Ж.Қ. Астамбаева, Г. И. Уәйісова, Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы: Алматы, 2010, 85 бет


ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ «ЕСЕП ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ КЕЗЕҢДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ (слайдтар түрінде)



бет9/10
Дата10.11.2016
өлшемі2,31 Mb.
#1471
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ «ЕСЕП ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ КЕЗЕҢДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ (слайдтар түрінде)

1. Есеп дегеніміз мынандай мәнді белгілері бар математикалық жаттығудың ерекше түрі:

  1. Есеп мәтінмен беріледі.

  2. Сол мәтінде өмірдегі нақты жағдаят сипатталады.

  3. Есептің сұрағы болады.

  4. Сол сұраққа жауап беру үшін арифметикалық амал орындалады.

2.Есептің түрлері

Е
Жай есеп


септің екі түрі болады.


Есеп

Құрама есеп


Жай есептің түрлері:

І.Арифметикалық амалдардың мән-мағынасын ашуға арналған жай есептер

ІІ. Амал қатынастарының мән-мағынасын ашуға арналған жай есептер

ІІІ. Амал компоненттері мен нәтижелері арасындағы байланысқа негізделген жай есептер

ІҮ. “Үлес және бөлшек” ұғымдарымен байланысты жай есептер

Ү. Пропорционал шамалар арасындағы тәуелділікке негізделген жай есептер



3. 1-сыныпта қарастырылатын есеп түрлері

  • Қосындыны табуға арналған жай есеп

  • Қалдықты табуға арналған жай есеп

  • Бірнеше бірлікке артық санды табуға арналған жай есеп

Шаршы – 4 ¢¢¢¢

Дөңгелек – ? 3-еуі артық Сонша және тағы 3-еу



  • Бірнеше бірлікке кем санды табуға арналған жай есеп

Қарындаш – 8 ●●●●●●●●

Қалам – ? 3-еуі кем сонша болуға 3-еуі жетпейді



Дөңгелек – 5 ? артық ˜˜˜˜˜ ? артық

Шаршы – 3 ¢¢¢



4. 2-сыныпта қарастырылатын жай есептер

  • Белгісіз қосылғыштарды табуға арналған жай есептер.

М: Гүлзарда бірнеше ақ және 5 көк гүлдер өсіп тұр. Егер барлығы 10 гүл болса, онда ақ гүлдер нешеу?

  • Белгісіз азайғышты табуға арналған жай есептер.

М: Бұтақта бірнеше торғай отырған еді. Оның 2-еуі ұшып кеткенде, 5 торғай қалды. Бұтақта неше торғай отырған еді?

  • Белгісіз азайтқышты табуға арналған жай есептер.

М: Бұтақта 7 торғай отыр еді. Оның бірнешеуі ұшып кеткенде 5 торғай қалды. Неше торғай ұшып кетті?

5. 3-сыныпта қарастырылатын жай есептер

  • Бірдей қосылғыштардың қосындысын табуға арналған есептер;

  • Теңдей және тиісінше бөлуге арналған есептер;

  • Бірнеше бірлікке есе артық және бірнеше бірлікке есе кем санды табуға арналған есептер;

  • Сандарды еселік салыстыруға арналған есептер;

  • Саны бойынша үлесін табуға және үлесі бойынша санды табуға арналған есептер;

  • Бағасы, саны және құны; тік төртбұрыштың ұзындығы, ені және ауданы; бір заттың массасы, заттың саны және барлық заттың массасы, т.б. арасындағы тәуелділікке негізделген есептер.

6. 4-сыныпта қарастырылатын жай есептер

  • Амал қатынастарымен байланысты тура және жанама түрде тұжырымдалған жай есептер

М: Аққу 88 км, ал көгершін одан 26 км кем ұшты. Көгершін неше километр ұшты?

Аққу 88 км ұшты. Бұл көгершіннің ұшқанынан 26 км артық. Көгершін неше километр ұшты? (М-4, 23-б, №7)



  • Жылдымдық, уақыт және қашықтық арасындағы тәуелділікке негізделген жай есептер

7. Бастауыш сыныптарда қарастырылатын құрама есептер

  • Қозғалысқа берілген есептер.

М: Арасы 27 км екі ауылдан бір мезгілде екі жаяу адам бір-біріне қарама-қарсы шықты да, 3 сағаттан кейін кездесті. Біріншісінің жылдамдығы 4 км/сағ. Екіншісінің жылдамдығы қандай? (М-4, 110-б, №7)

  • Пропорционал бөлуге берілген есептер.

М: 4 кг картоп 64 теңге тұрады. Бағасы осындай 40 кг картоп қанша тұрады? (М-4, 88-б, №7)

  • Екі айырма бойынша белгісізді табуға арналған есептер.

М: Бір жәшікте 7 кг, ал екінші жәшікте 3 кг алма болды. Бірінші жәшіктегі алма екіншідегіден 320 теңге қымбат. Әр жәшіктегі алма қанша теңге тұрады? (М-4, 126-б, №5)

  • Біріге жұмыс жасауға” арналған есептер.

М: Шеберханада жөнделуге тиіс 18 аяқ киім бар. Мұны шебер 3 күнде, ал шебердің көмекшісі 6 күнде жөндейді. Егер осы жұмысты олар бірігіп істеген болса, онда олар неше күнде бітіреді? (М-4, 146-б, №7)

8. Есепті талдау үлгісі:

  • Есеп не жайында? (есеп екі рет оқылады, сөздік жұмысы жүргізіледі);

  • Есепте не белгілі? (бұдан есептің шарты шығады);

  • Есепте не белгісіз? (бұдан есептің сұрағы шығады);

  • Сұраққа бірден жауап бере аламыз ба?

  • Алдымен нені тауып алуға болады? (егер құрама есеп болса);

  • Қалай табамыз? Қандай амалмен табамыз? (егер берген сұраққа жауап берілмесе, жетекші сұрақтар қойылады);

  • Енді сұраққа жауап бердік пе? Есеп неше амалмен шығарылды?

9. Есеп шығаруда қолданылатын көрнекіліктер

  • Нақты заттық иллюстрация;

  • Схемалық иллюстрация;

  • Оқушының түсінігін басшылыққа алу;

  • Белгілі түсіндірмелердің үлгілері;

  • Есепті қысқаша жазу;

  • Тұжырымдалған жалпы ережеге сілтеме жасау;

  • Есептің мәтінін, яғни тек қана сөзді басшылыққа алу.

10. Есеппен байланысты шығармашылық жұмыстар:

  • Кері есептер құрастыру;

  • Тапсырманы есепке айналдыру;

  • Сурет бойынша есептер құрастыру және шығару;

  • Қысқаша жазу бойынша есептер құрастыру;

  • Есептің шартын не сұрағын түрлендіру;

  • Белгілі шешуі бойынша есептер құрастыру және шығару.

  • Сұраққа сәйкес есептің шартын іріктеп алу және керісінше.


ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ЕСЕПТЕУ ТӘСІЛДЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

1.Есептеу тәсілдерінің түрлері




2. Есептеудің “ерекше” жағдайлары

Есептеудің “ерекше” жағдайлары дегеніміз есептеулер жүргізуде 0 мен 1-дің қасиеттерін қолдану.

Есептеудің қосу және азайтумен байланысты “ерек-ше” жағдайлары 1-сыныпта “Он көле-міндегі сандар” та-қырыбын оқытып-үйрету барысында көрнекілікке сүйеніп түсіндіріледі.

  • Көбейту және бөлудің “ерекше” жағдайлары 3-сыныпта үш кезең бойынша оқытылады:

  • 1. Көбейту амалының анықтамасына сүйеніп, қорытынды айтылады. М: 0*3; 1*3. 1-ді 3-ке көбейту дегеніміз 1-ді көбейткіш ретінде үш рет ал деген сөз.

  • 2. 3*1; 3*0.

  • 3. Көбейту мен бөлудің өзара кері амалдар екендігіне сүйеніп түсіндіріледі.

М: 3:3; 3:1; 0:3.

3-ті 3-ке бөлгенде, 1 шығады, өйткені 1*3=3.

3-ті 1-ге бөлгенде, 3 шығады, өйткені 3*1=3.

0-ге бөлуге болмайды, М: 3:0=3 шықты делік.

Тексеріп көрелік: 3-ті 0-ге көбейткенде, 3 шығуы тиіс. Олай болуы мүмкін емес.


3. Көрнекіліктер























Каталог: docs
docs -> Рефераты қызылорда, 2013 ж
docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет