ІІ. «Өз жартыңды тап» дамыта – пысқықтау ойыны.
Мұғалім жұп карточкалар дайындайды: біреуінде сұрақтар, екіншісінде – жауаптарға арналған тірек кестелер. Бір сұрақ пен оның жауабына арналған карточканың түсі бірдей боады. Оқушылар кез-келген түсті карточканы (әрқайсысы - біреуін) таңдайды. Содан кейін оның түсі бойынша өзіне серігін іздеп, бірге отырып жұмыс жасайды.
№1 тапсырма
Сары түс №1
Құлагер қандай жылқы?
№2
Құлагер
№ 3 Жасыл түс
Құлагердің қайғылы оқиғасындағы негізгі кейіпкерлерге мінездеме бер.
№4 «Қозыкүрең» оқиғасы қай жылдары болды? Аяқталу себебі неде? Козыкүреңнің сипаты қандай?
№5 «Ақан» кім?
Қорытынды
Үйге тапсырма
«Менің сәйгүлігім» тақырыбына эссе жазып келу
4 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Сәкен Жүнісов «Ақырғы бәйге»
Тұманбай Молдағалиев «Бауырлар»
Қабдеш Жұмаділов «Қозыкүрең»
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: оқушыларға жазушы шығармаларын оқыта отырып, ойын барысында пысықтатамын.
Ә) Тәрбиелік: Оқушыларға адамгершілік , еңбек, ақыл – ой , имандылық тәрбиесін беремін.
Б) Дамытушылық: Оқушылардың жылдамдығын, шығармашылық қабілетін дамытамын.
Ұйымдастыру
Модуль құрылымымен таныстыру
Оқушыларды 4 топқа бөліп отырғызамын.
«Тұлғаны таны» ойыны
Жүргізуші ойынға қатысушыларға парақтар таратады, оларға Қазақстан әдебиетінде елеулі із қалдырған өнер, әдебиет қайраткерелерінің портреті жабыстырылған.
Ойыншылар 5-6 адамнан топқа бөлініп отырады. Балалар портреттегі тұлғаның аты – жөнін, шығармалары мен қызмет кезеңін және т.б. еске түсіру қажет. Топ ішінде талдау 5 минуттан аспайды.
Өз командасын топтың ішінде бір адам қорғайды.
Жүргізуші сыныптағы неғұрлым толық жауап берген команданы анықтайды. Жүргізуші ойынға қатысушы командаға рахметін айтады.
1- топқа Қабдеш Жұмаділов Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы
Қытай Халық Республикасының Іле қазақ автономиялы облысына қарасты Тарбағатай аймағында дүниеге келген. Туған жері Қазақстанға оралған соң, Қабдеш Жұмаділов әдебиетші болуды армандап, әл-Фараби атындағы Қазақтың ұлттық университетінің филология факультетіне түсіп, 1965 жылы бітіріп шығады. Ол көркем шығарма жазуға студент кезінен бастап ден қояды. "Қаздар қайтып барады" деген алғашқы әңгімесінен-ақ ол жанына жақын тақырыпқа қалам тартқанын байқатты. Жазушының "Соңғы көш", "Дарабоз" роман-дилогиялары, 'Тағдыр", "Атамекен"романдары, т.б. көркем шығармалары жарық көрген.
2 -топқа Тұманбай Молдағалиев
Тұманбай Молдағалиев Алматы облысындағы Жарсу деп аталатын ауылда 1935 жылы дүниеге келген. 1956 жылы әл-Фараби атындағы Қазақтың ұлттық университетін бітірген.
"Пионер", "Балдырған", "Жалын" журналдарында, "Жазушы" баспасында еңбек еткен.
Тұманбай Молдағалиевтің әдебиетке келген жылдары 1956 —1957 жылдар. Тұңғыш жинағы "Студент дәптері" деген атпен 1957 жылы жарық көрген. Алғашқы өлеңдерінен-ақ ақын жаңа кезең талабына сай жаңа ізденістердің бетін таныта білді.
3- топқа Абай Құнанбаев
Кең-байтақ қазақ жерінің шығысындағы бір құтты қоныс, қасиетті аймақ ол кезде Семей облысы аталатын. Соның төскей төрінде көне тарихтың үнсіз куәсі — әйгілі Шыңғыс тауы жатыр мұнартып. Сол таудың көп бұлақ, көк өзенді жал-жоталары ақбоз үйлер мен төрт түлік малға толы жаз кезі-тін. Осы қалың ел ішіндегі көкмайса көркем қоныстағы бір ауылдың сәулеті өзгеше, сонысынан да ма, аздап сұстылау көрінетін. Міне, сол ауылда, 1845 жылдың тамыз айында нәресте дүниеге келді. Нәрестенің өмірге келуі, оның үстіне — ұл болуы — ол заманның қазағы үшін тіптен ерекше қуаныш еді. Ел молдасы азан айтып, баланың құлағына үш рет айқайлап, атын қойды. Былайғы қалың қазақтың қарапайым тілімен Ыбырайым демей, нәресте туған үйдің өзгешелігіне бейімдеп — арабшасына жақындата Ибраһим деп атады. Құрметті ақсақалдар мен ажары ашық бәйбішелер бала туған үлкен ақ үйге кіріп: "Бауы берік болсын! Ата-бабаларындай атақты, абыройлы болсын!" — десіп жатты. Шынында да, бұл баланың ата-бабалары өте атақты болатын. Арғы түбін айтпағанның өзінде, жас Ибраһимнің туған атасы әйгілі Өскенбай би еді. Ол кісі бұ күнде дүниеден қайтқан. Шыр етіп түскен сәбиді етегіне орап, көтеріп алған мейірбан жүзді қарт әйел, әне, сол қадірлі бидің бәйбішесі, яғни мына сәбидің туған әжесі Зере болатын. Әкесі — Өскенбай бидің өжет баласы, жасында жау түсіргіш қарулы жігіт болған, бүгінде ел "қарадан хан болған" деп марапаттайтын аға сұлтан Құнанбай-тын. Шешесі мінезге бай, ауылға жайлы, сонысымен аса сыйлы Ұлжан бәйбіше еді. Бұл кісі де текті жерден шыққан. Әсіресе өткір сықақ-мысқылға жүйріктігімен аты шыққан елдің қызы. Абайдың біреудің мінін ащы тілмен, ажуа-мысқылмен мінегіштігі шешесінің төркіндерінен — нағашы жұртынан жұққан десетін жұрт. Әлгінде үлкендер жаңа туған нәрестеге "ата-бабаларындай атақты, абыройлы болсын!" дегенде, меңзеп отырғандары осылар болатын.
4- топқа Жамбыл Жабаев
Болашақ акын 1846 жылы ақпан айында казіргі Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының бөктерінде дүниеге келген. Ол жайында ақынның өзі “Менің өмірім" деген өлеңінде:
Қақаған қар аралас соғып боран,
Ел үрей — көк найзалы жау торыған.
Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын,
Жамбыл деп қойылыпты атым содан,
дейді. Әкесі Жапа кедей болғанмен, ат үстіне мығым, найзагер кісі екен. Ел ішінің дау-дамайына бітімгерлік сөзін айтқан кездері де болыпты. Шешесі Ұлдан мінезі байсалды, абысын-ажын арасында беделді, орайы келгенде өз жанынан қиыстырып өлең шығара беретін, әдемі дауысты әнші екен. Жамбылдың аталарынан әріректе өнерпаз, сері, палуандар, ділмар шешендер шыққан. Ал оның руы -Екейлер туралы айтылатын ел ішіндегі:
Екейде елу бақсы, сексен ақын, Жаратып мінеді екен ерттеп атын. Қобызы, домбырасы үнін қосып, Гулейді жын қаққандай кешке жақын, -
деген әзіл сөзде мол шындық бар. Жамбылдың ұстазы -әйгілі Сүйінбай ақын да осы Екей елінен шыққан
ІІ. «Жарысты жалғастыр» ойыны
Жүргізуші сыныпты 3 командаға бөледі.
Жүргізуші оқып – үйренуге тиісті мәтін береді. Белгі бойыша оқи бастаймыз (5-7 минут)
Жүргізуші нөмірленген 3 парақ дайындап, оларды әр командаға береді. Белгі бойынша оқиғаларды, фактілерді, олардың мерзімдерін жазып үндеместен бір – біріне жылжытып отырады. (бірін – бірі қайталамауы тиіс). Бұған 3 минуттай уақыт бөлінеді.
Ойынның қорытындысын шығару. Қай команда неғұрлым көп фактілерді, оқиғаларды, олардың мерзімдерін көрсеткенін; қай команда неғұрлым толық, нақты, анық жауап бергенін жүргізуші анықтайды. Жүргізуші жеңімпаздарды құттықтайды. Сөйлесу бөлімін «3»- ке, «4»-ке және «5» -ке бағалауға болады.
Тапсырма: Қозыкүрең оқиғасынан
ІҮ. «Бас қатырғылар базары» оқыта – үйрету ойыны
(Үй тапсырмасы)
Оқушылар үйден сөзжұмбақтар, сөзтізбелер, тарихи домино, хронологиялық лото т.б. құрастырады да, сабақта соларды шешеді. Жеке де , ұжыммен де жұмыс істеуге болады. Оқушыларға оқулықты, картаны, көмекші және құжаттық материалдарды пайдалануға рұқсат етіледі. Жүргізуші ең белсенді, тапқырларды анықтайды. Үйде жұмыс істеген оқушыларды да, сабаққа белсене қатысқандарды атап өтеді.
Қорытынды.__Үйге_тапсырма'>Қорытынды.
Үйге тапсырма
Үйден Сәкен Жүнісовтің «Ақырғы бәйге», Тұманбай Молдағалиевтің «Бауырлар», Қабдеш Жұмаділовтің «Қозыкүреңін» оқып, тестке дайындалып келеміз.
Бағалау, мараппаттау
Қорытынды бөлім №1- сабақ
Сабақтың тақырыбы:Тұманбай Молдағалиев «Бауырлар»
Қабдеш Жұмаділов «Қозыкүрең»
Сәкен Жүнісов «Ақырғы бәйге»
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: оқушыларға ақын жазушы шығармаларын пысықтатып, тест жұмысы барысында қорытындылатып, бақылаймын.
Ә) Тәрбиелік: Оқушыларға патриоттық , еңбек, ақыл – ой , имандылық тәрбиесін беремін.
Б) Дамытушылық: Оқушылардың жылдамдығын, сауатылығын, ақыл-ойын, есте сақтау қабілетін бақылаймын.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Тест тапсырмасын түсіндіремін
ІІІ. Тест 40 минут
Тест 5- сынып
Тест тапсырмалары
Сызбаны толықтыр.
1.
Сәкен Жүнісовтың шығармасы
2. Сызбаны толықтыр.
Жапандағы жалғыз
үй
Заманай мен Аманай
Қозыкүреңді қалай емдеді?
Сусыз сазға байлады
Ұн езіп ішкізді
3. Сөйлемді аяқта
Асқа келген жұрттың аузына Ақан мен Құлагер қатар .......
А) Шапты Ә) Ілікті Б) Сөйледі
4 . Сөйлемді аяқта
Төреқұл ең алдымен Күлайшаның шылбырынан ұстап, аттан түсірді , қол беріп ............
А) Амандасты Ә) Сайлады Б) Таңдады
5. Сөйлем дұрыс па?
Құлагер - жүйрік жылқы.
А) иә Ә) жоқ
6. Сөйлем дұрыс па?
Күлайша Құлагерді сынады.
А) иә Ә) жоқ
7. Сөйлемді дұрыс құра.
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Құлдырап, дара, Құлагердің, Мөңке, кеп, түскен, басын, берген, тежей,
10
11
Көкөзекке, сәл
……………………………………………………………………………….
8. Сөйлемді дұрыс құра.
1
2
3
4
5
6
7
8
Аққан, шып-шып, шекесінен, көзіне, берді, қан, жылымшы, құйыла
…………………………………………………………………………………..
9. Мына есімдерді өзінің мінген жылқысымен сәйкестендір.
1. Ақан
А.Топайкөк
10. Ақын – жазушыларды туған жылымен сәйкестендір.
2. Ержан
3. Батыраштың ұлы
Ә. Құлагер
Б.Ақалтеке
1. С.Жүнісов
2. Т.Молдағалиев
3. Қ.Жұмаділов
А.1935 жыл
Ә. 1934 жыл
Б.1936 жыл
11. С.Жүнісовтің шығармасындағы қатені тап.
А) Ақан сері
Ә) Жапандағы жалғыз үй
Б) Фантазия
В) Заманай мен Аманай
Үстінде жеңі салақтаған кең шидем - шапан, басына елтірі бөрік киген,жағына пышақ жанығандай арық, шоқша сақал, шүйкиген шал кім?
А) Ақан
Ә) Күреңбай
Б) Сәйбек
В) Ералы
«Пейзаж» дегеніміз не?
А) Ақын кейде жансыз табиғат құбылысын кәдімгі тірі адамға, жан
иесіне ұқсатып, жандандыра құлпырта суреттеу .
Ә) Көркем шығармада суреттелетін табиғат көрінісі.
Б) Шағын көлемді, оқиғалы, адамға сабақ боларлық тағлымды шығарма.
В) Адамның әдебиетте сырт бітімін, кескін – кейпін, жүріс – тұрысын
суреттеу.
14. «Портрет» дегеніміз не?
А) Ақын кейде жансыз табиғат құбылысын кәдімгі тірі адамға, жан
иесіне ұқсатып, жандандыра құлпырта суреттеу .
Ә) Көркем шығармада суреттелетін табиғат көрінісі.
Б) Шағын көлемді, оқиғалы, адамға сабақ боларлық тағлымды шығарма.
В) Адамның әдебиетте сырт бітімін, кескін – кейпін, жүріс – тұрысын
суреттеу.
15. Сызбаны толтыр:
Құлаегер
Қозыкүрең
Топайкөк
2. «Футбол» ойыны (20 минут)
Шарты:
Сыныпты топқа, қатарға бөліп ойнатуға болады. Топтарға , қатарға сұрақтар беріледі. Жауаптары нақты болуы керек. Сұраққа дұрыс жауап берген оқушыға «гол» деп айтады. Ал егер дұрыс жауап бере алмаса «аут» деп айтуға болады және келесі бір оқушыға беруге болады. Қай қатар көп гол соқса сол қатар, топ жеңіп шығады. Ойын басталды.
Ойын сұрақтары:
1 Нұсқа
Қозыкүрең келгенде ауыл қай жерде отыр еді?
Арқырай, кісіней келген жылқы қай тұстан келді?
Қозыкүрең аяқтан қалғанда қандай ем қолданды?
Қырғыздар қонаққа бас тарта ма?
Ағыбайға Төреқұл қандай сыйлық жасайды?
Жаршы жарысқа не тіккен деп айтады?
Құлагермен қатарласа шапқан кім?
Суретші бала кім?
Қай қалаға жеткен соң жылқыны вагоннан түсіріп айдауға тура келді?
Қозыкүрең өзін қалай жаратып, баптайды?
Ақан қай тұстан өте бергенде қарқындатып ал деді?
Ақан атын қай жерде тежеңкіре деп айтты ?
Көкөзекке құлай түскен жалғыз жүйрік кімнің жүйрігі?
Көкөзек сайында кездескен кім және өзі қалай киінген?
Мөңкенің құлауына не себеп?
Құлаған Құлагердің жағдайы қандай?
С.Жүнісовтың алғашқы әңгімесі.
Ұзынбұлақтың Шұрық деген жерінде
Батыс жақтан, қоңыр белден, ауылдың аяғынан келді.
Ұн езіп ішкізіп, жылан жұтқызды.
Жоқ тартпайды.
«Қоянкөк» деген көк дөненін берді.
Жаршы жарысқа: бас бәйге – бір тай тұяқ алтын, боталы інген, тай, құлынымен бір үйір жылқы; екінші – бір атан түйе, он құлынды бие; үшінші – бір қоспақ, бес құлынды бие; төртінші- үш құлынды бие, бес қой; бесінші – бір құлынды бие, күміс кісе....
Батыраштың үлкен ұлы.
Ержан
Орал
Біраздан бері оттан, судан тыйылып, өзін-өзі мейіздей қатырып, жаратып жүр.
Түйе тастан өте бергенде
Ойлы-қырлы өзек ішінде
Ақанның
Батыраш, аузы басын тұмшалаған.
Құлагердің басына тиген айбалта шекесін ойып жіберді.
Шекесінен аққан қан жылымшылап көзіне құйыла берді. Тынысы тарылып көмейінен бұрын естімеген қорыл шықты , демі таусылып, қорылдап, қырылдай бастады. Тұла бойы сіресіп тартылып бара жаты
33. Сонарда
ІІ нұсқасы
С.Жүнісов қай жылы дүниеге келді?
«Ақырғы бәйге» қандай романынан үзінді?
Ақан серінің жүйрік жылқысы?
Күреңбай кім?
Қандай таудың етегінде үлкен ас болды?
Азашы деген кімдер?
Қошқарбайдың баласы кім?
Құлагерге шапқан баланың аты?
Т.Молдағалиев қай жерде дүниеге келді?
Қ.Жұмаділов қай жылы дүниеге келді?
Қ.Жұмаділовтің алғашқы әңгіме жинағы қалай аталады?
Ағыбайдың немерелері кімдер?
Қазақ пен қырғыз қай тауды мекендеген?
Қозыкүреңнің түрі қандай?
Саяқбай кім?
Қозыкүреңге оқ атқан кім?
Қозыкүрең оқиғасы қай жылы болды?
Қу мүйіз деп нені айтады?
Еділден не арқылы өтеді?
Қозыкүреңдегі өзгерісті алғаш бай қаған кім?
Қозыкүреңдегі өзгерісті байқаған Саяқбай не деді?
Өрелеп жіберу дегеніміз не?
Паромға жылқышылар қалай тиеді?
Көкшенің дүлділі қандай жылқы?
ІІ нұсқаның жауаптары
1934 жылы
Ақан сері
Құлагер
Сыншы
Ереймен
Асқа келуші адамдар
Шашубай
Мөңке
Алматы облысы, Жарсу ауылы
1936
Қаздар қайтып барады
Ерқанат пен Ержан
Алатау
Қан жирен
Кәрі жылқышы
Капитан
1942 жылдың жазы
Көп нәрсені бастан кешірген, ысылған, төселген.
Паром
Саяқбай
Мына жылқы қашайын деп жүр, өз-өзін жаратып жүр.
Жылқыны тұсап өрелеп, аяғына тұсау салып жіберу.
Жылқыны шарбаққа қамап ығыстыра отырып тиейді.
Құлагер
ІІІ нұсқа
Құлагердің үстінде не бар?
Күреңбайдың Құлагердің баптаушысына қарап және Құлагерге айтқан сөзі.
Шақырушы Шашубайдың қолында өлең айтқанда пайдаланатын қандай аспабы бар?
Ер – тұрманның кез келген бір бөлшегін айт.
Қалай ойлайсыңдар аттың қамшылар жағы деген қай жағы?
6. Ақанның Құлагері өлгендегі жан күйзелісін мәтіннен тап?
7. Дүниежүзі қазақтары туралы не айта аласың, олар қазір қай елдерде тұрып жатыр?
8. Жылқы, ат баптау туралы мақал – мәтел айт.
9. Күреңбай Құлагерді қалай суреттейді? Мәтіннен тап.
10. Бәйгеге ояз не тіккен?
11. Мөңке қандай аттарды таныды?
12. Шашубайдың қандай өнері бар?
13. Жарқ еткен айбалта кімге тиді?
14. Ержанның көзіне қазақ пен қырғыздан қандай айырмашылығы тапты?
15. Қозыкүреңді көру үшін жұрт неге ағылып келіп жатты?
16. «Біздің арамыздағы достықты енді балаларымыз жалғастырсын» деуінің мәні неде?
17. Құлагердегі теңеу сөздерге мысал келтір?
18. Күреңбай ақсақалдың «мынау пырақ екен» деуінің мәні неде?
ІІІ нұсқаның жауаптары
Әдемі жабу
Бап шаппайды, бақ шабады» демекші, баптаушысы да нағыз сабаз екен.
Сырнайы бар.
Құйысқан, ауыздық, ер, көпшік т.б.
Оң жағы
Ат дүбірі құлағына еміс – еміс естілгендей болды да іле: «Қарағым! Қарағым!» деген иесінің дірілдеген дауысы дәл түбінен шықты. Иесінің үсті де шылқылдаған су екен. Ағыл – тегіл көз жасына малып алғандай. Ақанның көзінен бір тамшы жас төгілмей тұнып тұр. Ақанның көзінен бір тамшы жас өлі көзге үзіліп түскенде, жан біткендей дір етті.Ақан аһ ұрып он жыл серік болған аяулы досының жансыз көзін жапты.
7. Дүние жүзі қазақтардың Құрылтайы 2006 жылы Бейбітішілік және келісім сарайында болып өтті. Қазақтар Қытайда, Ресейде, Өзбекстанда, Иранда т.б. көптеген елдерде тұрады.
8. Ер арыса - аруақ, ат арыса -тулақ. Ат шаппайды, бап шабады.
9. Он екі таспадан өрген бишіктей. Күзендей бүктеле шапқанда тұрқы бұзау тұлып аттарыңның екі-үш аттағанын бір-ақ алатын қарышты жануар. Терісі жұқа – көзел етіктің былғарысындай жұп-жұқа, ет пен терінің арасында бір май жоқ. Аяғы қаққан қазықтай тік, тұяғы мүжілмейтін. Быртық бақай, ит жіліншік, тазы тізелі, бөкен санды, сіңірі бура тілерсек.
10. Медаль, күміс сағат, күміс таяқ
11. Тарбағатайдың Тарланкөгі, Баянның Бурылы, Таразының Тарланы.
12. Сырнайын тартып, ат үстінде түрлі ойындар көрсетіп, ән шырқайды.
13 . Құлагерге
14. Қырғыздардың көзі сәл қысықтау, беттері сәл жалпақтау.
15. Бейне бір майданнан келген жаралы солдатты көруге келгендей жануардың тұрқын көріп жыламаған адам қалмайды.
16. Аталары жалғастырған достығы келер ұрпақ жалғастырсын дегендей болады.
17. Топшысы қаршығаның топшысындай, қос шынтақ күреске түсетін балуанның білегіндей т.б.
18. «Қолтығында қанаты бар жылқы екен» деп шапқан сайын үдей түсетін, өрге салсаң, өршелен түсер ұшқыр, нағыз құйынның құйыны. Шапқанда кеудесі қысылмайды. 13 – қабырғасы қысылмауға сеп.
Қорытынды
Марапаттау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалаймын.
Үйге тапсырма
«Менің қиялдағы жүйрігім» тақырыбына шағын эссе жазып келіңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |