Телефон, радио байланысы арқылы құжаттарды жіберіп қабылдаудың әлсіз жағы Қазақстандағы телефон, радио байланысының әлі де талапқа сай құрылмағандығы, техникалық құралдарың нашарлығы
Телефон, радио байланысы арқылы құжаттарды жіберіп қабылдаудың әлсіз жағы Қазақстандағы телефон, радио байланысының әлі де талапқа сай құрылмағандығы, техникалық құралдарың нашарлығы.
Телефонхатпен жұмыс істейтін қызметкер епті, мәтінді тез жазып алуға қабілетті, даусы анық, дикциясы жақсы болуы керек. Есту кабілетінің жақсы, қолы ширақ болуы да міндетті. Кеңсе қагаздарына қатысты жұмысты да, телефон байланысын да жақсы меңгерген адам болғаны жөн. Мекемеде жіберілген, келген телефонхатты тіркеп отыратын арнайы журнал болуы керек. " Телефонхат журналы" екі бөлікке бөлінеді. Бірінші бөлікте мекемеге келіп түскен телефонхат жазылады, екінші бөлігі жіберілген телефонхат мәтіндерін жазуға арналады. Телефонхат кұрылымының жеделхат құрылымынан көп айырмашылығы жоқ.
Телефонхат – жедел мәселелер бойынша телефон арқылы берілген және алушы жазып алатын құжат. Ол отырыстар, мәжілістер, іскери кездесулер, жоспарланған іс-әрекеттердегі қандай да бір өзгерістер, іс-шаралар туралы жедел хабарлар жіберу үшін пайдаланылады.