Қызылша мен қызамық – біріне бірі өте ұқсас жұқпалар. Екеуінің де қоздырғышы вирус. Ауру ауа арқылы жұғады. Екеуіне тән негізгі белгі – денеде бөртпелердің пайда болуы.

Қызылша- ауа тамшыларымен таралатын жұқпалы ауру. Ол аурумен балалар жиі ауырады, кейде ересектер арасында кездесіп, ауыр түрде өтеді. Көп адамдар қызылшаның бастапқы кезеңін тұмау, жедел респираторлық вирус инфекция ауруларымен, ал бөртпе шыққан кезеңде аллергиялық аурулармен шатастырады.

Қызамық (лат.rubeola) — вирус арқылы тарайтын тез (жедел) жұғатын жұқпалы ауру. Қызамықпен ересек адамдардан гөрі балалар (әсіресе 2 — 10 жас аралығында) жиі ауырады. Ауру науқас адамнан сау адамға жөтелгенде, сөйлегенде, түшкіру кезінде қақырық, түкірік шашырағанда жұғады. Сондай-ақ, науқас баланың ойыншығы, ыдыс-аяғы, т.б. арқылы да таралады.

Қызылша ауруын қоздырушы морбилливирустар. Ол науқас жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде ауа арқылы жұғады. Қызылша тыныс жолдарының шырышты қабатының қабынуымен, улану белгілерімен, дене қызуының көтерілуі, коньюнктивит, катаральді белгілерімен сипатталады. Қызылшаның міндетті түрдегі белгісінің бірі - дақты-папулезді бөртпелер. Ол аурудың 3-4-ші күні шығады. Аурудың клиникалық белгілері науқас адаммен қарым-қатынаста болған күннен бастап 7-13 күн аралығында көрініс бере бастайды. Бұл кезеңді инкубациялық, яғни жасырын кезең деп атайды. Одан кейін аурудың белгілері айқын білінеді. Ол үш кезеңнен тұрады: бастапқы кезеңі 3-5 күн, бөртпе шығу-3 күн, дақтану- 2 аптаға дейін созылады.