау жүргізген кезде бірі пайда болғанда, екіншісі пайда болмайтын нәтйжелерді (оқиғаларды)жағдайлар дейміз. Оларды А12, ...,Аn әріптерімен белгілейміз. Осы сыналынатын жағдайлардың барлық (жалпы) санын n-мен белгілейміз. Мысалы, моменті лақтырғандағы жағдайлар саны n=6 болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет