Тіліміздегі дыбыстар (фонемалар) сөз ішінде тіркесіп қолданылады. Бұған ешкімнің таласы жоқ. Мәселе сол тіркескен дыбыстардың қалай болса солай тіркесе салмайтындығында. Дыбыстар тіркесімінің әр тілде тарихи түрде қалыптасқан өз заңдылықтары бар. Дыбыстар бір-бірімен сол заңдылықтар бойынша тіркеседі.

Дыбыстар тіркесімі дегеніміз не?
Дыбыстар тіркесімі дегеніміз – сөз ішіндегі дыбыстардың бір-бірімен қатар тұру мүмкіндігі, олардың (дыбыстардың) тарихи тұрғыдан қалыптасқан орны. Бұл сайып келгенде, бүкіл бір халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан, жүйеге түскен сөйлеу тәжірибесінің нәтижесі деген сөз. Олай болатын себебі: белгілі бір тілдегі дыбыстардың тіркесім заңдылығы – әлгі тілдің бүкіл бітімін, бар болмысын айқындап, оның өзге тілдерден айырмашылығы мен ерекшеліктерін көрсетіп тұратын ең басты белгісі болып табылады.