ActivInspire шолушылары
Шолушылар – флипчарт және онда орналасқан объектілермен жұмыс істеуге арналған ыңғайлы арнайы панель. Бастамадағы батырма арқылы флипчартты өңдеу кезінде экранға шолушылар терезесін қоюға болады немесе демонстрация кезінде оны жасырып қоюға да болады.
Бетті шолушылар
Толықтай флипчарт беттерімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді, яғни беттерді эскиз түрінде көруге, беттер арасындағы тез орын ауыстару, тасымалдау арқылы беттердің орнын ауыстыру, көшіру операциясын орындау, беттерді қою және өшіру мұмкіндіктері бар. Қосымша мәзірдің эскиздегі белгіше флипчарттың ағымдағы бетін көрсетеді.
Ресурстарды шолушылар
ActivInspire ресурстар кітапханасын қолжетімді етеді. Ресурстар кітапханасы флипчарт пен презентацияда қолданылатын файлдар мен объектілерді қолжетімді етеді.
ACTIVstudio арқылы қолдануға, өзгеруге, сақтауға болатын әртүрлі ресурстар орналасқан жалпы кітапхананы ашуға болады. Бұл кітапханалар бірнеше қолданушылармен қолданылады.
Ресурстардың жеке кітапханасы өзіннің ресурстарынды сақтауға мүмкіндік береді.
Компьютердегі қалташалардан ресурстарды іздеуге болады.
Ресурстар жеке жіне ресурстардың жалпы қалташаларында орналасқан және ыңғайлы болу үшін тип бойынша классификацияларға бөлінген.
Әдетте Шолушылар Жалпы ресурстар қалташасын ашады. ActivInspire арқылы қойылған ресурстар категория бойынша ұйымдастырылып және түсінікті аты жазылған қалташаларда сақталады.
Ресурстарды шолушылар терезесінің жоғарғы жағында ресурсты қалташаларды ашуға мүмкіндік беретін батырмалар орналасқан:
Менің ресурстарым – қолданушы салған ресурстар орналасқан қалташаларды ашады. Бұл ресурстардың тізімі әр қолданушыда әрқалай. Ең басында бұл қалташа бос болады.
Жалпы ресурстар – бұл қалташа әдеттегідей ашылады. Мұнда стандартты ресурстар орнатылған. Мұндағы ресурстар барлық қолданушыларға қолжетімді.
Ресурстар орналасқан басқада қалташалар – кез келген кітапханада жоқ флипчарт ресурстарын қосуға арналған компьютерде немесе локальды желіде орналасқан қалташаны таңдауға болады.
Бұл терезедегі контексті мәзір ресурстар пакетін экспорттап немесе импорттай алайды. «Импорт» функциясы контексті мәзірдің жоғарғы деңгейлі қалташасында қолжетімді.
Панельдің астынды жағында ресурстар эскизы мен қалташадағы қалташа аттары орналасады:
Ресурстардың көлемін және эскиздардың ұйымдастыруларын өзгертеу;
Ресурстарды флипчартқа кітапханадан қою;
Ресурстар кітапханасынан ресурстарды өшіру.
Екі панель арасында таңдалған қалташаның элементтер саны көрсетіледі.
Кітапхананы өз ресурстарыңмен толтыруға болады немесе ресурстардың толық пакетін қосуға болады.
Флипчарт бетіне таңдалған ресурсты қосу үшін, оны тышқанның көмегімен тасымалдау жеткілікті. Тасымалдау процесі кезінде екі пайдалы құрал қолданылуы мүкін:
Мөлдірлікті ауыстыру – бетке тасымалдау кезінде фондық түсті немесе суретті мөлдірлейді.
Штемпель – флипчартқа ресурстың көптеген көшірмелерін тез қоюға мүмкіндік береді.
Объектілерді шолушылар
ActivInspire флипчарт құру кезінде қолданылатын барлық элементтер оюъектілер болып табылады. Мұнда суреттер де, фигуралар да, жазбалар, тышқанның көмегімен жасалғандар да жатады. Объектілерді шолушылар флипчартта орналасқан барлық объектілерді басқара алады. Оның көмегімен келесі әрекеттерді орындауға болады:
Объектілерді бір қабаттан екінші қабатқа тасымалдау.
Объектілерді орналастыру.
Оларды топтастыру және топамау.
Объектілерді құлыптау және құлыптамау.
Ескертулерді шолушылар
Ескертулерді шолушылар флипчартқа ескертулерді қосуға, өшіруге және баптауға мүмкіндік береді. Ескертулерді флипчартқа басқа мұғалімдермен флипчартты бөлісу, қандай да бір уақыттан кейін қайта қолдану үшін міндетті түрде қосу керек. Ескертулер флипчартты қолдануға пайдалы кеңестер мен нұсқаулармен жабдықтайды.
Құрамды шолушылар
Құрамды шолушылар объектінің құрамын қарастырып және өзгертуге мүмкіндік береді. Ыңғайлы болу үшін барлық құрамдар категория бойынша топтастырылған. Объект құрамын пайдалану – сіздің флипчартыңызға интерактивтілікті қосатын күшті құрал. Онымен толығырақ 6 тақырыпта танысамыз.
Әрекеттер шолушылары
Әрекеттер шолушылары флипчарттағы кез келген объектті қандай да бір әрекетпен байланыстыруға мүмкіндік береді. Мысалы, объектті шерткенде басқа бетке ауысу немесе құралдар панелін қолданбай қандай да бір құралдын активизациясы, немесе дауыс берудің басы және т.б. Барлық әрекеттер ыңғайлы баптау үшін алдын ала топтастырылған. Әрекеттерді қолдануды толығырақ 6 тақырыпта танысамыз.
Дауыс беру шолушылары
ActivSlate, ActiVote и ActivExpression құралдарының барлық регистрация аспектілерін басқаруға, дауыс беру сеансын жіберу, және де бұл сеанстарды жазу, сақтау және нәтижелерін қарастыруға мүмкіндік береді. Құралдардың регистрациясы мен дауыс беру жайлы толығырақ 7 тақырыпта танысамыз.
№1 Зертханалық жұмыс. Түпсіз сандықша
Бірінші мысал ретінде, көптеген заттар алып шығуға болатын «түпсіз» сандықша құрып көрелік.
Бізге флипчарт бетіне кейбір объекттілерді орналастыруымыз керек – керек кезде алып шығуға болатын, көптеген басқа да объекттілерді тығып қоюға болатын сурет немесе қарапайым геометриялық фигура қажет.
Сонымен, бастайық.
Жаңадан флипчарт құрыңыз .
Флипчарт бетін құралымен фондық түске бояймыз. Ол үшін тышқанның оң жақ батырмасымен (немесе қаламның батырмасы көмегімен) құралдар панелінен түс таңдау аймағын шертіп және ашық жасыл түсті таңдаймыз.
Енді бетке шертіңіз, ол таңдалған түске боялады.
Кеңес:
Өз флипчартыңызды түрлі түсті етіп жасауға тырысығыз – бұл басқа қатысушылардың назарын еліктіреді.
Енді мәтін құралының көмегімен объекттілер құрамыз, кейін оларды «сандықшамызға» тығып қоямыз. Біздің мысал ретінде олар: зат есім және сын есім. Барлық сөздер жеке объекттілер түрінде құрылуы керек. Ол үшін әрбір сөзді терген сайын қаламмен немесе тышқанмен беттін басқа жерлеріне шертініз.
Сөздер саны шектелмеген, олар бұданда көп болуы мүмкін.
Енді таңдау құралының көмегімен барлық сөздерді бір орынға орналастырып және беттің төменгі жағына бірінің үстіне бірін қоямыз:
Енді бұл сөздерді қандай да бір суретпен немесе фигурамен жабуымыз керек. Біздің жағдайда ол тіктөртбұрыш. Оны Фигура құралының көмегімен салыңыз. Құралды таңдаған кезде фигуралар таңдауға мүмкіндік беретін, экранның оң жағында панель пайда болады. Сонымен қатар фигураның контур түсі бастапқы құралдар панелінен таңдалса, ал толтыру түсі – фигуралар панелінің жоғарғы жағынан таңдалады.
Тіктөртбұрышты сөздерді жабатындай, бірақ онша үлкен болмайтындай етіп өзгертеміз.
Егер тіктөртбұрыш сөздердің астында тұрса, онда тышқанның оң жақ батырмасын басып Ретке келтіру / Алдынғы жаққа әрекетін орындаймыз.
Енді сөздерді орналастыру үшін екі аймақ құруымыз керек. Біріне – зат есім, ал екіншісіне – сын есімдерді. Ол үшін қайтадан Фигура құралын қолданамыз. Жасыл алтыбұрыш саламыз.
Егер суретті салғандакерек түсіміз таңдалмаса, онда оны Толтыру құралының көмегімен орындаймыз.
Осындай екінші фигураны алу үшін оны көшіреміз. Ол үшін жасыл алтыбұрышты ерекшелеу үшін бір рет шертіп, Көшірме батырмасын шертеміз.
Екінші объектті бірінші объекттің жанына орналастырамыз және оны Толтыру құралымен күлгін түске бояймыз:
Енді құралының көмегімен алтыбұрыштарға анықтама мәтін жазу керек.
Енді барлық кескіндер мен жазулар тақырыптарын кездейсоқ жылжыту мүмкін болмас үшін құлыптау ғана қалды. Бұл үшін қызғылт сары тіктөртбұрышқа тышқанның оң жақ түймешігін басып, контекстік менюден Заблокирование командасын орындаймыз. Бұл іс-әрекетті алтыбұрыштар мен тақырыптар үшін де қайталаймыз.
Енді бұл фигураларға тінтуір әсер ете алмайды. Тіктөртбұрыш астына жасырған сөздер құлыпта болмауы керек екеніне назар аударыңыз.
Негізгі менюдің командасы арқылы флипчартты сақтаймыз.
Кеңес:
Аяқтаған соң сақталған қалпына келе алу үшін және тапсырмаларды орындай алу үшін флипчартты міндетті түрде сақтау керек,
Тапсырманы орындап көрейік. Ол үшін тінтуірді сөздер жасырылған көк түсті тіктөртбұрышқа апарамыз (бұл уақытта еркін таңдау құралы қосылып тұру керек) және одан сөзді тартып шығару керек. Сөзді қандай да бір алтыбұрышқа орналастыр.
Егер сөздер алтыбұрыштың артына кетіп қалып жатса, онда алтыбұрыштарды артқы планға орналастыру керек. Бұл үшін объект көрсеткіштерін пайдалану керек. Тінтуірді терезенің сол жақ шегіне апрсаңыз, көрсеткіштер паннелі ашылады. Объект көрсеткіштерін терезенің жоғарғы жағындағы көрсетілген белгішені басып ашыңыз.
Бұл терезенің ортаңғы қабат бөлімінде үш фигураны коре аламыз. Егер оларды тінтуірмен басып көрсек, бұ о объектілерді ерекшелеген кезде флипчартта соған сәйкес объект ерекшеленетінін байқауға болады. Осылайша Фигура3 атауымен берілген екі объект екі алтыбұрышқа сәйкес екенін білуге болады. Тізімдегі объектілердің орналасу реті флипчарттағы объектілердің орналасуына сәйкес келеді. Әрбір жаңа объект тізімнің ең алдына қосылады. Бетте ең бірінші болып енгізген сөздеріміз алтыбұрыштан жоғары орналасу үшін осы тізімдегі объектілердің ретін өзгертуіміз керек. Ортаңғы қабат тобынан Фигура3 атауымен тұрған екі объекті тізімнің ең астына орналастыру керек.
Суреттегі сияқты нәтиже беру керек.
Енді барлық сөздер тіктөртбұрыштың артына жасырылған соң флипчартты бастапқы қалпына сақтаймыз.
Тапсырманы тағы да орындап көрейік. Тіктөрбұрыштың астынан сөзді тартып алып шығып, оны қандай да бір алтыбұрышқа орналастырамыз.
Тапсырманы қайтадан орындау үшін құралдар тақтасындағы бетті қалпына келтіру пернесін басамыз.
Тапсырманың мақсатын ұмытым қалмас үшін бетте ескерту жасап коюға болады. Ол үшін ескертулер көрсеткішін ашамыз да келесі мәтінді енгіземіз.
Қажет болған жағдайда көрсеткіштің төменгі жағындағы түймемен форматтау панелін ашып, мәтінді өзгертуге болады.
Барлық сөздер тіктөрбұрыштың астына жасырылғанына көз жеткізіп, флипчартты жабыңыз.
|
Достарыңызбен бөлісу: |