Дей тұрғанымызбен, біраз мәселе дауыссыздардан кейін келетін қосымшалардың жұрнақ немесе жалғау екендіктеріне байланысты шешіледі. Айталық, қосылған қосымшалар жұрнақ болса, жоғарыда айтқанымыздай, «дауыстылар кез келген дауыссыздардан кейін келе береді». Мысалы: қазақ+ы ≈ қазақы т.б. Ал ол жалғау болса, қосымшаның басында тұрған дауысты өзінің алдындағы К, Қ, П дауыссыздарымен (қатаңдармен) тіркесе алмай, оларды өзгертіп (ұяңдатып) жібереді. Мысалы: тарақ+ы > тарағ+ы, теп+ер > теб+ер, жап+ар > жаб+ар т.б.

Дауыстылар мен дауыссыздардың бұлай көрші тұруы тарихи дамудың нәтижесі деп білуіміз керек.
Дауыссыздардың дауыссыздармен тіркесімі. Дауыссыздардың бір-бірімен тіркесіп келу мәселесі – дыбыстардың тіркесім заңдылықтарының ішіндегі ең өзектісі. Өйткені қазақ тілі сөздерінде екі дауыссыздың ғана емес, кейде үш дауыссыздың да тіркесіп келуі сирек болса да кездеседі. Әрине, олардың ішінде төл сөздерімізде ұшырасатын заңды тіркестер де, кірме сөздерде ұшырасатын заңсыз тіркестер де бар. Біз бұл жерде дауыссыз дыбыстардың тек заңды тіркесімдері туралы ғана сөз етеміз.