телефонограмма қабылдаған және берген адамның лауазымы мен аты-жөні.
Телефонхат бір данадан жасалып, оған басшы не орындаушы қол қояды. Мәтіні 50 сөзден аспауы керек. Телефонхаттыы бергенде мынадай ұсыныстарды ескеру керек:
Жеделхаттар мен телетайпхаттар арнайы баспахана қағаздарына толтырылады, олар жоқ болса, қажет пішімдегі жай қағазға толтырылады. Жеделхаттың екінші данасы ұйымның іс қағаздарына тіркеледі.
Оның мәтініне ерекше телеграф стилі тән: көмекші сөздер, шылаулар, жалғаулықтар, тыныс белгілері болмайды. Сандар сөзбен жазылады. Мәтін қысқа, жинақылықты қажет етеді, екі ұшты, астарлы болмау керек. Екіұшты түсінік тууы мүмкін жағдайда тыныс белгілері қысқарған сөздерден құралады: НКТ-нүкте, ҮТ-үтір, ҚТ- қос нүкте, ТР-тырнақша, НР- нөмір.
Халықаралық жеделхаттар орыс және латын шрифтерімен басылады. Халықаралық жеделхат мәтіні 1,5 аралықта тасқа басылған әріптермен, жаңа жолсыз, тасымалсыз, түзетулерсіз басылады.