Iv – нұсқа 1 – билет Қазақстан жеріндегі ежелгі тас дәуірі


«Әскери коммунизм саясаты»



бет6/63
Дата22.05.2024
өлшемі2,45 Mb.
#202769
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Байланысты:
ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ 4 НҰСҚА

«Әскери коммунизм саясаты»
Ел экономикасын соғыс жағдайына ыңғайлап қайта құру және майданды толық қамтамасыз ету мақсатында бірқатар төтенше шаралар жасалды. Соғыс жылдары «Әскери коммунизм саясаты» енгізілді. Бұл саясаттың басты шарасы – азық –түлік салғырты. Оның мәні. Ауылшаруашылығы өнімінің артылғанының бәрін шаруалардың мемлекетке міндетті түрде өткізуі.Соғыс жылдары большевиктердің социалистік тәжірибелерге әзір еместігін көрсеткен жағдайлар қалыптасты:

  • шаруашылықты әскерилендіру

  • еңбекті ұйымдастырудың әскери түрі

  • бөлу ұстанымы

  • бұқараны кедейлендіру

  • экономиканы орталықтан басқару жүйесі





6-билет
1. Ноғай Ордасы (аумағы, қоғамдық құрылысы, этникалық құрамы, ыдырауы)
2. ХХ ғ. 60-80 ж. әлеуметтік демографиялық жағдай.
3. Қазақстандағы индустрияландырудың жетістіктері мен келеңсіз жақтарын кесте бойынша толтырыңыз.
Жауабы:

  1. Алтын Орданың ыдырауы мен ақ Орданың әлсіреуі барысында солтүстік-батыс Қазақстан жерінде Ноғай Ордасы пайда болды. Ноғай Ордасы Еділ мен Жайықтың ортасында болды. Ноғайлар Солтүстік-шығыста Батыс Сібір ойпатына, Солтүстік-батыста Қазан қаласына, Оңтүстік-батыста Арал мен Каспий теңізіне дейінгі аймақтарда көшіп-қонып жүрді. Едіге өзін хан деп жариялауға құқы болмағанымен Алтын Орданың билеушісі болды. Беклербек – «ұлы әмір» деген атағы болды. Жоғарғы сатыда бектер, мырзалар, сұлтандар мен байлар тұрды. Олар ауылдар мен ұлыстарды басқарды. Ордада билік мұрагерлік жолмен берілді. Ноғай Ордасының этникалық құрамына қоңырат, маңғыт, алшын, жалайыр, қаңлы, керей т.б. тайпалар кірді. XVI ғ.Ноғай Ордасы ыдырай бастады. 1550 ж. ортасында Қазан, Астрахан хандықтары Ресейге қосылуына байланысты Ноғай Ордасы бірнеше иеліктерге бөлінді. Оның халқының кейбір бөліктері Кіші жүз қазақтарының құрамына қосылды.

  2. Басқарудың жаңа формаларына ауысқан кәсіпорындар жоспарларын асыра орындай бастады. Көптеген қалаларда экология тазалығын қорғау, өнеркәсіп қалдықтарын өңдеу жөніндегі шаралар жүргізілмеді. Әлеуметтік мәселелер жылдар бойына шешілмеді. Негізінен аймақтық – географиялық, тарихи сипатына кереғар қалалар салынды. Пайдалы қазбалар өндіру орындарын жұмыс қолымен қамтамасыз ету мақсатында ұйымдық жинақтау шаралары жүргізіліп, сырттан адамдар әкелінді.Әлеуметтік-тұрмыстық салаға қаржы бұрынғысынша аз бөлінді. Экономиканы дамытуды көздеген шаралар соғыс ракеталарын көбейту мен 200 ұлтты орыстандыру саясатының қалқасында қалып қойды.

3. Қазақстандағы индустрияландырудың жетістіктері мен келеңсіз жақтарын кесте бойынша толтырыңыз.


Қазақстандағы индустрияландыру

Жетістіктері

Келеңсіз жақтары

Индустрияландыру- өлкенің табиғи байлықтарын зерттеуден басталды.
Инженер-геолог Қ.И.Сәтбаев Жезқазған ауданындағы мыс кен орындарын зерттеп, аймақтың болашағы зор екенін дәлелдеді. 1927 жылы түркістан-Сібір темір жол магистралының құрылысы басталды.
Түрксіб құрылысында бірнеше ұлт өкілдерінен тұратын 100 мың адам еңбек етті.1931 ж. Түрксіб темір жолы тұрақты пайдалануға берілді. Орта азия Сібір аудандарымен жалғастырылды. Кенді алтай Сібірдің индустриялы кешенімен ұласты. Орал-Сібір-Қазақстан үшбұрышы мырыш, мыс, қорғасын өндіруден КСРО-да жетекші орын алды.

-Машина жасау, металлургия, қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары болмады.
- Энергетика базасы, құрылыс материалдары өнеркәсібі артта қалды;
- Тау-кен шикізатын дайындаушы база ретінде қала берді;
- Республикадан сирек кездесетін металдар, мұнай, көмір, фосфорит тегін әкетілді;
- Халық дәстүрі бұзылды;
- Қазақ шаруалары кедейленді және аштыққа ұшырады;
Қазақстан Ресейдің шикізат көзіне айналды;
- Жергілікті мамандар дайындауға көңіл бөлінбеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет