39
Қазақ тілі мен әдебиеті
9-сынып емтихан тапсырмалары
2-тапсырма.
Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз.
Сөйлемдерді
берілген сөздермен бастаңыз.
Мысалы:
Қазақстанның “Қызыл кітабына” жоғалудың аз-ақ алдында тұрған жануар құлан
да енген.
Жоғалудың____________________________________________________________
Жауабы:
Жоғалудың
аз-ақ алдында тұрған жануар болғандықтан, құлан да
Қазақстанның “Қызыл кітабына” енген.
1. Адамның иісін алыстан сезіп қойып, 1 шақырым жерден қашып кетуі мүмкін.
1 шақырым __________________________________________________________
______________________________________________________________________
2. ХХ ғасырдың басында қазақ құланы түгел жойылып кетсе, монғол мен түркімен құланы
біздің елдің территориясынан ауып кеткен.
Біздің _______________________________________________________________
____________________________________________________________________
3. Кең далада еркін жайылып жүрген құландарды аңшылар
есепсіз аулағандықтан саны
азайды.
Аңшылар_____________________________________________________________________
__________________________________________________________________
4. Қазақ даласында бірнеше рет болған жұт та құландардың жойылып кетуіне әсер етті.
Құландардың_____________________________________________________
_________________________________________________________________________
5. 1953 жылы құландардың көбеюін қайта қалпына келтіру
мақсатында оны қайтарудың
алғашқы жұмыстары басталып, Түркіменстаннан «Барсакелмес» қорығына 14 құлан алып
келінген.
Түркіменстаннан_________________________________________________________
________________________________________________________________________
6. Қазақ даласына жерсінген құландар саны ақырындап өсе бастаған.
Құландар ______________________________________________________
_________________________________________________________________________
7. 1982-1983 жылдары құландар Баракелмес аралынан “Алтын-Емел” мемлекеттік ұлттық
табиғи паркіне жеткізілді.
«Алтын-Емел»______________________________________________________
8. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде Қазақстанда құландардың төрт тобы қалыптасты.
Қазақстанда ________________________________________________________
_____________________________________________________________________
9. Құландар табиғатта жайылу арқылы түрлі өсімдік
тұқымдарының басқа жерлерге
тарауына көмектеседі, жерді қопсытады.
Табиғатта___________________________________________________________
_________________________________________________________________________
10.Сондықтан табиғатты сақтау мақсатында құландардың жойылып кетпеуіне жағдай
жасау –әрбір адамзаттың басты парызы.
Әрбір адамзаттың_______________________________________________________
_________________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: