Қыту әдістемесі


«3»-тік бағасы келесі жағдайларда қойылады



бет65/105
Дата08.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#195872
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   105
Байланысты:
f641702a4b2211 (1)

«3»-тік бағасы келесі жағдайларда қойылады:

  • бағдарламалық материалдан білім алып, бірақ оны өздігінен орындауда қиналып, мұғалімге қосымша нақтылаушы сұрақтарын

қойса;

  • еске түсіретін сұрақтарға жауап беруді ұнатса;

  • өзгертілген сұрақтарға жауап беруге қиналса;

  • ауызша да, жазбаша да жауаптарында қателіктер жіберсе.

«2»-лік бағасы келесі жағдайда қойылады:

  • оқушы материалды басқаша түсінсе;

  • ауызша да, жазбаша да жауаптарында өрескел қателіктер жіберсе.

3.9. Семинар/практикалық сабақтарын өткізуге ұсыныстар
Тақырыбы: «Оқушылардың білім диагностикасы» Мақсаты:

  1. информатика сабағында білім мен біліктілігін тексеретін әдістері мен формаларына талдау;

  2. информатикадан жеке тұлғаға бағытталған бақылау тапсырмаларын дайындау дағдысын қалыптастыру.

I. Таңдаған жеке тапсырмаңыз бойынша баяндаңыз. Өз тапсырмаңыз бойынша сабақ фрагментін демонстрациялаңыз.

  1. Информатикадан өзіндік жұмыстарды жүргізу әдістемесі, олардың түрлері мен ерекшеліктері.

  2. Өзіндік жұмыстардың тапсырмаларын даярлау.

  3. Сынақ жүргізу әдістемесі.

  4. Бақылау жұмысы, информатикадан бақылау жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері .

  5. Сұраудың әртүрлілігі.

  6. Тестілеу жүргізу (компьютерлік және компьютерлік емес).

  7. Үй тапсырмаларының түрлері, оларды тексеру әдістемесі.

  8. Диктант жазғызу.

II. Тапсырманы орындаңыз, тапсырма дайындалған тақырып бойынша информатикадан қолданылған оқулық пен авторының атын көрсетіңіз.

  1. Тексеру жұмысын әзірлеңіз.

  2. Тест әзірлеңіз.

  3. Диктант әзірлеңіз.

  4. Бақылау жұмысын әзірлеңіз.

III. Бақылаудың дәстүрлі емес формасының сипаттамасын дайындаңыз және оған сәйкес сабақ фрагментін әзірлеңіз.

  1. Білім мен біліктілікті тексеретін және есепке алатын дәстүрлі емес сабақтар: викторина - сабақ, сынақ- сабақ, ойын- сабақ (КВН, «Не? Қайда? Қашан?», «Таңғажайыптар алаңы», «Бақытты сәт»), конкурс-сабақ, конференция- сабақ, зерттеу жұмысы бойынша есеп беру, білім сайысы-сабағы, жарыс-сабақ, шығармашылық есеп беру-сабағы, эстафета- сабақ

  2. Дәстүрлі емес сабақ элементтері: интернет-тестілеу, информатикалық лабиринт, сөзжұмбақтар мен басқатырғыштарды шешу т.с.с.

3 Оқу жетістіктерін бағалаудың дәстүрлі емес формалары: шығармашылық жұмыстар мен жобаларды қорғау , портфолио – оқушының білімдік жетістіктер өнімдерінің жиынтығы ретінде (іске асқан жобалар ) .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет