Қиял туралы жалпы ұғым



Дата11.01.2017
өлшемі216,94 Kb.
#6634
Қиял туралы жалпы ұғым
Қиял дегеніміз — сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: «...барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатынсөзімдік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби). Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бүрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға туседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өндеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады.

Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға болады:
1) әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиетгеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бүл арада суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан тапсыратын студенттің машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген инженердің қиялын салыстырып көруге болады;

2) қиялдың мазмүны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де, білім тәжірибесіне де байланысты. Мәселен, көргені де, түйгені де көп, өмір тәжірибесі мол, әр тарапты білімі бар ересек адамның қиялы мен енді ғана өмірге аяқ басайын деп түрған жеткіншектің қиялын бір өлшемге салуға болмайды;

3) қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады. «Жаратылыстың қүшағында,—деп жазады М. Жүмабаев, — меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада түрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті».

4) қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс. Мәселен, алға қойған мақсатты жоспарлап, жүзеге асырудың жолдарын іздестіру қиялсыз мүмкін емес. Бұл - қиялдың ерікпен байланысына жақсы мысал. Қиялдың ойлау процесінде алатын орны ерекше. Өйткені ойлау белсенділігі адамды шығармашылық әрекетке жетелейді. Ал ондай әрекет қиялдың өте күшті дамуын қажет етеді. Ойлау мен қиял бір-бірімен тығыз байланысты. Жан қуаттарының осы екеуі де мәселені шешуге, сұраққа жауап беруге қатысады. Бірақ қиялда мәселені шешудің өзіндік ерекшелігі болады. Қиял — мәселені суреттеу, жанды көрініс арқылы шешсе, ойлау оны тірі суретсіз жалпылай, ұғым, пікір, тұжырым түрінде шешеді;

5) адам қиялы еңбек процесінде, іс-әрекет үстінде жарыққа шығып, дамып отырады. Мұндағы негізгі шарт: саналы мақсаттың болуы, болашақты болжай алу, істейтін еңбектің нәтижесін күні бүрын көре білу, яғни оны өңдеп, өзгертіп, елестете алу — адам қиялына тән негізгі белгілер. Қиялда адамның дүние жөніндегі әр түрлі таным-түсінігі әртүрлі формада қиюласып, жаңа сапаға ие болады. Қиял бейнелері адам қажеттігінен тәуелді бола түрып, оны белсенді кызметке итермелейді,творчестволық ісіне күш-жігер қосады. Қиял тек теориялық және практикалық қызметте ғана емес ол адамның бүткіл рухани өмір жүйесінде елеулі орын алады. Кісінің өмір жолы, жеке басының ойдағыдай дамуы, даралық қасиеттері, іс-әрекетінің қүрылымы, өмір салтының қалыптасуы мүнсыз мүмкін емес. Адам санасының жануар психикасынан басты айырмашылығы адамда ойлаумен қатар қиял әрекетінің олғандығында.

Айдаһардың бейнесін Италияның атақты суретшісі Леонардо да Винчи қиял арқылы былайша суреттейді: «Көкжал аңшы иттің не жай иттің басын аламы , оған басқа мысықтың көзін саламыз, құлағы үкінікі болады, мұрыны тазынікі секілді, қасы арыстандікі, самайы — әтештікі, мойны суда жүзетін тасбақанікі сияқты». Осы бейненің өзі шындықта бар нәрселерді топтастыру арқылы туып отыр. Бірақ осы топтастыру нәтижесінде келіп шыққан тұтас образдың өзін көре білу үшін адамға ең күшті, өрен жүйрік қиял қажет.

Қиял процесінің адам әрекетінің қандай саласында болмасын зор маңызы бар. Қиялдың өзі осы әрекет арқылы өзгеріп, дамып отырады.

Тіпті бала қиялындағы фантастикалық образдардың өзі де оның танымын кеңейтетіндігі, қоғамдық тәжірибені меңгеруге жағдай жасайтыны, мұның өзі баланың психологиясына қатты әсер ететіні байқалады. А. П. Чехов «Үйде» деген әңгімесінде осы жайлы өте жақсы көрсеткен. Шылым шегіп әдеттенген жеті жасар балаға ешбір сөз әсер етпей қойған. Бірде әкесі оның қиялына әсер етуді ойлайды. Ол баласына мынадай әңгіме айтады: «Кәрі патшаның патшалыққа мұрагер болатын жалғыз ғана ұлы болыпты,— өзі дәл сен сияқты кішкентай бала екен. Өзі жақсы бала екен. Еш уақытта өкпелемейді, ерте жатады, столдағы нәрселерге тимейді екен... өзі ақылды болыпты... Оның бір ғана кемшілігі — шылым тартады екен... Патшаның баласы шылымнан көкірек ауру болып жиырма жасында өліпті. Қаусаған ауру шал ешбір қолғанатсыз қалыпты. Мемлекетті басқарып, сарайды қорғайтын ешкім болмапты. Жау келіп, шалды өлтіріп, сарайды қиратып тастапты, сонымен, енді бақша да, шие де, құстар да, қоқыраулар да қалмаған...». Эмоциялы әсерге толы осы әрекеттің оған күшті әсер еткендігі сонша, бала «қараңғы терезеге ойланып сәл қарап отырып, селк етті де, мұңайған дауыспен: — Мен енді шылым тартпаймын...— деді» ...

Қиялдың адам қажетіне асуы, оның шындықпен байланысты болып келуі адамға ерекше қанат бітіріп, оның ілгері өрлеуіне себепші болады. Халық «Қыран жетпеген жерге қиял жетеді» деп өте тауып айтқан. Бір кезде талантты орыс ғалымы Қ. Э. Циолковский (1857-1935) космосқа ұшуды армандап еді. Космос кораблімен аспан әлеміне тұңғыш жол салған Ю. Гагарин мен қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің және басқаларының ерліктері осындай шындықпен тығыз байланысты қиялдың іске асуы болып табылады.


Қиял түрлері

Қиял актив, пассив болып екіге бөлінеді. Қиялдық бүтіндей пассивтік түрінің шегі - түс көру. Түс көрудің физиологиялығын жан-жақты түсіндіріп берген И. П. Павлов болды.

Ұйқы кезінде ми клеткаларының бәрі тежелмейді, кейбір бөлімдері қозу жағдайында болып жүмыс істей береді. Мидың мүндай бөліктерін «күзетші пункт» деп атайды. Осы «күзетші пункттердең біздің бүрын қабылдаған, көрген, естіген, қолға үстап, дәмін татқан заттарымыздың бейнелері мида қайтадан «тіріледі». Түсте небір ақылға сыйымсыз образдардың жасалатыны белгілі. Өйткені бүл кезде мидағы сигнал жүйелерінің арасындағы байланыс әлсірейді, мүнда негізінен бірінші сигнал жүйесі ғана қызмет істейді. Екінші сигнал жүйесінің қызметі толық тежелуге үшырайтындықтан, адамның ойлау қабілеті өте төмен болады. Сөздік сигаалдардың әсер етпеуі мида кездейсоқ образдардың пайда болуына жағдай жасайды да, соның нәтижесінде түске қайдағы «кереметтер» кіреді. И. М. Сеченов осындай түстерді «болған әсерлердің болып көрмеген қиысулары» деп сипаттаған. Түсте реалдық образдар мен нәрселердің фантастикалық түрде қосылуынан ғажайып образдар жасалады.

Үйқы кезіндегі осындай ғажап фантазиялық бейнелер де өмірде бар нәрселердің жиынтығынан қүралған. Бұлардың негізі — адамның ояу кезіндегі басынан кешкен оқиғалары, ойы мен мақсаты, тілегі мен арманы, естіген-көргендері, істеп жүрген қызметі, басқалармен қарым-қатынасы т. б. үйқыдағы адамның түс көруіне себепші болатын фактілердің есебі жоқ. Мәселен, ми клеткаларына көшедегі транспорттың тарсылы да, ағаш жапырағының сылдыры да, иттің шәуілдеп үргені де, есіктің ашылып-жабылуы да әсер етіп отырады. Тіпті организмнің ішкі мүшелерінің (жүрек, өкпе, асқазан т. б.) жүмысына бір жайсыздық түссе, бүл да адамның түсіне қай-қайдағы бірдеңелерді кіргізеді. Мәселен, үйқыдағы адамның жүрегіне бір салмақ түссе, оның жүрегі қатты соға бастайды. Осыған орай адам мынадай түс көреді. Өзін қуған біреуден қашады, бүдан ол ентігіп, булығады да.

Түс көрудің мазмұны адамның, көбінесе, қызығуына, талғамына орайлас келіп отыратындығы да шындықпен жанасымды факт. «Егер иттің түсіне сүйек кірсе, саудагердің түсіне ақша кіреді» деген мақал да біздің осы пікірімізді қуаттайды. Өмірде ешбір естімеген, көрмеген нәрселер түске кірмейтіндігін ғылым дәлелдеп отыр. Мәселен, іштен соқыр болып туған адамның түсіне көзге көрінетін «бейнелер кірмейді, оның басқа сезім мүшелері арқылы (иіс, дәм, есіту т. б.) қабылдаған нәрселері еніп отырады. Егер соқырлық кейінірек пайда болса, онда сол адамның түсіне бүрын көзімен көрген заттарының бейнелері кіре береді. «Барлық адамдардың түсі, -деп жазды И. П. Павлов, — бірінші сигналдардың бейнелі, нақты және эмоциялық түрде жандануы».

Творчестволық қиял деп өзіндік жаңа образдар жасау арқылы өрекетте, жаңа продуктылар беруде көрінетін қиялды айтады. Жазушының, суретшінің, галымның, композитордың т. б. қиялы творчестволық қиялга жатады. Творчестволық қиялқайта жасау қиялына қарағанда, әрі күрделі, әрі қиын. Абай мен Қүнанбайдың образдарын жасау, оларды сипаттап жазған шығарманы оқып, елестетуден әлдеқайда ауыр. Творчестволық қиял ақын-жазушылардың, суретшілердің, артистердің т. б. осы секілді өнер қайраткерлерінің іс-әрекеттерінде үлкен орын алады. Өнер қайраткерлері өздерінің идеясын көркем образ арқылы береді. К. С. Станиславский: «Артистің көкірегінде өзі бейнелеп түрған адамның ой-толғаныстары туғанда ғана шынайы өнер туады, нағыз жанды сезім еш уақытта зорлағаннан, қолдан жасағаннан келмейді»,— дейді. Мәселен, Чехов спектакліндегі Раневскаяның рөлін орындаушы Ольга Книппер — Чехова шие бағын сатады деп хабарлағанда шын көңілімен көзіне жас алады екен. Мұндайда актер сахнада ойдан шығарылған нәрсеге шындықтың өзіндегідей көзқараспен қарайды. Бүл - творчестволық қиялы өте бай адамның қолынан келетін касиет.

Ақын-жазушылар қиялы арқылы өзінің келешек кейіпкерлерін «көреді», олардың мінез-құлықтарын «елес етеді», сөзін «естиді». Сонымен қатар, ақын-жазушылар өз геройларымен бірге өмір сүреді, олардың ойын, көңіл күйін «сезіп», қоян-қолтық араласып жүргендей болады. Мәселен, француз жазушысы О. Бальзак егер жеңі жыртық біреудің көшеде кетіп бара жатқанын көрсе, өзін сол адамға үқсататындығы соншалық,- өз жеңім де жыртық емес пе екен деп, еріксіз өз қарына қолын жүгіртіп, тесікті жаппақшы болады екен.

Бақылағыштық, жеке өмірінің эмоциялық байлығы, алдын-ала орасан зор жүмыстар істей білуге қабілеттілік (мәселен, Л. Толстойдың айтуынша, «Соғыс және бейбітшілік» романын жазу үшін жинаған материалдары «бүкіл бір кітапхана» болған) адамның творчестволық қиялының самғауына күшті әсер етеді. Өмірден түйгені шамалы, творчестволық қиялы жетілмеген адамнан жақсы ақын шығуы мүмкін емес. Абай мүны өте дүрыс көре білген.

Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп- тегіс жүмыр келсін айналасы.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,

Сонда да солардың бар тандамасы.

Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын

Қазақтың келістірер қай баласы?

Бүл өлеңіне Абай «қиыннан қиыстырар», «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп», «іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын» секілді сөз тіркестері арқылы өздігінен жаңа туындылар бере алатын нағыз майталман ақындардың психологиясын, олардың творчестволық қиялындағы ерекшеліктерді көрсетіп отыр.

Ғалым үшін де творнестволық қиял аса қажет. Творчестволык қиял ғалымның творчестволық ойына аса қажетті материал береді. Мәселен, ғылыми жорамал жасағанда, эксперимент жүмысын үйымдастырғанда, тапқан жаңалықтарды тексеріп сынауда ғалым өз қиялына үнемі сүйеніп отырады. Бірақ нағыз ғылыми жүмыс көп еңбектенуді қажет етеді, ол еріккеннің ермегі емес, ғы-лымның жолы ауыр. Қажымай, өнімді еңбек ете білушілік, шыдамдылық, іске мейлінше берілушілік — нағыз ғалымға тән қасиеттер. К. Маркс айтқандай, ғылымның «сәулетті шыңына шаршап-шалдығудан қорықпайтын, оның тасты соқпақтарымен тырмысып өрлей беретін адам ғана шыға алады».

Творчестволық қиял әрекеттің кез-келген саласында орын алып отырады. Қоғамға пайда келтіретін нәтижелі еңбекте творчестволық қиялдың болмауы мүмкін емес. Қиялдың бүл түрі, әсіресе, мүғалімдік қызметте ерекше орын алады. А. С. Макаренко айтқандай: «жеке адамның келешегін жобалауда» мүғалім творчестволық қиялсыз әрекет етсе, жақсы нәтижеге ие бола алмас еді.



Актив қиялдың ерекше бір түрі арман. Арман дегеніміз өз қалауымызша жаңа образдар жасау. Мүның творчестволық қиялдан ерекшелігі мынада: арман өзіміздің тілеген келешекке бағытталған қиял процесі. Арман творчестволық әрекетпен тікелей байланысты емес, ол творчестволық қиялдың бірінші дайындық сатысы.

Арманды бағалауда оның әрекетке қандай қатынасы бар екендігі қатты ескерілуі қажет.



Орыстың белгілі демократ, публицисі Д. И. Писарев (1840-1868) шындық пен оптимизмге толы арман туралы көп толғанған адам, оның «арманның іске талпындыратын пайдасы» туралы пікірі жастар үшін ерекше маңызды. Өйткені адам әрекет етудің орнына бос қиялға сүңгісе, бүл келешектің қиялы болмай, бос лағу, қүрғақ қиял болар еді. Мәселен, А. И. Куприннің «Жекпе-жек» повесіндегі подполковник Ромашовтың қиялы дәл осындай, сүреңсіз, қүрғақ қиял: «Ромашов өзінің бүл дүниеде өмір сүргеніне қапаланатын. Ол офицерлердің өктемдігінен қорланатын, солдаттардың қорғалақтаған кейпін, бастықтардың ақырып-жекірген жүзін көргенде, жаны түршігетін. Тек қайдағы бір жоқ қиял басын айналдыратын кезде ғана оның жаны біраз тыншитын. «Түк те емес! Өмір әлі алдымда!» деді ішінен Ромашов, сүйтті де өз ойына масаттанған ол аяғын нығырақ басып, кеудесін кере дем алып, ілгері қарай жүріп кетті. Ерегістіргенде ертеңнен бастап кітапқа отырамын да, дайындалып академияға түсемін. Еңбек! О, еңбек етсең ойың алғаныңа қолың жетеді, тек өзіңе-өзің берік болсаң болғаны. Күні-түні жаттаймын демей, жынданған адамша жаттаймын. Жұрт ойламаған жерден емтиханды' үздік тапсырамын.Сонда жұрттың бәрі- ақ: «таң қалатын несі бар бұған? Мұның өнері осындай болатынын күні бүрын-ақ білгеміз. Өте қабілетті, сүйкімді, өнерлі жас жігіт емес пе?» — дер. Ромашов қолма-қол өзін бас штабтың келешегі мол, оқымысты офицерімін деп санады, оның аты академиядағы алтын тақтаға жазылған. Профессорлар оның келешегі зор деп үмттенеді, академияда қалуды ұсынады, жоқ, ол қалғысы келмейді, ол стройға бармақшы . Ротаға командашы болу мерзімін бітіруі керек, әрине, өз полкына баратынына да сөз жоқ- Міне, ол полкқа кедді - тамаша, кішіпейіл, ақ жарқьш, сүйкімді, әдепті, өткен жылдағы маневрде бас штабтан келген, болмаса суретген көрген офицерлерге үқсайды...

Бас штабтың жанып түрған офицері Ромашов қызмет бабымен біртіндеп өрлей береді. Подпоручикгің қиялында маневрлер көрінеді, ереуіддерді басуға қатысады, соғыстағы ерлік істері елестейді... «үйіне қалай келіп қалғанын өзі де сезбей қалды, қызу қиялдан есін жинап алып, өзіне таныс қақпаға, сиректеу өскен жеміс бақшасына, оның ар жағыңда, бақшаның түкпіріңде түрған кішкене ақ үйге таң қала қарады:

—Адмның басына неше түрлі ой келе береді екен-ау!— деді ол, өзіне-әзі үялғандай сыбырлап. Мойнын созып, кеудесін керіп, иығын көтеріп келе жатқан бетте, басын мойнына тыға қойды» .

Осы үзіндіде енжар селсоқ адамның психологиясы өте шебер суреттелгең. Мүндай адам жарқын болашақ үшін күреспейді, тек мойнына су кеткен кісідей мүлгіп отырады да кояды. Қиыны да, қызығы да мол өмір ондайларды қызықтырмайды, олар күрес ауыртпалықтарын, қайғы-қасірет дегендерді білмейді, қиялдағысын тілегі орындалғанға үқсатып жүре береді. Ромашов секілді адамдарды «күрғақ қиялдаушылар» деп атайды.

Әрбір адамға алдындағы жарқын болашағына байланысты армандай білу қажет. Мақсатқа сай дүрыс армандай алу адамға зор қуат беріп, іске талпындырады. Сондықтан да халық: «Арманы жоқ жігһтің дәрмені жоқ» деп өте тауып айтқан.
Қиял бейнелерінің жасалу жолдары

Қиял түрлі елестеулердің өзгеріп, өнделуінің арқасында жасалып отырады. Қиялда анализ, синтез әдістері, агглютинация, схематизация түрлі схемалар мен суреттердің акцентировка (образдың типтік басты белгілерін жасау) тәсілдері жиі кодданылады. Қиялдағы елестерді топтастырудың қарапайым түрі агпютинация деп аталады. Осы әдіс арқылы мифологиялык, бейнелср (кентавр, сфинкс, жезтырнақ) мен түрлі механизмдердің, машиналардың конструкциялары (амфибия — танк, судан өте алатын жеңіл танк, аэрошана — суға қонып, үша алатын самолет) қүрастырылады.

Агглютинация әдісі ежелгі Мысыр елінде, сондай-ақ, Солтүстік Америка индеецтерінің өнер ескерткіштерінен үлкен орын алған.

Кдял бейнелерін жасауға қатысатын әдістердің бірі – гипербола .

Гипербола деп нәрсенің жеке сипаттары, белгілері үлкейтіліп көрсетілуін айтады. Сөйткенде образ ашық, мәнерлі болып шығады, гиперболада белгілі бір бсйнелердің алға шығып айқын байқалуына жағдай жасалады. Ертегілерді, киял-ғажайып бейнелсрді жасауда гипербола көп коллапылады. Мәселен, Д. Свифтің «Гулливердіц саяхатындағы» ергежейлілердің, В. Маяковскийдің «150000000» поэмасындағы капиталистердің көсемі В. Вильсонныц бейнелері гипербола әдісімен жасалған. Мүнда, сондай-ақ, түтас заттың жекс бөліктерінің саны озгертілсді, олардың орны ауыстырылады. Мәселен, үнді мифологиясындагы көп қолды күдайлар мен жегі басты айдаһардыц бейнелері осылайша қүрастырылған. Қиял бейнелерін жасаудың енді бір әдісі нәрсенің бір жағын ерекше әсерлей көрсету. Карикатуралар мен достық әзілдер осылайша жасалынады. Егер затгардың айырмашылықтарын ескермей, оның үқсастықтарына көбірек көңіл белінетін болса, схематизация әдісі қолданылады. Сурет өсімдіктер дүниесінің элементтерінен ою қиыстыруы осыған мысал бола алады.

Қиял образдарының күрделі түрі - типтік образдар жасау. Типтік образдар жасауда бірінші орында нақты адамның ортақ бейнелері көзге түседі: «Бір жүмысшының, поптың, дүкенші саудагердің портретін дүрыс суреттеп жазу үш жүз, екі жүз шамалы поп, жүмысшы, саудагерлерді қадағалап қарауымыз керек»,- дейді М. Горький. Типтік образдар жасау дегеніміз түтас бірқатар объектілердің барлығына бірдей, ортақ белгілері бар бір образ жасап, жанастыру. Жазушының осылайша жасаған типтік образы бір жағынан жеке адамның даралық ерекшеліктерін білдіретін образ больш та есептелінеді. Мәселеы, «Абай» романындағы Қүнанбай образы сол кездегі үстем тап өкілдерінің жай ғана жиынтығы емес, сонымен қатар, ол өзіндік психологиялық касиеттері бар жеке адамның да образы. Осы әдістер арқылы айтарлықтай маңызды творчестволық қиял образдарын үнемі туғызу қиын. Мәселең, агглютинацияда жеке фактілерді зертгеу, жинақтау, мәселелердің түпкі ниетін көздеу дегендер жетіспей жатады. Сондықтан да творчестволық қиялдың жоғары формаларында ғылыми-техникалық көркем әдебиет т. б. онша көп қолданылмайды. Творчестволық әрекетте адамдар көбінесе интуицияға жүгініп отырады.

Қиялдағы дара айырмашылықтар


Әр адамның қиялы әр түрлі болады, бірінің қиялы біріне үқсамайды. Бір адамдардың қиялы бай, шындықпен орайласып жататын болса, екінші біреулердің қиялы жөнді жетілмеген, пәрменсіз, тар көлемді болады. Шындыққа сай, дәл, дүрыс образдар жасай алатын адамдардың қиялы мазмүнды келеді. Шындықка сай дүрыс қиялдай білетін адамдарда емірдің түрлі салаларынан алынған білім қоры, тәжірибесі, белгілі көзқарасы, соның негізінде қалыптасқан айқын сенімі болады. Американың аса көрнекті ғалымы Эдисон қиялы аса күшті дамыған адам болған. Бір машинаны үш түрлі жолмен ғана жасап шығаруға болады деген үйғарымға келіспей, Эдисон машинаны 48 түрлі етіп жасауды үсынған. Бүған керісінше жаңа, соны нәрселерді іздеу, белгісіз нәрсені ашу, үмтылу орнына шындықтағы нәрселердің өзінің өңін айналдырып, босқа лағып отыратын адамдар да болады. Осындай адамдардың бейнесін Н. В. Гоголь «Ескілікті помещиктер» дейтін повесінде өте жақсы көрсеткен. «Кейде егер күн ашық болып, бөлмелердің іші жылы болса, Афанасий Иванович көңілденіп, Пульхерия Ивановнаға әзілдеп, онымен басқа бір нәрсе турапы сөйлескенді тәуір көретін. Адамдар бір-бірінен қиялының пәрменділігімеи де ажыратылады. Мәселен, біреулер мәселені шешуге кіріскенде соның төңірегіне бар ақыл-ойын жүмылдырады, әр сөзін ой таразысына салып, терең ойға шомады. Ол адамдар мәселенің түп қазығын, тарихын іздестіреді, сол мәселе жөнінде басқалармен кеңеседі, тәжірибе жасайды, материал жинастырады, осындай адам бір шығарма жазатын болса, өз кейіпкерлерімен іштей араласып кете алады, олар қуанса куанады, қайғырса бірге қайғырады. П. И. Чайковский «қарғаның мәткесін» жазып болып, күнделігіне: «Герман жан тапсырарда солқылдап жылап жібердім деп жазған екен». Осы айтылғанға қарама-қарсы қиялы өте әлсіз адамдар да болады. Қиялы әлсіз адамның көркем әдебиет кітаптарын окуы да бір түрлі. Ол мүндағы әдеби теңеулерге, суретгемелерге мән бермейді, әдеби суретгемелерді тастап кетіп, кітаптың тек өр жерінен «қызық» іздеп, түтас оқып шығуға шыдамы жетпейді. Өйткені қиялы шабан адамға көркем суреттемелер әсер етпейді, оны тез жалықтырып жібереді.

Қиялдың маңыздылығы оның шындықпен байланыстылығында. Шын мәнісіндегі қиял ғана мазмүнды, пәрменді де болып, адамды іс-әрекетке жетектейді, оның рухани өсуі үшін ерекше маңызды болады.

Қиялды дамыту жолдары


Қиялдың алғашқы көріністері үш жасар бөбектерде байқалады. Мүны бөбектердің қызық ертектерді шын ықыласымен тыңдауынан, ертегідегі оқиғаны шын көріп, бар ынтасымен берілуінен көреміз. Бір қарағанға жас бала қиялға өте бай сияқты болып көрінгенмен, ондағы образдар шындықтан өте алыс жатады.Себебі бала санасында кез-келген нәрсенің бейнесі оңай тоғысады да, бұдан керемет қиял көріністері қүралады. Баланың өмір тәжірибесі өсе келе, қиялы да шындыққа біртабан жақындап отырады. Мәселен, бала шимайлап қағазға бір нәрсенің суретін салады, оны шындықта бар нәрсеге ұқсайды деп ойлайды (тіпті ол ұқсамайтын болса да).

Қиял басқа да психикалық процестер тәрізді дамудың ұзақ жолынан өтеді. Қиялдың қарапайым түрінен бастап творчестволық қияжа дейінгі кезеңнің қалыптасуы нақтылы әрекетке байланысты. Қиял табиғаттың адамдарға берген үлкен сыйы, әрі құнды рухани сапа. Оның адам өміріндегі ерекше мәнін ұлы адамдар да жоғары бағалаған. Француздың әйгілі ғалымы, әрі көрнекті жазушысы Дени Дидро: «Қиял! Бүл сапасыз ақын да, философ та, ақылды адам да, ойлайтын жан да, тіпті адам болу да мүмкін емес» деп тегін айтпаса керек.

Адам әдетте қол жеткеніне қанағаттана қоймайды. Ол өзінің қиялы арқылы ізденеді, дүниені өзгертуге, жаңғыртуға тырысады. Болашағын болжайды, келешекте атқарылатын әрекетінің нәтижесін күні бүрын санасында елестетеді. Қиялдың, әсіресе, шығармашылық еңбектегі рөлі аса зор.

Қиялдың өз алдына жеке психикалық процесс екенін мойындамайтындар да кездеседі. Олардың айтуынша, қиял ойлаудың бір бөлшегі сияқты. Рас, қиял мен ойлау бір-біріне өте үқсас. Себебі, екеуінің де физиологиялық негізі бар. Бірақ та олардың әрқайсының атқаратын қызметі әр басқа. Психология оқулықтарында берілген қиял анықтамалары да оның мәнін жете ашпайтын тәрізді. Ол бойынша қиял дегеннің не екенін бірден түсіну қиын. Кітап бойынша қиял елестерді.қайта қүру, жаңғырту, бейнелер жасау делінген де, қиялдағы үғымдар рөлі еске алынбаған. Біздіңше қиял, яғни фантазия дегеніміз өмірде бар, әзірше жеке тәжірибемізде кездеспеген, келешекте жүзеге асуға мүмкін болмасты күні бүрын санамызда елестету мен үғымдар негізінде өзгертіп, жаңғыртып, бейнелейтін психологиялық процесс.

Кейде қүр қиялдану, мүндануды да қиял деп түсінетіндер бар. Бүл — теріс пікір. Қиял — психикалық қүбылыс. Ал қиялдану мен мүндану — көңіл күйі. Көңіл күйін өзгертуде тек қана қиял ғана емес, басқа да психикалық қүбылыстар да қатысады.

Кейбіреулер екінші сигнал беру жүйесіне ешқандай қатысы жоқ түс көруді де қиял түріне жатқызады. Бүл да қиялдың мәнін бұрмалағандық. Түс көру — психикалық процесс емес. Ол үйқы кезінде мидың кейбір бөліктерінің қызметінен пайда болатын физиологиялық қүбылыс.

Қиялды дамыту дегенімізде ең алдымен әркім өзі қиялының аз немесе көп екенін, қай дәрежеде екенін білгені жөн. Мұны көптен бері шетелдерде жиі қолданылып келе жатқан «Сізде қиял бар ма?» деген тест арқылы анықтауға болады. Мына кестедегі сан рет тексерістен өткен сүрақтарға жауап беріп, ұпайлар жинау керек.

Қиялдың сиқыр күшінің өзі оның шындықпен, еңбекпен, мақсатпен тығыз ұштасуында. Оны тәрбиелеу де осыған бағытталған. Оны қиялдану немесе мұңданумен айырбастауға болмайды. Бүл ұғым өз мағынасында қалуға тиіс. Психология оқулықтарында қиялды дамытуға, тәрбиелеуге біраз көңіл бөлінсе де оны меңгеру жайында ештеңе айтылмаған. Мүндай маңызды мәселе арнайы зерттеуді керек етеді. Туысқан қырғыз халқының үлы жазушысы Шыңғыс Айтматов: «Ақтық демі таусылғанша ой ойлап, қиял қанатында үшатындығымен де адам биік, адам ұлы» деп терең философиялық ой қорытындылайды. Қиялы әлсіздің өзі де әлсіз. Ендеше бір мезгіл қиялдап, армандап, тұруды да үмытпайық.

Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі әрекеті болып табылатын ойын - бала қиялын дамытуда ерекше орын алады. Ойын үстінде оның творчестволық талабына кең жол ашылады. Бала ылғи да бір нәрсені жасау, қүрастыруға әрекетжасайды. Ойын баланың ойлау белсенділігін, күш-қуатын барынша жұмсауға мүмкіндік туғызады. Ойын үстінде бала айналадағы шындықты сын көзімен қарап аңғара алмайды да, қиял бейнелерінің жетегінде кетеді. Бала психикасының осы жағы да қиял тәрбиесінде есте болатын жай.

Мектеп - бала қиялын дамытуда үлкен рөл атқарады. Мүндағы оқылатын сабақтардың мәніне түсіну қиялсыз мүмкін емес. Мәселен, табиғатты суреттейтін, немесе қандай да болсын оқиғаны баяндайтын бір материалды түсіндіргенде мұғалім арнаулы тәсілдер арқылы окушылардың қиялын оятады. Қиял арқылы бала ондағы жанды бейнелерді көз алдына елестеткендей, қолымен ұстағандай, құлағымен «еститіндей» күйге түседі. Көркем әдебиет шығармаларын талдағанда, тарих сабақтарындағы әңгімелерде, оқушылардың түрлі ойындарында қиял процесі әр қырынан көрініп отырады. Төменгі сынып оқушыларында алғашқы кезде қиялдың дамуы айтарлықтай болмайды. Мәселен, бірінші сыныптағылар суретке не оқығанға қарап, өз бетімен жаңадан бейне жасай алмайды. Өйткені осы жастағыларда синтездеу қабілеті жөнді дамымаған. Олар оқығанын кездейсоқ, біріне-бірі байланыспаған ассоциациялар арқылы жаңғыртып отырады. Баланың қайта жасау қиялын дамыту үшін алдымен олардың тәжірибесін қорландыра түскен дүрыс. Осы салада мүғалім істейтін іс — ұшан-теңіз. Мәселен, мүғалім балаларды орманға экскурсияға апарған екен дейік. Онда оқушылар әрбір ағашты, өсімдік түрлерін көздерімен көріп, қолдарымен ұстайды, білмегендерін бірінен-бірі сұрап не мүғалімнен біліп алады. Ертеңіне мүғалім оқу сабағында балалардан көрмеген ормандарды (тайга, тундра, тропика т. б.) туралы айтып беріндер десе, бүл олардың қиялын тәрбиелеуге көп пайдасын тигізеді. Өмір тәжірибесінің артуы, білім қорының молая түсуі балалардың қиялын да дамыта түседі. Мәселен, үшінші сыныптағылар сурет сабағында алдында тұрған заттардың бейнесін айнытпай сала алады, оны осындай басқа затпен салыстырып көреді. Бүл балада қайта жасау қиялының қалыптасып келе жатқандығын байқатады.

Бала қиялы әрекет үстінде дамитындықтан не нәрсеге болмасын өзін қатыстырып, оның икемділігі мен дағдысын дамытып отыру қажет. Мәселен, сурет салудың, ән айтудың тәсілдері мен техникасын үйренбейінше, баланың осыған орай көрінетін қиялы да шарықтай алмайды.

Төменгі сынып оқушыларының қиялын дамыту олардың эстетикалық сезімдерін оятады. Мәселен, көркем әдебиет кітаптарын оқу, музейлер мен галереяларға бару, кино көру, ұйымдасып музыка тындау, бала қиялын жаңа мазмүнға толтыра түседі. Шәкірт қиялын дамытуға үлкендер үнемі жетекшілік етуге тиіс. Мүғалім де, оқушының ата-анасы да бүл жерде тек ақылға ғана әсер етпей, эмоциясына әсер етерліктей әдістерді іздестіріп отырулары керек. Оқушылардың жас, дара ерекшеліктерін ескеріп отыру, қиялы күшті дамыған балалармен дербес жұмыс жүргізу,табиғатқа өндіріс орындарына экскурсиялар жасау, түрлі тапсырмаларды оқушыларға дербез орындатып отырғызу, оқу барысында кездескен қиыншылықтарды жеңе алуға баулу т.б. осындай әдістер бала қиялын тәрбиелеудің түрлері болып табылады.



Ұлылардан — ұлағат

Қиял! Мүнсыз ақын да, философ та... тіпті адам болуы да мүмкін емес.


Д. Дидро


Армандай білуге бейімділікте де үлы даналық бар.

А. Франс


... арман деген көп белес. Біріне шықсаң бірі бар.

Ғ. Мустафин

Арманмен ойнау қауіпті, күйреген арман өмірді

бакытсыздыққа душар етуі де мүмкін.

Д. И. Писарев

... бүрын фантазия, қиял деп жүрген ойлар бүгін дағдылы іс екенін танып, қүтыла аламыз ба?


Ш. Қудаибердіұлы



Қолданылған әдебиеттер




  1. Аймауытов Ж. Психология.- Алматы, 1995.

  2. Алдамұратов Ә. Қызықты психология.- Алматы, “Қазақ университеті”, 1992.

  3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология.- Алматы, “Білім” 1996.

  4. Әбдірахманов А.,Жарықбаев Қ. Психологиялық орысша- қазақша сөздік.- Алматы, “Мектеп”, 1976.

  5. Елеусізова С. Қарым- қатынас психологиясы.- Алматы, 1995.

  6. Жарықбаев Қ., Озғанбаев О. Жантануға кіріспе.- Алматы, 2000.

  7. Жарықбаев Қ. Жүсіпбек Аймауытұлының психологиялық көзқарастары.- Алматы, 2000.

  8. Жарықбаев Қ.Қазақ психологиясының тарихы.- Алматы, 1996.

  9. Мұқанов М. Ақыл- ой өрісі.- Алматы, 1980.

  10. Тәжібаев Т. Жалпы психология.- 2000.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет