Қызылорда облысы Сырдария ауданы №42 Қ. Баймағанбетов атындағы орта мектеп Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі



бет2/3
Дата23.05.2017
өлшемі0,82 Mb.
#16630
1   2   3

ҚАБДЕШ ЖҰМАДІЛОВ

(1936 жылы туған)
Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы Қытай Халық Республикасының Іле қазақ автономиялы облысына қарасты Тарбағатай аймағында дүниеге келген. Туған жері Қазақстанға оралған соң, Қабдеш Жұмаділов әдебиетші болуды армандап, әл-Фараби атындағы Қазақтың ұлттық университетінің филология факультетіне түсіп, 1965 жылы бітіріп шығады. Ол көркем шығарма жазуға студент кезінен бастап ден қояды. "Қаздар қайтып барады" деген алғашқы әңгімесінен-ақ ол жанына жақын тақырыпқа қалам тартқанын байқатты. Жазушының "Соңғы көш", "Дарабоз" роман-дилогиялары, 'Тағдыр", "Атамекен"романдары, т.б. көркем шығармалары жарық көрген.

Өз шығармаларында адамның ішкі көңіл толқындарын, тұрмыс детальдарын үлкен байқампаздықпен жазатын.

Жазушы шығармаларының тілі шешен. Ол шығармаларында ана тілінің бай қазынасын шебер қолдана біледі. Алпысыншы жылдардың орта шенінде жұртшылық назарын бірден аударған "Қаздар қайтып барады" әңгімесі еді. Адам психологиясын, ішкі сезім толғаныстарын суреттеуде жазушы өз шеберлігін танытады. Арғы бетке өтетін жолаушыны, қиын да болса, Тарбағатай шыңының желкесімен асатын төте жолды суреттегенде жазушы тау сілемдерін оқушының көз алдына толық әкеледі. Байтас шалдың: "Әйтеуір, қиын асудан өттім ғой, — деді талмаусырап жатьш, — жолдың көбі кетіп, азы қалды. Құдай енді екі күндік ғұмыр берсе, көздеген жеріме де жетіп жығылармын", — деген сөздері арқылы автор шың асудың оңай еместігін, жолаушы арманын көрсетеді. Қарт шешімі алған беттен айнымайды, бұл сапарға ол қырық жыл дайындалып, талай ұйқысыз түндері мен күндерін өткізді емес пе?

Батыр – ел қорғаны. Қабдеш Жұмаділовтің “Дарабоз” романында қазақ жерін жоңғар қалмақтарынан тазарту, адамгершілік пен азаттық мұратты жырлап, суреттеу негіз болып алынған. Жаугершілік замандағы “арғымақ жалғыз – ел малсыз” болған күнде батырлар халқының, ата – салттың бар салмағын көтерген.

Романда жазушы Абылай ханның (1751 — 1753) қазақ жерін жоңғар басшыларынан тазартуда саясаттағы батылдығы мен алғырлығын суреттей отырьш, оның оң қолы болған Қабанбай батыр ерлігін айрықша саралап көрсетеді. Романда Қабанбай ақылды, парасатты, сабырлы, ар намысы биік жан ретінде оқырманды өзіне таратады. Ерекше ерлігінің арқасында Абылайдың шешімімен "Дарабоз" атанады. Елінің намысын қорғап, жетпістен астам жекпе-жекке шыққан Қабанбай қазақ ерлерінің күшін, адамдық істерін дәлелдеп, жауьн жер етіп, жеңіске ие болған. Ол жаумен жағаласудың әдіс-тәсілін жетік меңгерген, қанды ұрыстың жай-жапсарын ақылмен сараптап, ең тиімді мүмкіндіктерді терең ойластыра отырып барып, аз шығынмен талай ірі жеңістерге жеткен.

Абылай ханның: "Қазақта батыр туған жігіттер аз емес. Бірақ Қабанбайдың орны бөлек", "Қазақ әскерін Қабанбай бастап келеді" деген бір ауыз сөздің өзі талай қолға татиды" деп жетпіске келген қарт тарланға айтқан сөзінен Қабанбайдың бірдің емес, мыңның орнын басқанын тани түсеміз.

Романда Қабанбайдың парасаттылығы, кемеңгерлігі үнемі танылып отырады. Ол оңашада: "Осы соғыс деген пәленің қайғы зар, азап-сордан өзге адамзатқа берері бар ма? Бірақ, амалың қайсы, зорлық бар жерде соғыс жалғаса береді. Біреудің қанына ортақ болайын деп ойлайсың ба? Ел намысы, ата кегі ғой шыдатпайтын" деп толғануы, ширығуы оның үлкен жүректі адалдығын дәлелдейді. Батырдың кейін жасы жетіп қартайған кезде:" ...Өмір бойы желдің өті, жаудың бетінде жүру пешенеме жазылған сыбағам еді. Өлгенде де тек жатпай, қазақ жерінің бір шетін күзетіп жатпаймын ба?" деп өзіне серт беруі, елім деп туған еңіреген ерлігін көрсетеді.

Ол — халқының болашағын ойлап, келер ұрпақтың қамын жеген тұлға ретінде романда жан-жақты ашыла суреттелген.

Автор "Дарабозда" Абылай тұлғасын кең арнада, кең құлаш, кемел ізденіспен даралап шебер көрсете білген. Абылай атақ, даңқты, бақты алтын тақтан емес, өз халқына адал қызмет етуде деп ұғынады. Ол — сөзі мен ісінде алшақтыққа жол бермейтін берік басшы. Ауыз бірлікті аңсап, рухани тәуелсіздікке қол жеткізуді көздейді. Абылайдың даналығы мен көрегендігі, ақылдылығы әр істе ерекше байқалып, романда біртіндеп сабақтаса өріледі. Халқының сөзін ұстанған, әділеттің арашашысы болған Бұқар жырауға Абылай әр кезде арқа сүйеп, шын таза көңілімен бағалай білген.

Ол төре-сұлтан, хандарға ашпаған ішкі құпия сырын Бұқар жырау, Бөгенбай, Қабанбай батырларға ғана ашып, үлкен, сенім артқан.

Бөгенбай батыр бастап, Қабанбай қоштаған жаужүрек батырлар Абылайдың семсер ұстаған қолы болды, Бұқар дана мен Төле би бастаған шешендер тобы оның сезімтал жүрегі болды. Халық тағдыры сынға түскен заманда ол әділ билерге сүйенген. Олардың даралық пен даналығы, білімдік пен білгір шешендігін автор жеріне жеткізе көркемдеп суреттеген. Азаттық үшін күрес Абылай жігерін қайрап, намыс отын туғызып отырады. Ізгі ниет, ақ істің жеңбей қоймайтынына үміт арта отырьш, халық ойынан шығады. Оның алғыр, белсенділігі, адамгершілік биік қасиеттері оқырманды өзіне тартьш, баурайды.

Романда халықтың ғасырлар бойы жасап келе жатқан асыл мұралары, өзіндік салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары кеңінен көрініс тапқан. Бұл автордың елеулі табысы.

"Дарабоз" романы тәрбиелік мәні жоғары, тәуелсіздік мұратын асқақтата көрсеткен, тарихымыздың ақтаңдақ беттерін толықтыруға, өзіндік үлес қосқан шығарма.
Сәкен Жүнісов (1934-2006)

Сәкен Жүнісов 1934 жылы Көкшетау өңірінде дүниеге келген . Көрнекті жазушы , белгілі драматург. Ол «Ақан сері», «Жапандағы жалғыз үй» романдарын, «Заманай мен Аманай» хикаятын т.б. шығармаларын жазған. Қазақтың атақты сері, әншісі, ақыны, сазгері Ақан сері туралы роман – диологиясы туған әдебиетіміздің бір шоқтықты биігіне бағаланады.


"Ақырғы бәйге" (Ақан сері романынан үзінді)

Ереймен еліндегі Сағынайдың асында Ақанның сүйікті аты Құлагерге қастық жасалады. Бұл кез серінің сүйген жары Ұрқиядан, қыран құсы Қараторғайдан, құмай тазысы Базаралыдан айрылған кезі болатын. Ат арқылы халық арасында беделі айырықша артып бара жатқан Ақанды дұшпандары көре алмайды. Топ аттың алдында озып келе жатқан Құлагерді Батыраш-Қотыраштың адамдары тосып тұрып, шоқпармен ұрып өлтіреді. Ақан сері алдыңғы аттың түсінің өзге екенін көріп, бір жамандықты көңілі сезеді.

Атын жанындай жақсы көрген Ақан Құлагерге арнап, өлеңдерін шығарады.

Зорлықшыл қиянатқа қарсы ақын қатты назаланып, жан айқайын өлең жолдарымен білдіреді. Құлагер мерт болды деп естігенде, Жұлдым да сақалымды ойбайладым, деп суреттейді.. Ол өмірде әділдік жоқ деген сияқты ойлар басына келіп, рухани дағдарысқа ұшырайды. Бұл ән - серінің жан ашуының туындысы. Ақанның ызалы үні баршаға ортақ сезіліп онымен бірге күйінеді, жетелейді. "Құлагер"- ат қайғысын ғана жырлаған өлең емес, озбыр зұлымдықты әшкерелеген туынды. Талай жарыста ел намысын, ел абыройын асырған Құлагердің мерт болуын Ақан Атығай, Қарауыл елдерінің қайғысындай қабылдайды.

Ақанның есімі халық арасына өзінің әсем әндерімен тарады. Ол үлкен лирик ақын болды. Жасынан сұлулықты сезініп, әсемдікті ардақтаған жан махаббат бостандығын аңсаған сазды да сырлы өлеңдер жазды, өмірінің соңғы кезінде өзін ұқпаған ортадан алшақтап, жалғыздықпен мұңдасты. Өз заманының қатыгездігіне мойынсынбай, ерлік, тапқырлық танытты. Ақан сері туралы кезінде С.Сейфуллин, М. Жұмабаев, І.Жансүгіровтер зерттеп, әдебиеттен өз орнын ашып берді.
Бауырлар

Бұл өлеңде қазақтың бір отаны Қазақстан, қазақ даласы екенін әлемге жар салып айтады. Туған жеріңе , ата-бабаңның кіндік қаны тамған жеріне қайтып келіңдер деп дүние жүзі қазақтарына жар салады. Кезінде жел ұшырған қаңбақтай қазақ баласы дүниенің төрт бұрышына тарап кеткен отандастарына мынау сенің елің, мынау сенің жерің, мынау сенің далаң, мынау сенің қалаң, мынау сенің тауың, мынау сенің суың деп айтады.

Қауқылдасып қалдық-ау, есендесіп,

Таңнан тағы тербетті шешем бесік....

Қарсы алуға дайын тұр бауырларын,

Өз жеріңе бәрің де келсең көшіп.

Бұл өлең 1992 жылы Алматы қаласында өткен дүние жүзі қазақтарының құрылтайына орайлас жазылған.
Қозыкүрең

Бұл қазақ пен қырғыз қатар мекендеген Алатау баурайында болған. Ағыбай мен Төреқұлдың достығы оның балаларына жетсін деген туысқандық қатынаспен Ағыбай қырғыз ауылына қонаққа барады. Қырғыздың салтымен Ағыбайды аттан түсіріп күтіп алады. Ағыбайдың қасына оның екі немерелері Ерқанат пен Ержан еріп жүреді. Сол қырғыз ауылында Қозыкүрең әңгімесі айтылады. Әңгімені айтушы Төреқұл 1942 жылдың жаз мезгілі деп бастайды. Қызылбайрақ колхозынан бір үйір жылқы Сталинград майданына бару керек. Саяқбай бастаған бір топ жылқышылар Қалмақ даласын басып Еділ өзеніне келіп тіреледі. Паромнан өтуін жау самолеттері бомбалап кедергі келтіреді. Осы кезге дейін Қозыкүрең бәйгеге түсетін аттай өзін - өзі жаратып көп оттамай, жел жақ бетіне шығып, шығыс жақ бетке көп қарай береді. Мұны алғаш байқаған Саяқбай жас жылқышыларға еге болыңдар қашатын жылқының түрі деп ескертеді. Ескертуге құлақ аспаған жылқышылар паромға тией берген сәтте Қозыкүреңнен айрылып қалады. Соңынан мылтық атып калған капитанның атқан оғы дарымай кетеді. Сол кеткеннен 1 ай бойы хабар болмайды. Төреқұлдың ауылы Ұзынбұлақтың Шұрық деген жерінде отырғанда Қозыкүрең оралады. Әбден шаршаған, арыған, көтерем болған Қозыкүрең бір апта бойы оңалмай өледі. Оны соғыстан қайтқан солдаттай арулап жерлеп көмеді. Қозыкүрең оқиғасы осымен аяқталады. Төреқұл кетерінде Ағыбайдың немерелеріне Қоянкөк дөнен жылқысын сыйлайды.


Қорытынды.

Үйге тапсырма

«Ақырғы бәйге» әңгімесін оқып келу.



Сөйлесу бөлімі № 1 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Сәкен Жүнісов «Ақырғы бәйге»

Тұманбай Молдағалиев «Бауырлар»

Қабдеш Жұмаділов «Қозыкүрең»

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: оқушыларға жазушы оқыған шығармаларын меңгертіп, ойын барысында пысықтатамын.

Ә) Тәрбиелік: Оқушыларға адамгершілік , еңбек, ақыл – ой , имандылық тәрбиесін беремін.

Б) Дамытушылық: Оқушылардың жылдамдығын, шығармашылық қабілетін дамытамын.


Ұйымдастыру__І.'>Сабақ барысы

Ұйымдастыру

І. Модуль мазмұнымен таныстыру
«Қарлы кесек» оқыта үйрету ойыны

Құрал – жабдығы:

        1. Қатысушылардың нөмірі жазылған жетондар;

        2. Үстелді белгілеуге арналған жетондар;

        3. Жалпы бағалау парағы;

Ұйымдастыру

Оқушыларды орнына А, Б, В, Г, Д жетон бойынша отырғызу.

Тапсырмасын беру



Ойынның барысы:

Бұл нұсқа бойынша бағыттау парақтары қажет емес. Ойынды кіріспе лекция болмаған жағдайда , материалды оқушылар өздері дербес оқып үйренгенде болады. Мұнда сынып тағы сондай топтарға бөлінеді – А,Ә,Б,В, Д үстелдері әр топ өз тапсырмаларын – оқу материаланың қандай да бір бөлігін оқып – үйренуді алады да, 10-15 минут дайындалады . Дайындалып болған соң оқушылар келесі тәртіппен отырады: бір үстелдің басына А -1, Б-1, В-1, Г-1, Д-1 жетоны баралары, келесі үстел басына А-2, В-2, Б-2, Г-2, Д-2 жетоны барлар т.с.с. Мұғалім үстелдердің сілтемесін өзгертіп А,Б,В,Г,Д әріптерінің орнына 1,2,3,4,5,6 сандары жазылған сілтемелер қояды.

Ойынның І туры жарияланды. (10 минут)

Жаңа топта әрбір алғашқы топ өкілі өз тақырыбын әңгімелейді (әріптерінің кезегі бойынша). Олардың әңгімесін тыңдаушылары сызба, жоспар, тезис түрінде жазып алады. Бұл уақытта 5 нөмірлі (А-5, Б-5, В-5, Г-5, Д-5) ойыншылар тақтада жұмыс істеп, пысықталған материалды сызба – конспектісін дайындайды. Тақтаның орнына кодопленканы, ватманды пайдалануға болады.

ІІ тур. (уақытты мұғалім белгілейді)

Оқушылар өздерінің алғашқы орындарына қайта оралып , ал мұғалім тағы да үстел сілтемелерін ауыстырады (1,2,3,4,5-тің орнына А,Б,В,Г,Д-ны қояды). 5 нөмірлі (А-5, Б-5, В-5, Г-5, Д-5) тақтада бірінен соң бірі өздерінің сызба нұсқасын қорғайды. Мұғалім және басқа оқушылар оқу материалының қаншалықты меңгергенін , сұрақтың мәні қаншалықты жинақы, нақты, сауатты, баяндалғанын бақылап отырады.


ІІІ тур Қорытынды шығару.

А үстелінің тапсырмасы – Асқа келген Ақан мен Құлагер.

Б үстелінің тапсырмасы – Асқа шақырушы немесе асқа тігілген бәйге.

В үстелінің тапсырмасы – Бәйге.

Г үстелінің тапсырмасы – Мөңке мен Құлагер.

Д үстелінің тапсырмасы – Ақанның қасіреті. Құлагер трагедиясы.
Қосымша №1


А1

А2



А4

А5



А3

А6


Қосымша №2


А үстелі



Б үстелі




В үстелі



Д үстелі




Г үстелі


Қорытынды.

Үйге тапсырма

«Бауырлар» өлеңін және «Қозыкүрең» оқиғасын оқып келу.



Оқушыларды бағалау, марапаттау

Сөйлесу бөлімі . 2 -сабақ
Сабақтың тақырыбы:Тұманбай Молдағалиев «Бауырлар»

Қабдеш Жұмаділов «Қозыкүрең»



Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: оқушыларға ақын - жазушы шығармаларын пысықтатып, ойын барысында меңгертемін.

Ә) Тәрбиелік: Оқушыларға патриоттық , еңбек, ақыл – ой , имандылық тәрбиесін беремін.

Б) Дамытушылық: Оқушылардың жылдамдығын, сауаттылығын, мәнерлеп айтуын, шығармашылық қабілетін дамытамын.


Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

А) Сәлемдесу

Ә ) Модуль мазмұнымен таныстыру

1.»Бақытты сәт» ойыны

Құрал – жабдығы:


  1. Шарлар салынған қапшық немесе бөшке

  2. Секундамер

  3. Ортақ бағалау парағы

  4. Фишкалар

  5. Үй тапсырмасы

  6. Конкурс тапсырмасы

  7. жауап үлгілері


Ойынның жүру барысы

Сынып 2 командағы бөлінеді, әр команданың капитаны жжәне атауы болады.


І гейм. Бой сергіту. Командаларға 10 сұрақтан беріледі. Оларды талдауға 5 минут бөліндеі. Команданың бір өкілі жауап береді, ал бәсекелес команда жауаптың дұрыстығын үлгі бойынша қадағалап отырады. Сұрақтарға ең көп жауап берген команда ұтады.
ІІ гейм. «Бөшкеден шыққан бас қатырғылар» Команда мүшелері бөшкеден шыққан нөмірлері бар шарлар алып шығады. Жүргізуші әр нөмірге жұмбақ немесе сұрақ оқиды. Өз ішінде талқылаған соң, команда каптиандары жауап береді.
ІІІ гейм. «Жұмбақтас». Мұнда жүргізушінің сұрағына жылдамырақ жауап берген команда ұтады. Егер жауап дайын болса , команда көк жалаушаны немесе қолын көтереді.
ІҮ гейм. «Сен – маған, мен – саған» Командалар бір-біріне 2 сұрақтан қояды.
Ү гейм. Көсемдікке ұмтылу. Сұрақтарға барлық ойыншылар жауап береді. Ең көп жауап берген команда ұтады. Ал ең көп дұрыс жауап берген балалар өз командасына қосымша ұпай алады.

2,3,4,5 – ші геймді талқылауға 1 минут беріледі. Егер жауап берілсе , онда үнемделген уақытын команда басқа сұрақты таңдағанда пайдаланады. Әрбір дұрыс жауапқа команда 1 бал немесе фишка алады.


І гейм. «Бой сергіту» турының сұрақтары
А командасына

  1. Қозыкүрең аяқтан қалғанда қандай ем қолданды?

  2. Қырғыздар қонаққа бас тарта ма?

  3. Ағыбайға Төреқұл қандай сыйлық жасайды?

  4. Жаршы жарысқа не тіккен деп айтады?

  5. Құлагермен қатарласа шапқан кім?

  6. Суретші бала кім?

  7. Қай қалаға жеткен соң жылқыны вагоннан түсіріп айдауға тура келді?

  8. Қозыкүрең өзін қалай жаратып, баптайды?

  9. Ақан қай тұстан өте бергенде қарқындатып ал деді?

  10. Ақан атын қай жерде тежеңкіре деп айтты ?


В командасына

  1. Жаршы жарысқа не тіккен деп айтады?

  2. Құлагермен қатарласа шапқан кім?

  3. Суретші бала кім?

  4. Қай қалаға жеткен соң жылқыны вагоннан түсіріп айдауға тура келді?

  5. Қозыкүрең өзін қалай жаратып, баптайды?

  6. Ақан қай тұстан өте бергенде қарқындатып ал деді?

  7. Ақан атын қай жерде тежеңкіре деп айтты ? Ойлы өзекте

  8. Көкөзекке құлай түскен жалғыз жүйрік кімнің жүйрігі?

  9. Көкөзек сайында кездескен кім және қалай киінген?

  10. Мөңкенің құлауына не себеп?


ІІ. «Бөшкеден шыққан» бас қатырғылар
А командасына

1. Қозыкүреңді көру үшін жұрт неге ағылып келіп жатты?

2. «Біздің арамыздағы достықты енді балаларымыз жалғастырсын» деуінің мәні неде?

3. Құлагердегі теңеу сөздермен мысал келтір?

4. Күреңбай ақсақалдың «Мынау пырақ екен» деуінің мәні неде?
В комдасына

1. Мөңке қандай аттарды таныды?

2. Шашубайдың қандай өнері бар?

3. Жарқ еткен айбалта кімдікі?

4. Ержанның көзіне қазақ пен қырғыздан қандай айырмашылығы тапты?
ІІІ гейм «Жұмбақтас» ойыны
А командасына

1. Ақанның Құлагері өлгендегі жан күйзелісін мәтіннен тап?

2. Бауырлар өлеңінде не айтады?

3. Дүниежүзі қазақтары туралы не айта аласың?


В командасына
4. Жылқы, ат баптау туралы мақал – мәтел айт.

5. Күреңбай Құлагерді қалай суреттейді?

6. Бәйгеге ояз не тіккен?

ІҮ гейм «Сен – маған, мен – саған» (Үй тапсырмасы)

Ү гейм. «Көсемдікке ұмтылу»

А командасына


  1. С.Жүнісов қай жылы дүниеге келді?

  2. «Ақырғы бәйге» қандай романынан үзінді?

  3. Ақан серінің жүйрік жылқысы?

  4. Күреңбай кім?

  5. Қандай таудың етегінде үлкен ас болды?

  6. Азашы деген кімдер?

  7. Қошқарбайдың баласы кім?

  8. Құлагерге шапқан баланың аты?

  9. Т.Молдағалиев қай жерде дүниеге келді?

  10. Қ.Жұмаділов қай жылы дүниеге келді?

  11. Қ.Жұмаділовтың алғашқы әңгіме жинағы қалай аталады?

  12. Ағыбайдың немерелері кімдер?

Бағалау парағы (Бақытты сәт ойыны)

Топ

І гейм

ІІ гейм

ІІІ гейм

ІҮ гейм

Ү гейм

Қорытынды

Бағалау

критреийлері



5 -9+10

4-8+7


3-5+6

5-4

4-3


3-1+2

5-3

4-2


3-1

5-2

4-1


3-0

5-10

4-7


3-4




А командасы

1

1

1

1

1




2

2

2

2

2




3

3

3




3




4

4







4




5










5




6










6




7










7




8










8




9










9




10










10
















11
















12




Артық уақыт



















Дұрыс жауап парағы



















Баға




















Топ

І гейм

ІІ гейм

ІІІ гейм

ІҮ гейм

Ү гейм

Қорытынды

Бағалау

критреийлері



5 -9+10

4-8+7


3-5+6

5-4

4-3


3-1+2

5-3

4-2


3-1

5-2

4-1


3-0

5-10

4-7


3-4




В командасы

1

1

1

1

1




2

2

2

2

2




3

3

3




3




4

4







4




5










5




6










6




7










7




8










8




9










9




10










10
















11
















12




Артық уақыт



















Дұрыс жауап парағы



















Баға




















2. «Домино» ойыны

Сынып топтарға бөлінеді. Әр топқа белігілі бер сөйлемдер (1-5 сөйлмге дейн) кеспе яғни әр сөз бөлек – бөлек топқа беріледі. Бұл сөйлемдер мәтіннің ішінен алынады. Топ 5-8 минутт ың ішінде құрастырып, мәтіннің ішінен тауып оқып берулері тиіс. Қай топ бірінші болып сөздерді құрастырып болса сол жеңеді. Гонг.


А тобына – Түйе тастан аса бере тақымыңды бір қысып, қарқындатып ал да, Көкөзекке бұрын түс. Ойлы – қырлы өзек ішінде атыңды сәл теже.

В тобына – Күн батып барады. Желсіз тымық ауаны басына көтерген даңғаза жұрт енді басына көтерген жұрт енді іркіліп, күннің қызыл шапағынан ұялған көздерін алақандарымен көлегейлеп, мойындарын созып , шулап тұр.

С тобына – Құлагер жан дәрменде дүр сілкініп атып тұрды. Қалай кісінеп жібергенін де аңғармай да қалды. Жалбарынған ащы үнге Көкөзек жаңғырықты.

Д тобына – Ағыбай өзінің досы Төреқұлды алыстан шырамытып келе жатқан-ды. Жаңағы бурыл мұртты, қиық көз, қызыл шырайлы кісі де алақанын көлегейлеп, бір – екі рет күн салып қарады да, бұларға жақындады.

Б тобына – Бұл кезде ымырт үйірілер, айналаға кеугім түсе бастаған. Үлкендер орындарынан тұрып, үйге қарай бет алды. Қонақасы дайын болып қалған екен, жылқышы ауылдың көлдей кеңдастарқаны қайтадан жайылды.

Қорытынды

Үйге тапсырма

Үйден ақын – жазушылардың өмірбаянын дәптерге жазып келу, шығармаларын оқып, дайындалып келу.


Бағалау

Саабақта белсенді қатысқан оқушыларды бағалаймын, мараппаттаймын.


3- сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сәкен Жүнісов «Ақырғы бәйге»

Тұманбай Молдағалиев «Бауырлар»

Қабдеш Жұмаділов «Қозыкүрең»

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: оқушыларға жазушы шығармалырын қайталата отырып, ойын барысында пысықтатамын.

Ә) Тәрбиелік: Оқушыларға адамгершілік , еңбек, ақыл – ой , имандылық тәрбиесін беремін.

Б) Дамытушылық: Оқушылардың жылдамдығын, шығармашылық қабілетін дамытамын.


Ұйымдастыру

Сәлемдесу

Модуль мазмұнымен таныстыру


  1. «Білім биржасы» қорыта – бекіту ойыны

Тақтаға конверттер ілінген панно бектіледі, оларда әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар бар. Әрбір оқушы конверттерден өз мүмкіндіктері мен қабілетіне қарай тапсырма алып, дайындалып, жауап береді. Жауптары акциямен бағаланады. «Акционер» - оқушы жауабының толықтығына қарай әртүрлі түстегі акциялар алады: толық емес жауаптары – сары түсті акция; дұрыс, бірақ кеңінен ашылмаған жауап – қызыл түсті акция; дұрыс негізделген жауап – жасыл түсті акция. Әр акцияның бастапқы белгіленген құны бар, оны банк бекітеді, Балдардың ең жоғарғы мөлшері түстер санымен анықталады (мысалы, егер оқушыда 2 түсті акция болса, онда түсімге тек 2 бал қатысады, егер түсімінде 4 түсті болса, онда жоғарғы бал – 4) мұғалім - « банкир» әрбір оқушының түсімін есептейді.

Егер сары акциялар көп болса, бұл «акциялардың» «құны» төмендейді, ал егер жасыл және көкте аз болса – онда оқушылардың «құны» артады . Мысалы егер, көктер – 10, ал жасылдар – 5-еу болса, онда жасыл «акциялар» көктерден қымбат. Осы негізде мұғалім – « банкир» баға қояды.


Ойын сұрақтары

ІІІ деңгей

  1. С.Жүнісов қай жылы дүниеге келді?

  2. «Ақырғы бәйге» қандай романынан үзінді?

  3. Ақан серінің жүйрік жылқысы?

  4. Күреңбай кім?

  5. Қандай таудың етегінде үлкен ас болды?

  6. Азашы деген кімдер?

  7. Қошқарбайдың баласы кім?

  8. Құлагерге шапқан баланың аты?

  9. Т.Молдағалиев қай жерде дүниеге келді?

  10. Қ.Жұмаділов қай жылы дүниеге келді?

  11. Қ.Жұмаділовтың алғашқы әңгіме жинағы қалай аталады?

  12. Ағыбайдың немерелері кімдер?

  13. Қазақ пен қырғыз қай тауды мекендеген?

  14. Қозыкүреңнің түрі қандай?

  15. Саяқбай кім?

  16. Қозыкүреңге оқ атқан кім?

  17. Қозыкүрең оқиғасы қай жылы болды?

  18. Қу мүйіз деп нені айтады?

  19. Еділден не арқылы өтеді?

  20. Қозыкүреңдегі өзгерісті алғаш бай қаған кім?

  21. Қозыкүреңдегі өзгерісті байқаған Саяқбай не деді?

  22. Өрелеп жіберу дегеніміз не?

  23. Паромға жылқышылар қалай тиеді?

  24. Көкшенің дүлділі қандай жылқы?



ІІ деңгей


  1. Қозыкүрең келгенде ауыл қай жерде отыр еді?

  2. Арқырай, кісіней келген жылқы қай тұстан келді?

  3. Қозыкүрең аяқтан қалғанда қандай ем қолданды?

  4. Қырғыздар қонаққа бас тарта ма?

  5. Ағыбайға Төреқұл қандай сыйлық жасайды?

  6. Жаршы жарысқа не тіккен деп айтады?

  7. Құлагермен қатарласа шапқан кім?

  8. Суретші бала кім?

  9. Қай қалаға жеткен соң жылқыны вагоннан түсіріп айдауға тура келді?

  10. Қозыкүрең өзін қалай жаратып, баптайды?

  11. Ақан қай тұстан өте бергенде қарқындатып ал деді?

  12. Ақан атын қай жерде тежеңкіре деп айтты ? Ойлы өзекте

  13. Көкөзекке құлай түскен жалғыз жүйрік кімнің жүйрігі?

  14. Көкөзек сайында кездескен кім және қалай киінген?

  15. Мөңкенің құлауына не себеп?

  16. Құлаған Құлагердің жағдайы қандай?



І деңгей

1. Ақанның Құлагері өлгендегі жан күйзелісін айтып бер тап?

2. Дүниежүзі қазақтары туралы не айта аласың?

3. Жылқы, ат баптау туралы мақал – мәтел айт.

4. Күреңбай Құлагерді қалай суреттейді?

6. Бәйгеге ояз не тіккен?

7. Мөңке қандай аттарды таныды?

8. Шашубайдың қандай өнері бар?

9. Жарқ еткен айбалта кімге тиді?

10. Ержанның көзіне қазақ пен қырғыздан қандай айырмашылығы тапты?

11. Қозыкүреңді көру үшін жұрт неге ағылып келіп жатты?

12. «Біздің арамыздағы достықты енді балаларымыз жалғастырсын» деуінің мәні неде?

13. Құлагердегі теңеу сөздерге мысал келтір?

14. Күреңбай ақсақалдың «мынау пырақ екен» деуінің мәні неде?


Жауап үлгілері

ІІІ деңгейдің жауаптары

  1. 1934 жылы

  2. Ақан сері

  3. Құлагер

  4. Сыншы

  5. Ереймен

  6. Асқа келуші адамдар

  7. Шашубай

  8. Мөңке

  9. Алматы облысы, Жарсу ауылы

  10. 1936

  11. Қаздар қайтып барады

  12. Ерқанат пен Ержан

  13. Алатау

  14. Қан жирен

  15. Кәрі жылқышы

  16. Капитан

  17. 1942 жылдың жазы

  18. Көп нәрсені бастан кешірген, ысылған, төселген.

  19. Паром

  20. Саяқбай

  21. Мына жылқы қашайын деп жүр, өз-өзін жаратып жүр.

  22. Жылқыны тұсап өрелеп, аяғына тұсау салып жіберу.

  23. Жылқыны шарбаққа қамап ығыстыра отырып тиейді.

  24. Құлагер


ІІ деңгейді жауаптары

  1. Ұзынбұлақтың Шұрық деген жерінде

  2. Батыс жақтан қоңыр белден ауылдың аяғынан келді.

  3. Ұн езіп ішкізіп, жылан жұтқызды.

  4. Жоқ тартпайды.

  5. «Қоянкөк» деген көк дөненін берді.

  6. Жаршы жарысқа: бас бәйге – бір тай тұяқ алтын, боталы інген, тай, құлынымен бір үйір жылқы; екінші – бір атан түйе, он құлынды бие; үшінші – бір қоспақ, бес құлынды бие; төртінші- үш құлынды бие, бес қой; беінші – бір құлынды бие, күміс кісе....

  7. Батыраштың үлкен ұлы.

  8. Ержан

  9. Орал

  10. Біраздан бері оттан, судан тыйылып, өзін-өі мейіздей қатырып, жаратып жүр.

  11. Түйе тастан өте бергенде

  12. Ойлы-қырлы өзек ішінде

  13. Ақанның

  14. Батыраш, аузы басын тұмшалаған.

  15. Құлагердің басына тиген айбалта шекесін ойып жіберді.

  16. Шекесінен аққан қан жылымшылап көзіне құйлы берді. Тынысы тарылып көмейінен бұрын естімеген қорыл шықты , демі таусылып, қорылдап, қырылдай бастады. Тұла бойы сіресіп тартылып бара жатыр.



І деңгейдің жауаптары
1. Иесінің үсті – басы малмандай су екен. Ағыл-тегіл боп аққан жасына малып алғандай. Ақан аһ ұрып 10 жыл серік болған аялы досының жансыз көзін жапты.

-Құлагер, құлыныңнан керім едің, сұрағанда нағашым беріп едің, - деп Ақан баяу жоқтау айтып, зарлап отыр.

2. Шетте жүрген қазақтарға:

-Құшақ жая қарсы алатын елің бар, туған жерің бар, келіңдер, ыстық Отан, алтын ұяға,-деп ақын шақырады.

3. Дүние жүзі қазақтардың Құрылтайы 2006 жылы Бейбітішілік және келісім сарайында болып өтті.

4. Ер арыса -аруақ, ат арыса -тулақ. Ат шаппайды, бап шабады.

5. Он екі таспадан өрген бишіктей. Күзендей бүктеле шапқанда тұрқы бұзау тұлып аттарыңның екі-үш аттағанын бір-ақ алатын қарышты жануар. Терісі жұқа – көзел етіктің былғарысындай жұп-жұқа, ет пен терінің арасында бір май жоқ. Аяғы қаққан қазықтай тік, тұяғы мүжілмейтін. Быртық бақай, ит жіліншік, тазы тізелі, бөкен санды, сіңрі бура тілерсек.

6. Медаль, күміс сағат, күміс таяқ

7. Тарбағатайдың Тарланкөгі, Баянның Бурылы, Таразының Тарланы.

8. Сырнайын тартып, ат үстінде түрлі ойындар көрсетіп, ән шырқайды.

9. Құлагерге

10. Қырғыздардың көзі сәл қысықтау, беттері сәл жалпақтау.

11. Бейне бір майданнан келген жаралы солдатты көруге келгендей жануардың тұрқын көріп жыламаған адам қалмайды.

12. Аталары жалғастырған достығы келер ұрпақ жалғастырсын дегендей болады.

13. Топшысы қаршығаның топшысындай, қос шынтақ күреске түсетін балуанның білегіндей т.б.

14. Қолтығында қанаты бар жылқы екен деп айтып, Шапқан сайын үдей түсетін, өрге салсаң, өршелен түсер ұшқыр, нағыз құйынның құйыны.


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет