САҚТАР ТУРАЛЫ ПАРСЫ ДЕРЕКТЕРІ
1.Парсы деректері
|
-«Авеста» кітабы:
Зороастра дінінің қасиетті кітабы. Мәтіні көне иран тілінде жазылған. Сақтардың қоныстанған жері, олардың мәдениеті, діни наным-сенімдері, салт-дәстүрлері мен кәсібі туралы мәліметтер берілген.
Сақтарды «жүйрік атты турлар» деп атаған.
Авестада сақтардың отырықшы арий тайпаларымен соғысы айтылады. Турлар мен арийлер арасындағы соғыс Әмудария мен Сырдария, Каспий мен Арал, Еділ мен Кама өңірлерінде болған.
Дөңгелекті арбаға мінген. Басты қарулары садақ пен жебе, найза, айбалта болған.
Негізгі кәсіптері мал өсіру, тамағы ет пен сүт екені айтылады.
Құдайға құрбандыққа жылқы, сиыр, қой шалатыны баяндалған.
|
-Ахеменидтік сына жазбалар. Парсы патшаларының тасқа қашалған суреттері мен жазбалары.
Бехистун жазбасы:
Қазіргі Иран аумағындағы Бехистун жартасына қашап жазылған. Жазудың биіктігі- 7 м, ені-22 м. Мәтін 4 қатарға көне парсы, элам, вавилон тілдерінде берілген.
|
Достарыңызбен бөлісу: |