«Қызықты математика» қосымша курсының басты мақсаты


Математика. Логика. 2- сынып



бет8/25
Дата07.02.2022
өлшемі1,37 Mb.
#95526
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25
Байланысты:
Қызықты матем

Математика. Логика. 2- сынып
С\ тақырыбы: Өлеңді есептер
С\ мақсаты: тез есептеуге бағыттау; шығармашылық ойлау қабілеттерін қалыптастыру және ұштау; тірек білімдерін жетілдіру; байқағыштық қасиеттерін дамыту.
С\ барысы:
І. Қызығушылықты ояту.
Қосу мен азайту –Ойды анық, таза айту.
Сөз қысқа да, ой нұсқа, Нәтижесн дәл айту.
Шөлдің кері – теңіз бе ? Арық емес, семіз бе?
Ал азайту қарсы амал – Қосуменен егіз бе?
+ -
ІІ. Мағынаны тану.
Өлеңді есептер
Барлығы қанша қарға?
Келеді ұшып екі қарға
Топ достарын ертіп талға.
Болды елу әлгі жиын,
Санағанда демей қиын
Болмаңыздар әбігер
Табылар ебі бәрібір
Айтар есеп шартын кім
Теңдеу құру тәртібін ?
( Жауабы: 2+х=50; х=48)
Кетті бірге нешеуі?
Кездесіп бір топ аңменен,
Болды отыз бас, малыменен
Олар кетті һәм достасып
Үш түлкімен қоштасып,
Әуре болып зерек досқа
Теңдеуді ойлап құрыңыз
Сан қанша айта тұрыңыз?
( Жауабы: х + 3 30; х 27)


Бәрі қанша құс болды?
Мынауда бір санамақ
Өздерің кр саралап:
Төбеден төрт бөктері
Аңдыпты қос кептерді
Шынқылдаса көп қарға
Секем ап, бір дауыстан
Безектеп бес саусақтан
Алты белден асыпты
Тым тырақай қашыпты
Үш үкі үркіп ұшыпты
Тасқа құлап түсіпті
Жарда жеті жапалақ
Отырғанда қаталап
Топ – топ тоғыз тоқылдақ
Қарғып кеткен топырлап
Бүтіп қызық іс болды
Бәрі қанша құс болды?
(Жауабы: 31 құс)
Дүкеннен кеп сабын алдым
Оның және қабын алдым
Екі дәптер бір қарындаш
Тіс ысқышты тағы алдым
Есептеші сонда бәрі
Қанша болды қолда бары?
( Жауабы 6 )
Бақшаға жақсы аға
Көп көп ойыншық
Келді алып : бір балық
Екі есек, үш үйрек
Төрт түлкі, бес бүркіт
Алты арғымақ, жеті жарғанат
Сегіз саулық, тоғыз тауық
Он торпақ. Болма есепке сен шарқақ!
( 1 + 2 + 3 + 4 + 5 + 6 + 7 + 8 + 9 + 10 = 55)


Қорытындылау.



Математика. Логика. 2- сынып
С\ тақырыбы:Геометриялық пішіндермен жұмыс.
С\ мақсаты: қоршаған ортадағы геометриялық фигураларды іздестіруге, геометриялық фигураларды пайдалана отырып қандай жаңа фигураларды шығаруға болады.Фигуралар туралы өлеңдер жаттау.
С\ барысы:
І. Қызығушылықты ояту.
Осы фигураларды пайдаланып не құрастыруға болады екенін ойластыр.






















ІІ. Мағынаны тану.
Геометриялық фигуралар туралы өлеңдер
Бұрыштар мен сызықтар
Атын атап тізіп қал
Ақылы көп балаға
Зейінін қояр қызық бар.

Квадрат қой мынауың,


Оңай екен сұрауың.
Сәл қиындау келтіру.
Домбыраның бұрауын.

Мынау емес төртбұрыш,


Мұнда мүлде жоқ бұрыш.
Бұның аты – дөңгелек,
Дөңгелекті дөңгелет.

Жаңбыр жауса сай толар.


Ойнақайын тай болар
Дөңгелегің не десең,
Толықсыған ай болар.

Үшбұрышты білеміз,


Табанында жүреміз.
Төбесінен сырғанап,
Құлап қалсақ күлеміз.

Бұрыштарын табамыз,


Бұңан келер шамамыз.
Анау – мынау сұрақты,
Жаңғақтай біз шағамыз.
«Үшбұрыш»
Төрт қабырға ең болса,
Төрт бұрышты тең болса.
Жауап берер балақай,
Ой өрісі кең болса.
«Квадрат»
Төртбұрышқа үшбұрыш,
Үй төбесін жабамыз.
Ақыл, қайрат, күш – құрыш,
Еңбекпенен табамыз.


ІІІ. Толғаныс.
Математикалық спринт.
1. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? (0)
2. 7 санына байланысты не білесің? (7 күн, 7 қазына, 7 жұт, 7 мүше)
3. Екі қатынастың теңдігі? (теңдеу)
4. Қандай сандар нөлден үлкен? (оң сандар)
5. Үшбұрыштың неше тамаша нүктесі бар? (4)
6. Ең кіші натурал сан. (1)
7. Сыбайлас бұрыштардың қосындысы (180)
8. 1 көйлек жылы ма, әлде бір көйлектің қалыңдығындай үш көйлек жылы ма? (бірдей)
9. 12, 10, 14 сандарының арифметикалық ортасын тап (12)
10. Жоқты білдіретін сан (0)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет