Бұл үш позицияның үшеуіне де ортақ жалпы заңдылықтар бар да, әр позицияның өзіне ғана тән тіркесу ерекшеліктері және бар. Мәселен, түбір сөз бен қосымша жігінде «қатаңнан соң – қатаң, ұяңнан соң – ұяң келеді» дейтін заң сөз бен сөздің аралығында әр уақыт сақтала бермейді. Мысалы: бес мың, жүз мың т.б. Ал «үнділерден соң ұяңдар да, үнділер де келе береді» деген заң үш позицияның үшеуінде де ұшырасады.

Дауыссыздардың тіркесімі жөніндегі ойымызды баяндау үшін, алдымен белгілі фонетист С.Мырзабековтің «Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі» атты оқу құралынан алынған дауыссыздардың тіркесім кестесін беріп алалық.