Қызықты химия есептері



бет6/31
Дата04.06.2020
өлшемі320,04 Kb.
#72248
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Қызықты есептер


3 есептің шешуі:


Егер бром суы және калий перманганатының ерітіндісі құйылған шыны арқылы құрғақ ауаны жіберетін болсақ, бром суы ертіндісінің түссізденгені байқалады, бұл оның жоғары ұшқыш қасиетіне байланысты болады. Кальций карбонаты немесе мырышқа хлорсутекпен әсер еткендегі реакция теңдеуі: бойынша

CaCO3 + 2HCl (конц.)= CaCl2 + CO2 + H2O

Zn + 2HCl = ZnCl2 + H2

Бөлініп жатқан көмірқышқыл газы немесе сутек газы бром суымен де, калий перманганатымен мүлдем әрекеттеспейді.

Газдарды бөліп алу үшін концентрленген хлорсутек қышқылын қолдану керек, себебі көмірқышқыл газы мен сутек реакциялық жүйе ортасынан хлорсутекті алып шығатынын екенін ескеруіміз қажет.

1 жағдай. 1-ыдыста калий перманганатының ерітіндісі бар, 2-ші ыдыста бром суы ерітіндісі бар. Реакция теңдеуі бойынша хлорлы сутек калий перманганатының түсін өзгертеді:

2KMnO4 + 16 HCl = 2MnCl2 + 5Cl2 + 8H2O + 2KCl

CO2 мен сутек газдары күштері әсерінен түзілген хлор екінші шыны ыдысқа үрленеді, бромның аз ерігіштігіне, ұшқыштығына байланысты бромның түсі өзгеріп, ерітіндіден бөлініп шығады.

ІІ жағдай. 1-шыны ыдыста бром суы бар, 2-ші шыны ыдыста калий перманганаты ерітіндісі бар.

Көмірқышқыл газы мен сутек газдарының қоспасы бром суы бар шыныға жеткізіліп тұрады, соның нәтижесінде хлорсутек суда ериді, ал көмір қышқыл газы мен сутек ерітіндіден бромды ығыстырып шығарып, нәтижесінде ерітінді түссізденеді. Екінші шыны ыдыста калий перманганаты ерітіндісімен көмірқышқыл газы және сутек газдары қоспасы бромның арасында химиялық өзгерістер жүрмейді. Ерітіндінің түсінің өзгерісі байқалмайды.



4-есеп. Барий хлоридінің 100 мл ерітіндісіне араластыра отырып 100 мл күміс нитратының және 150 мл күкірт қышқылының ерітіндісі бірге құйылды. Әрбір ерітіндінің концентрациясы 0,1 моль/л болды. Түзілген тұнбаның массасын анықтаңдар және ерітіндідегі еріген заттардың концентрациясын анықтаңдар.
4 есептің шешуі:

Жүретін реакцияның теңдеуі:

BaCl2 + AgNO3 + H2SO4 =BaSO4 + AgCl + HNO3 + HCl

Есептің шартында берілген мәні бойынша реакцияға қатысқан заттардың зат мөлшерін табамыз: BaCl2 – 0,01 моль, AgNO3 – 0,01 моль и H2SO4 – 0,015 моль. Күкірт қышқылының мөлшері 0,005 моль артық мөлшерде (реакция теңдеуі бойынша) екені анықталды.

Барий сульфаты мен күміс хлориді тұздары тұнбаға түседі, реакция теңдеу бойынша тұнбаға түскен тұздардың мөлшерін анықтауға болады: BaSO4 – 0,01 моль, а AgNO3 – 0,01 моль

Тұнбаның жалпы массасы:

2330,01 + 143,50,01 = 2,33 + 1,435 = 3,765 (г)

Ерітіндіде 0,005 моль мөлшерде күкірт қышқылы, 0,01 моль азот қышқылы, 0,01 моль тұз қышқылы қалады. Түскен тұнбаның көлемін ескермей отырып, ерітіндінің көлемін табамыз.

100 мл + 100 мл + 150 мл = 350 мл

Тұз қышқылы, азот және күкірт қышқылдарының концентрациясын табамыз:

HCl концентрациясы = HNO3концентрациясы= = 0,0286 моль/л,

Ал күкірт қышқылының концентрациясы 2 есеге дейін аз болып, 0,0143 моль/л тең болады.



5-есеп. Кеңінен таралған сілтілік металдың тұзына концентрленген күкірт қышқылымен әсер еткенде бөлінген түссіз газды кеңінен таралған сілтілік жер металдың тұзының ерітіндісіне жіберілді. Сол кезде бөлінген Б газын күміс нитраты арқылы жібергенде тұнба түзілді. Тәжірибені жүргізуге қандай қышқылдардың тұздары және қандай сілтілік жер металдар қолданылды. Бақылаған құбылыстарды түсіндіріп, мүмкін болатын реакция теңдеуін жазыңдар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет