II.Тәжірибелік бөлім
2.1 Концентрленген H2SО4 ерiтiндiсiнен: қышқылдың 2H 250 мл ерiтiндiсін даярлау.
2.2 0,1Н Al2(SO4)3 200мл ерiтiндiсін даярлау.
2.3 Тәжірибе жұмыстарының орындалу реті мен керекті құрал-жабдықтар.
Құрал жабдықтар мен реактивтер:
1. Өлшегіш колбалар (100 мл, 200 мл, 250 мл, 500 мл).
2. Химиялық сткандар.
3. Әртүрлі қышқылдар, тұздар, негіздер.
Жұмыстың орындалу реті:
Әр түрлі концентрациялы ерітінділер даярлау.
Ерiтiндiлер - дисперстi системаның бiр түрi. Бiр затта екiншi заттың ұсақ бөлшектерi бiркелкi тарағанда түзiлетiн жүйе дисперстi жүйе деп аталады.
Ерiткiштiң немесе ерiтiндiнiң белгiлi бiр кӛлемiнде ерiген заттың мөлшерiн оның концентрациясы деп атайды. Концентрацияны әртүрлi әдiстермен өрнектейдi.
2.4 Тәжірибе жұмысының орындалу барысы (сурет).
1. Концентрленген H2SО4 ерiтiндiсiнен: қышқылдың 2H 250 мл ерiтiндiсін даярлау.
2. 0,1Н Al2(SO4)3 200мл ерiтiндiсін даярлау.
2.5 Тәжірибе жұмысының нәтижесі.
Тәжірибе жұмысының нәтижесінде, ең алдымен концентрленген H2SО4 ерiтiндiсiнен: қышқылдың 2H 250 мл ерiтiндiсінің есебін шығарып және оған қажетті су мөлшерімен,қышқылдың массасын анықтап ерітіндімізді дайындадық.
Екінші тәжірибеде 0,1Н Al2(SO4)3 200мл ерiтiндiсінің есебін шығарып және оған қажетті қышқыл массасы мен су мөлшерін анықтап ерітіндіні даярладық.
III.Қорытынды
Нағыз ерітінділерде еритін зат молекула немесе ион размерлеріне дейін ұсақталған. Агрегаттық жағдайларына байланысты ерітінділер газ тәрізді, сұйық және қатты болуы мүмкін.
Ерітіндінің құрамындағы екі заттың біреуі сұйық, ал екіншісі газ тәрізді немесе қатты зат болса, онда сұйық зат еріткіш, ал қалған екеуі еріген заттар болып есептеледі. Егер дайындалған ерітінді екі сұйық заттардан түзілген болса, онда ерітінді құрамындағы көлемі көбірек сұйық еріткіш болып саналады. Ал егер ерітіндідегі екі заттың бірінің екіншісімен салыстырғанда ерігіштігі шектеулі болса, онда ерігіштігі азы еріген зат болып саналады.
Құрамындағы еріген зат пен еріткіштің зат мөлшерлерінің, массаларының немесе көлемдерінің ара қатынасына қарай ерітінділерді концентрлі немесе сұйытылған деп те атайды.
Ерітінділердің құрамын сипаттау үшін қолданылатын әдістер:
еріген заттың массалық үлесін
көлемдік үлесін
молярлық концентрациясын
моляльдық концентрациясын
эквиваленттің молярлық концентрациясын (нормалдық концентрация)
молярлық үлесін есептеу және т.б. әдістер қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |