Жаттығулар
1. Пачкадағы 100 лотерея билетінің 20-сы ұтыс билеті. Жеке-жеке сатып алынған екі билеттің екеуі де ұтыс билеті болу ықтималдығын анықтаңыз.
2. Оқушы программа бойынша құрастырылған 30 сұраудың 25-ін біледі. Мұғалімнің берген үш сұрауына да оқушының дұрыс жауап беру ықтималдығын анықтаңыз.
3. Жәшікте 6 қызыл түсті, 4 ақ түсті шар бар. Жәшіктен кез келген үш шар алынды. Үшеуінің де қызыл түсті болу ықтималдығын анықтаңыз.
4. 42 қазақ әріптерінен кез келген 7әріпті алып, қатарынан тіркестіре қойғанда «Шымкент» сөзінің шығу ықтималдығы неге тең?
5. Колодадағы 36 картадан бірден төрт карта алынды. Бұл карталардың әр түсті болу ықтималдығын анықтаңыз.
6. Бір кластағы 24 оқушының 4-уі үздік оқиды, екінші кластағы 22 оқушының 5-уі үздік оқиды. Әр кластан кез келген бір -бір оқушы шақырылды. a) Бұлардың екеуі де үздік оқушы, ә) біреуі үздік оқушы болу ықтималдығын анықтаңыз.
7. Біреуді туған күнімен құттықтауға N жолдастары келеді. Келген қонақтардың аяқ киімдерінің өлшемі бірдей және бәрінің де галоштары бар. Олардың әрқайсысы өзінің оң аяғының галошын сол аяғының галошынан ажырата алады, бірақ бірінің галошын екіншісі ажырата алмайды. Мына ықтималдықтарды анықтаңыз:
a) әр қонақ өз галошын киеді;
ә) әр қонақ бір кісіге тиісті пар галошты (ол пар галош өзінікі болмауы да мүмкін) киеді.
8. Еркін мамасымен магазинге бірге барғанды жақсы көреді, өйткені бірге жүргенде мамасы ойыншық алып беруі мүмкін. Бүгін мамасы оны өзімен бірге магазинге ерту ықтималдығы 0,3. Егер мамасы Еркінді өзімен ертіп шықса, онда оған ойыншық алып беру ықтималдығы 0,7. Мамасы Еркінді бүгін магазинге ертіп барып, ойыншық әперу ықтималдығын анықтаңыз.
9. Күні бойы үзіліссіз жұмыс істейтін станок 3 бөлшектен тұрады. Бұлардың әрқайсысы бір- біріне байланыссыз-ақ істен шығып қалуы мүмкін. Біреуі- ақ істен шықса, станок жұмыс істемейді. Бірінші станоктың күні бойы үзіліссіз жұмыс істеу ықтималдығы - 0,90, екіншісінікі - 0,95, үшіншісінікі – 0,97. Күні бойы станоктың үзіліссіз жұмыс істеу ықтималдығын анықтаңыз.
10. Үш мерген нысананы дәл көздеп бір-біріне байланыссыз, оқ атады. Біріншінің нысанаға дәл тигізу ықтималдығы – 0,7, екіншісінікі – 0,75, үшіншісінікі – 0,80. Егер әр мерген бір реттен ғана оқ атса, онда нысанаға кемінде біреуінің тигізу ықтималдығы неге тең?
11. Аяқ киім фабрикасында бәтеңкенің ұлтанын, өкшесін және үстін жеке цехтарда дайындайды. Шығарылған ұлтандардың 5%-ті, өкшенің 1%-ті, үстінің 5%-ті жарамсыз болуы мүмкін. Бәтеңке тігетін цехта бұл үшеуі кездейсоқ алынып, біріктіріледі, сөйтіп, олардан бәтеңке дайындалады. Дайындалған пар бәтеңкелердің неше процентінде жарамсыз бөлшектер кездеседі?
12. Белгілі бір жағдайда 60 жастағы адамның 61жасында дүние салу ықтималдығы – 0,09. 60 жастағы үш адамның: а) бір жылдан соң үшеуі де тірі жүру ықтималдығы неге тең? ә) кемінде біреуінің тірі жүру ықтималдығы неге тең?
Достарыңызбен бөлісу: |